1. Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды



бет3/5
Дата16.02.2022
өлшемі24,42 Kb.
#131949
1   2   3   4   5
Байланысты:
1. ҚҚЗТ Семинар. ЭССЕ
2.СӨЖ.ҚЖЗТ.Жүрсінәлі Ернар, Тілеуберген Санжар СӨЖ 1. АЗИЯ және АФРИКА, 1.СӨЖ. АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР, 1.СӨЖ. МҰРАҒАТТАНУ. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР, 2.СӨЖ.ҚЖЗТ.Жүрсінәлі Ернар (1), 1.СӨЖ.ҚҚЗТ.Жүрсінәлі Ернар, Диоклетиан реформалары, ФИЛОСОФИЯ СРС4.Жүрсінәлі Ернар, ФИЛОСОФИЯ.СӨЖ.5. Жүрсінәлі Ернар, ИСПАНИЯНЫҢ МҰРАҒАТ ІСІ, АНГЛИЯНЫҢ МҰРАҒАТ ІСІ, ҚЖЗТ СӨЖ.Жүрсінәлі ЕРНАР, Архивтану тарихы, Основы Архивоведения
Қазақ хандығы
Қазақ хандығы Алтын Орданың тікелей мирасқорлары 1465 жылы Ақ Орда ханы Ұрыстың ұрпақтары Керей мен Жәнібек және артынан ерген қалың жұрты арқылы Қозыбасы тауында құрылады. 1457 жылы Әбілхайыр хан Сығанақ жоңғарлар масқара жеңіліске ұшырады, ал бұл соғысқа Керей мен Жәнібек қатыспаған болатын. Әбілхайыр өзіне көмектеспегендерді жазалауға кіріскенде және қос сұлтан астындағы халықтың жайылым жерлерін қысқартып тастағандықтан Керей мен Жәнібек бөлініп кетеді. Ал ауыз әдебиетіне сүйенсек Қарақыпшақ Қобыланды Арғын Ақжол биді яғни Дайырқожаны өлтіргендіктен және Әбілхайыр ханнан Ақжол бидің құнын сұрағанда, Қобыландыны бермегендіктен Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен. Дәл осы кезде Моғолстан ханы Есенбұғаға қос сұлтан қоныс аударуы өте қатты көмегін берген өйткені М.Х Дулатидің жазуында «Есенбұға хан Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алды» делінген және сұлтандарға Мәуеренахрмен шектес Шу, Бадам, Талас өзендерімен Қозыбасы тауын қоныс етіп берген. Оның себебі Әбілхайыр ханнан және басқада жауларынан қорғану. Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды.Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлар өркен жайып, қалалық сауда-саттық жүйесі қалыптасып, «Жеті Жарғы» аталатын дала заңының жиынтығы бекітілді. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып, орасан зор аймақты қамтыған, әрі өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы ірі құрылымның біріне айналды. Қазақ хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның жанында билер мен батырлар тұрды. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұйысудың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. Осылайша, Қазақ хандығы біріншіден, қазақ даласында өмір сүрген қағанаттар мен мемлекеттердің заңды мұрагері болса, екіншіден, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына тарихи сабақтастық ретінде идеологиялық тұрғыдан бірден-бір негіз қалады. Қазақ хандығының тарихындағы маңызды және күрделі, әрі аса қызықты мәселенің бірі – хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы 2,5 мың жылдай уақытқа созылған этнопроцесс өзінің мәресіне жетіп, ұлттық сипатқа ие болып, қазақ халқының қалыптасуымен бір кезеңде жүзеге асты. Қазақ хандығын Керей ханның ұрпағы Бұрындықтан кейін тек қана Жәнібек ханның ұрпақтары басқарған. Қасым хан өзінің заң жинағын шығарған ол «Қасым ханның қасқа жолы» атымен белгілі, одан кейін Есім ханның Ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы атты заң жинақтары болған. Әбілхайыр хан тұсында бірте-бірте қазақ халқы Ресейдің құрамына кіре бастаған, Абылай хан тұсында үш жүз біріккен, бірақ Абылайдың ұрпағы Кеңесары хан қырғыз манаптарының қолынан қаза болғанда қазақтар толығымен тәуелсіздігінен айырылды. Осыдан кейін Қазақ хандығы құлатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет