1 Менеджмент туралы түсінік Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»



бет2/7
Дата05.09.2020
өлшемі32,09 Kb.
#77173
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1мен
1мен, 1мен, 1мен, стиль, 1мен
Менеджмент мағынасы – материалдық, адам, физикалық және ақпараттық ресурстарды басқару.

Менеджмент түсінігі:



  1. Қызмет түрі (синонимы басқару)

  2. менеджер = басқарушы, жетекші. Директорларкеңесі

  3. білім саласы (бизнес мектептері, жоғарғы білім, степень МВА, HBS, INSEAD,LBS, Wharton)

Менеджмент = ғылым+тәжірибе+өнер, шеберлік.

Менеджер дегенімізқол астындағы жұмысшылар саны бір немесе одан да көп адам.

Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновация, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.

Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, Друкердің түсіндіруінше – жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі, практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет