1 Менеджмент туралы түсінік Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Минцбург бойынша менеджерлер рөлі



бет3/3
Дата25.01.2022
өлшемі31,32 Kb.
#114465
1   2   3
Байланысты:
3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент
Сарышова К. Фразеологизмдер, №17 лекция, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, 15078865, 15078865, Мысал, анатомия, лекциялар жинагы, лекциялар жинагы, хим конспект 6
Минцбург бойынша менеджерлер рөлі

  1. тұлғааралық рөлдер

    • Басшы (әлеуметтік, құқықтық)

    • Көшбасшы – қоластындағы жұмысшыларды ынталандыруға жауапты.

    • Байланыстырушы звено – адамдармен жұмыс

  2. Ақпараттық рөлдер.

  • Ақпаратты қабылдау – сыртқы ортадан ақпарат алу

  • Ақпаратты таратушы – ақпаратты тасымалдайды

  • Өкіл – жоспардан тыс ақпаратты таратушы

  1. Шешім қабылдау барысындағы рөлдер

  • Кәсіпкер – жаңа жобаларды тауып құрастырады

  • Қателерді жоюшы – қателерді жөндейді

  • Ресурстарды бөлуші – маңызды шешімдерді қабылдайды

  • Келісімдер жүргізуші – келісім жүргізу жауапты

Менеджер функциялары:

  1. Мәселені анықтау

  2. Мәселені шешу

  3. Персоналмен жұмыс

  4. Келісімдер жүргізу

Барлық менеджмент үшін олардың қызмет орнына қарамастан ортақ қызмет болады.

А) Менеджер іскер кәсіпорын мақсатын орындайды.Сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады.

Ә) Менеджер ұйымдастырушы болуы қажет.

Б) Менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз ететін тығыз байланыс орнатады.

В) Менеджер ұйым іс- әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді.

Г) Менеджер адамның қызмет жағынан кемелденіп, жоғарлатуын қамтамасыз етеді.

Әрбір менеджер, - деп тұжырымдайды Друкер, - өзіне есеп берсін, мейлі бермесін, жоғарыда аталған функцияларды міндетті түрде атқаруы тиіс. Ол бұлардың барлығын жақсы атқаруы да, жаман атқаруы да мүмкін, бірақ ол әйтеуір орындауы қажет. Мұндағы бір ескеретін жайт, осы аталған функциялардың әрқайсысы жеке элементтерден құралған жиынтық форма болып саналады. Сонымен, қорытындылай келгенде менеджер жұмысы күрделі комплекс (жиынтық) болып саналады, жәнеде функцияның әрбір категориясын орындау үшін алуан түрлі сапа мен біліктілікті қажет етеді.

Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтан да ол «бесаспап данышпан» болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден бір құралы – жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы да тиіс.

Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі – келіссөз жүргізе білуі - әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай –ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.

Гринхалдың пікірінше, келіссөзді ойдағыдай жүргізе білу шеберлігі төрт кезеңнен тұрады:

1. өз ұйымының мұқтажы мен өз қызметкерлерінің мүддесі үшін немесе өзінің келісім жасайтын адамдар арасында тепе-теңдік қарым-қатынас орнату қажет;

2. өзің келісім жүргізетін жақты ұнататындығы, оның пікірлерін ескеретіндігін білдір;

3. келісім кезінде қайшылық туа қалған жағдайда айқын позиция ұста. Мұндайда «Мен бұған келісе алмаймын», - деп айтуды үйрен жәнеде не себепті келісе алмайтыныңызды айқын түсіндір.

4. өзіңізбен әңгімелесіп отырған адамның басқа мәдени дәстүрде тәрбиеленуі мүмкін екендігін ұмытуға болмайды. Проблеманы шешудің американдық жолы – бірден бір дұрыс жол деп ойлауға болмайды. «Әңгімелесушіге өктемдік ету – келісім жүргізудің тұрпайы әдісі. Біз адамдарды ұзақ мерзімдік іскерлік қарым-қатынас орнатуға үйретеміз» (Грихал).

Хейстің пікірінше, менеджердің тікелей міндеті – жұмысшыларды эксперимент жүргізе білуге, өндірістің тиімді тәсілдерін іздестіруге ықпал ету. Ол жұмысшыларды баулудың бақылау тәсілі ретінде қызметкерлерді басқа кәсіпорындар мен сауда көрмелеріне жіберіп отыруды, сатып алушылар мен кездесу өткізуді жәнеде мүмкіндігіне қарай жарыс ұйымдастыруды ұсынады.
3 Менеджменттің даму кезеңдері

Алғашында менеджментті жалпы алғанда адамдар топталып жұмыс істеген жерде адамдардың қоғамдық үш сферасында болған.

А) Саяси сфера – топтар арасында тәртіпті қабылдау үшін болды.

Ә) Экономикалық сфера – өндірісті және ресурстарды топтау және анықтау.

Б) Қорғаныс сферасы – бұл жаулардан және жабайы аңдардан қорғану үшін.

Ерте қоғам кезінде адамның қызметін бағыттап отыру үшін адамдар қажет болды. Мысалы: Египеттік пирамида басқарушы өнердің ескерткіші болып табылады. Өйткені ондай құбылыстарды мұқият жоспарлау, көп адам жұмыс жасағандықтан солардың қызметін қадағалау қажет болды.

Менеджмент даму кезеңдерін теория және практикаға қарап отырып мынадай тарихи кезеңге бөлуге болады.

1. Ежелгі кезең б.з.д. 9 – 7 ғ. бастап бұл ең ұзақ дамыған кезең. Қазіргі 18 ғасырға дейін қамтыды. Кезең бастапқыда басқару тәжірибесі өте баяу жиналды. Алғашқы қауымдық құрылыс бірігіп етуді басқару және ұйымдастыру үшін 9 – 7 мың. жылдары таяу Шығыста шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне көшу барысында, яғни өндіруші экономикалық басталды. Менеджменттің дамуынан осы өндірістік экономикалық көшу көп әсерін тигізді. Ежелгі Египет мемлекеттік шаруашылықты басқарудың үлкен тәжірибесі болды. Бұл уақытта дамыған мемлекеттік басқару аппараты және оларға қызмет ететін топ қалыптасты.

Сократ грек философы басқаруды ерекше қызмет сферасы деп сипаттама берді.Ол әр түрлі басқару формалар таңдау негізінде басқарудың жан – жақты принципін алға қойды.

Платон (428-348ж.ж.) мемлекеттік басқару формаларын классификациясын жасады.

Александр Македонский б.з.д. 356 – 323 ж. ж. теориясын жауынгерлерді басқару және практикасын жасады.

2. Индустриялық кезең (1776-890ж.ж.) Бұл кезеңге мемлекеттік басқарудың дамуын А. Смит ол тек классикалық өкілі ғана емес. Ол еңбектің әр түрлі формалардың бөлінуі мемлекет пен мемлекет басшысына сипаттама берді. Қазіргі заманға ғылыми бағыттармен менеджмент мектептері қалыптасты. Р. Оуэннің еңбектері көп әсер етеді. Р. Оуэннің өндірісті басқару әділеттілігі және жұмысының еңбек және жұмыс жағдайын жоғарлату мәселелері қазір маңызды байланысты. Басқару теорияның есептеу техниканың шығуы және пайдалануына байланысты. 1883 жылы ағылшын математигі Гэобидж қазіргі заманғы цифрлы машинаның үлгісі аналитикалық машина жобасын жасады. Оның көмегімен сол уақытынан бастап, басқару шешімдері оперативті түрде қабылдана бастады.

3. Жүйелеу кезеңі 1856 – 1960 ж. ж. Басқару туралы ғылым үнемі қозғалыста болды. Жаңа бағытта мектептер қалыптасты. Ғылыми аппараттар өзгерді. Уақыт ағымына байланысты менеджменттің басқару тәсілдерінің зерттеуінің бағыттары өзгереді. Негізінен алғанда менеджмент 19 ғасырда өндірістік революция нәтижесінде пайда болды. Өндірістің алғашқы типі фабриканың пайда болуын көптеген адамдарды жұмысын қамтитын қажеттілігі жекелеген қожайынның олардың басқаруынан мүмкіндік болған жоқ. Соның нәтижесінде ең жақсы жұмысшылар таңдап, оларды оқыта бастады. Олар алғашқы менеджер болып табылады. Менеджмент облысындағы алғашқы зерттеулер классикалық мектеп арқылы жасалынады. Зерттеулер нәтижесінде адамдар қасиеттер бойынша параметрлі анықтап көмектесе алмады.Қорытындыда мінез – құлық концепциясы маңызды емес тұжырымға келуге болады.Менеджментке ғылым ретінде қарау құралы алғашқы қадамды Ф. Тейлор жасады. Ол адам тиімділігі емес, ұйым қызметінің тиімділігіне қарады. Ғылыми басқару мектебінің дамуына әкелді. Ғылыми басқару концепциясы арқылы менеджмент тұрақты ғылыми зерттеу Тейлор өзінің фабрикалы басқару менеджмент. Еңбектің түрі ғылыми қалыптасты Жилберт есімдерімен байланысты. Олар еңбек қозғалысы аймағына зерттеулер жүргізді. Хронометражды сонымен қатар жұмыс орнының ұйымдастыру ғылыми принцпін жасады. 1916 жылы зерттеуде тұтас бағыт қалыптасқан. Алғашқы ғылыми мектеп бірнеше атаумен аталады.

а) Ғылыми

ә) Классикалық

б) Дәстүрлі

Бұл идеяның басқаруының бірі Анри Файоль болды. Ол басқару процесін бес негізгі функцияға бөледі:

а) Жоспарлау

ә) Ұйымдастыру

б) Мамандарды таңдау, орналастыру

в) Ынталандыру ( мотивация )

г) Бақылау

Файоль еңбегінің арқасында фирманың ұйымдастырушылық құрылымы деген ұғым қалыптасты. Файольмен жасалған принциптерін басқарушының бір түрі әкімшілік, тұрақты қорытындысы деп мойындады. Менеджмент облысындағы дамудың тағы бір кезеңі 1930 жыл. Осы мектептің өкілі Оуэн фабрикадағы адам жағдайын жасады. Адамгершілік мектебі пайда болды. Бихеовиристік мектеп (тәртіп) мінез құлықтарын бақылады.

5.Ақпараттық кезең 1960 – 2000. Осы кезден сандық ықпал пайда болды.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Менеджерлерге қойылатын талаптарға сай, басқару жұмысын ұйымдастыру

2. Кейбір кәсіпкерлерге тән кемшіліктерге сипаттама беру

3. Менеджерлердің іс-әрекетінің бағыттары



4. Менеджерлерге қойылатын талаптар (АҚШ, Жапон елдерінде)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет