1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет17/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
33-мәтін
Көлеңкеде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан жеті-сегіз жасар балаға қарай айыр тілін сумаңдатып, улы жылан жақындап келеді. Күтпеген жерден, қайдан шыға келгені белгісіз, бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кес-кестей берді. Жылан да атылуға айналғандай шиыршық атып, айбат шегіп, ысқырып жіберді. Құс аяғын санап басып, жақындай түсті. Бала жайына қалды. Екі түз тағысының адам үшін шайқасы басталып кетті. Жылан шабуылды үдете түсті. Бірақ құс та тез жалтарып,оның улы тісін бойына дарытатын емес. Міне, жылан тағы шап берді. Құс құйрығымен жер тіреп, жалтара берді де, жылан басын қайтарып тартып аламын дегенше, өткір тұмсығымен оны төбесінен шоқып-шоқып алды. Жылан жан сауғалап, жиырыла кейін шегінді. Бірақ ашулы құс шаңқылдап, үсті-үстіне шоқи берді, шоқи берді.
Бала оянып кетті. Ол қимылсыз бауыры жалтыраған улы жыланды, оның жанында ауыр дем алып жатқан құсты көріп, таң қалды. Мұның екеуін бірдей кім өлтіріп кеткенін білмей, аңырып, жан-жағына қарады. Жүрегі әлсіз ғана соғып жатқан мына кішкене құстың өзі үшін мерт болғанын бала түсінбеді.

Көлеңке-тенёк
Қаннен-қаперсіз – спокойно,беззаботно
Жеті-сегіз жасар – в возрасте семи-восьми лет
Қарай – в сторону
Айыр тіл – узкий длинный и острый (как вилка) язык (змеи)
Сумаңдатып – высунув
Улы-ядовитый
Жақындап келеді – приближается
Күтпеген жерден – неожиданно
Белгісіз – неизвестно
Арасына түсіп – встал между ними
Кес-кестей берді – стал мешать, не пропускать, недавать пройти
Атылуға айналғандай – как-будто хотел напасть
Шиыршық атып – стал напрягаться (агрессивно)
Айбат шегіп – угрожая напасть
Ысқырып жіберді – свистнул (змея)
Санап басып – считая шаги (направлялся)
Жақындай түсті – приблизился
Жайына қалды – остался сам по себе
Түз тағысы – дикие существа
Адам үшін – ради человека
Шайқас – бой, война
Шабуыл – нападение
Үдете түсті – усилил
Тез жалтарып – быстро отвернувшись
Бойына дарытатын емес – не подпускал к себе
Шап берді – напал
Жер тіреп – оперевшись на землю
Өткір – острый
Тұмсық – клюв
Төбесінен-сверху
Шоқып-шоқып алды – заклевал
Кейін шегінді – уходил назад
Жиырылып – съежившись
Жан сауғалап(фраз.)- желая спастись, избегая
Ашулы – разгневанный
Шаңқылдап – клекотая
Оянып кетті – проснулся
Қимылсыз – неподвижно
Бауыры жалтыраған улы жылан – убитая ядовитая змея (здесь, в тексте)
Ауыр дем алып жатқан – тяжело дышащий
Кім өлтіріп кеткенін – кто убил
Аңырып – не понимая
Жан-жағына қарады – смотрел по сторонам
Әлсіз – слабо
Соғып жатқан – бьется
Мерт болған – умер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   100




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет