«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары


Әдістемелік кеңес қызметі арқылы әдістемелік жұмысты ұйымдастыру



бет6/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020
Биология факульт курсы (1), A ylshyn-tili-1 n s a, A ylshyn-tili-1 n s a, Тәулсіздік жетістіктері сын сагаты 6
Әдістемелік кеңес қызметі арқылы әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

Мектептің барлық мұғалімдері пәндік ӘБ-ге, яғни мектептің әдістемелік жүйесіне біріктірілген. 2019-2020 оқу жылында мектеп директорының бұйрығы бойынша мектепте 10 әдістемелік бірлестік құрылды: бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі (А.Қ.Абирбаева – жоғары біліктілік санатты мұғалім), қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі (Р.С.Абылханова – бірінші біліктілік санатты мұғалім), жаратылыстану циклі мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі ( – жоғары санатты мұғалім), математика пәні мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі (Н.А.Оспанова– бірінші санатты мұғалім), орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі ( - бірінші біліктілік санатты мұғалім), эстетикалық циклі пәндері мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі (Ж.Срайлова – бірінші біліктілік санатты мұғалім), шет тілдері пәні ӘБ жетекшісі (И.Т.Смайылова - бірінші біліктілік санатты мұғалім) , дене тәрбиесі ӘБ жетекшісі (Е.М.Оралбеков - бірінші біліктілік санатты мұғалім ), тарих география ӘБ жетекшісі (Л.К.Смагулова - жоғары біліктілік санатты мұғалім ), көркем еңбек, технология, музыка пәндері мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі ( – бірінші біліктілік санатты мұғалім).

Барлық әдістемелік бірлестіктері төмендегідей мақсатты жұмыстарды жүзеге асырады:


1. Сабақты ұйымдастыру әдістері мен түрлерін жаңашаландыруға ерекше көңіл бөлу.
2. Озық тәжірибені практикаға енгізу мен қолдану, меңгеру бойынша жұмысты мұқият және нақты жүргізу.
3. Әдістемелік бірлестіктерге өз қызметінің негізі ретінде оқу материалының басты тақырыптары бойынша пәнаралық байланыс орнату.
4. Педагогикалық тәжірибесі аз мұғалімдердің жұмысына ерекше көңіл аудару.
5. Өз білімін көтеру, сабақтың қызықты әдіс – тәсілдері бойынша материалдарды баспаға дайындау.
6. Қалыптастырушы және критериалды бағалауды тиімді қолдану.
7. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптарды меңгеру.
8. Педкеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және педагогикалық кеңестер мерзімінде ұйымдастырылып, жүйелі түрде жоспарға сәйкес төмендегідей тақырыптармен өткізілді: «Жаңартылған білім жүйесіндегі заманауи мектеп», "Мектептегі баға: мәселелер, ізденушілік, табыс", «Оқыту сапасын көтеру құралы ретінде мектептегі үлгермеушіліктің алдын алу жүйесін құру», «Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білім негізі », "Денсаулық мәдениеті. Мектеп - бала мен ересектердің физиологиялық және ақыл-ес саулығының тасымалдаушысы", «Оқу жылын қорытындылау», «Мектептің бейіндік жүйесіндегі білім сапасы мониторингі», «9-сынып оқушыларының негізгі жалпы білім курсы үшін қорытынды аттестаттауының нәтижесі», «11-сынып оқушыларының негізгі (толық) білім курсы үшін қорытынды аттестаттауының нәтижесі».
Мектептің әдістемелік тақырыбы бойынша атқарылған жұмыс есебінің негізінде «Сапалы білім беру – қоғамдық сананы жаңғыртудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Педагогикалық шеберлікті жетілдіру мектебі» жұмысын ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет