1. Кіріспе. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті



Дата11.12.2021
өлшемі30,78 Kb.
#79048
Байланысты:
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәні. Темиралиев Казыбек
Психпед карт (2), Психпед карт (2)

1. Кіріспе. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

1. ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақ даласындағы тарихи жəне қоғамдық-əлеуметтік жағдай сипаты.

ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде М.Дулатов 1907 жылы жазған " Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: " ...ең алдымен қазақ халқы — Ресейге тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.... Өздеріңіз көп жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып—соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді... .

Қазақ əдебиетінің тарихының күрделі кезеңі мен тұтас дəуірінің болмыс-бітімін тануда əр ғасырдың алар орыны айрықша болып табылады. Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін зерттеуде орын алып отырған басты кемшіліктерді: «Бізде ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін менсінбеушiлік, жете бағаламаушылық болды; кейбір даурықпалар ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті идеялық, көркемдік дəрежесі төмен, ескішіл, ұлтшыл əдебиет, тіпті ХХ ғасыр басында бізде шын мағынасындағы əдебиет болған жоқ десті. Осыдан ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін зерттеп, бастыруға жете көңіл бөлінбеді»— деп көрсетті. Əсіресе өткен дəуір мұрасын бағалау мен зерттеудің əдіснамалық негіздерінің қателіктерін дұрыс көрсетіп, ақын-жазушылар дүниетанымындағы қайшылықтардың туындауына жете үңілу керектігін, əдебиеттің тұтас тарихын жазу, оған назардан тыс қалып келе жатқан қаламгерлердің барлығын да енгізу туралы келелі ойларын бүкпесіз жеткізді. Ғалым: «Дұрысында, тарихта болған, заманында өзінің шамасы келгенше қоғамдық, прогресшіл қызмет атқарып, əлеуметтік, мəдени, əдеби мəні бар азды-көпті шығармалар қалдырған ақын, жазушылардың бəрінің де аттары аталуға, қызметтері мен шығармалары көрсетілуге, зерттелуге тиісті; саяси жəне басқа үлкен қылмысы барлары болмаса, аттары аталмайтын, қызметтері мен шығармалары көрсетілмейтін ақын, жазушылар болмауға тиісті» — деген таза ғылыми жəне азаматтық ұстанымда болды. Сол арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін кешенді зерттеу мəселесін күн тəртібіне өткір қойды. Зерттеуші пікірінің астарында Алаш қалам қайраткерлерінің де мұрасы ескерілуі тиіс деген емеурін жатқанын аңғарамыз. Өйткені ғалым өзінің «Өтелмеген парыз» мақаласындағы елдікпен сабақтасып жатқан ойларынан, азаматтық ұстанымынан бір табан шегініс жасағаны жоқ

2. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары алдында тұрған басты мəселелер.



ХХ ғасырдың басы – қазақ қоғамының рухани тұрғыдан серпіліп, ұлттық сананың оянған кезеңі болды. Ұлт қамын ойлаған қазақтың зиялы азаматтары адамзат тарихының көшінен қағаберіс қалып, бейқам жатқан елдің тығырықтан шығар жолын іздеп, шарқ ұрды. Одан шығудың бірден-бір негізгі жолы – «өнер-білімге тартылып, алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылу» деп біліп, ағартушылық идеясын, ұлттық сананы көтеру идеясын ұстанды. Бұл жолда ұлттық мәдениеттің, әсіресе тілдің алар орны ерекше болатынын терең түсінді. Осыған байланысты Ә.Бөкейханов: «Қазақтың ұлт болып, өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек», – деп жазды.

ХХ ғасырдың басында орталық Қазақстанда туып, ұлтының тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары — Ə. Бөкейханов, Н. Нұрмақов, Ж. Сəдуақасов, Ж. Ақбаев, тағы басқалардың еңбегінде қазақ халқының тəуелсіздігі, жерінің азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар, азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдар жасалған.

Қазақ халқының тəуелсіздігі үшін күрескен М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ə. Бөкейхановтарды қазақ халқының айы мен күніне теңеген. Осы шығармасында ұлт мақсаты — тəуелсіз болу, сол жолда жүрегін, жанын аямай жүрген Алаш азаматтарының бейнесін жасайды. Олардың еңбектерін көрсете білген ақын сол арқылы өзі де сол тəуелсіздік алу жолында күрескеннін көруге болады. Қазақ даласында құрылған «Алаш» партиясы құрылып, оның бағдарламасы қабылданған шақта қазақ зиялыларының ел бірлігі, жер жайы, болашақ тəуелсіз мемлекет кұру туралы идеялары ақын жырларында жан-жақты берілген. Мемлекеттің болашағы жастар, олардың іскерлігі, білімділігі деп Президент Н. Назарбаев көрсеткендей, өз заманында елдің тағдырын шешетін, істерге білімді, ұлтжанды жас қазақ азаматтарының саяси сахнаға шығуы, олардың атқарған ерен еңбектерін көріп бағалай білді.

3. ХХ ғасыр басындағы басылымдар жəне олардың қазақ руханиятындағы орны.

Х ғасырдың басында мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты ХХ ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда елеулі дамыды. ХІХ ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петерборда редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді. Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаммеджан Сералин болды. Журанал әдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты, онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы, Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа, қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913 -1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Әлихан Бөкейханның ауыз әдебиеті мен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі жұмыстарына көп орын берілді.

4. ХХ ғасыр басындағы «Алашшыл» идея орнығуының тарихи негіздері.

5. ХХ ғасыр бас кезіндегі əдебиеттегі көрнекті тұлғалар мен олардың басты шығармалары.

XX ғасырдың басында қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмысы екі түрлі бағытта дамып отырды. Оның бірі – мұсылманша, екіншісі – орыс тілінде жүргізілді. Ал, XІX ғасырдың ортасынан бастап кітап шығару мәселесі қолға алына салысымен-ақ, қазақ этнографиясын, тарихын, тілі мен әдебиетін зерттеушілер шыға бастады. Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, ақын-жазушылардың шығармалары кітап етіп бастырылып жатты. Бір айта кетерлігі – орыс әрпімен қазақ тіліндегі кітаптар шығарыла бастады. Осыған байланысты «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» атты кітапта Шоқан Уәлихановтың, Ыбрай Алтынсариннің, Әубәкір Диваетың, Г.Н.Потаниннің және т.б. еңбектерінде жарияланғаны жөнінде айтылады.



Қазақ тілінде кітап басып шығару XX ғасырдың басында жаңа қарқынмен дами бастады. 1900 жыл мен 1917 жыл арасында 200 кітап басылып шықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет