1. Микроэволюция терминінің мағынасын түсіндір Эндемик дегеніміз не?



Дата07.02.2022
өлшемі18,03 Kb.
#94978
Байланысты:
Микроэволюция
1510691601359 дәріс, 8 тақырып презентация, 8 пед Асель, 8 пед Асель, New English File Upper intermediate Workbook, sabaq-kz attachment 10-synyp-oamdy-gumanitarly-bayt-mzh

1. Микроэволюция терминінің мағынасын түсіндір
2. Эндемик дегеніміз не?
3. Түрше, популяция, географиялық экологиялық түр түзу дегеніміз не?
4. Микроэволюция ұғымы қандай үдерісті қамтиды? Оның нәтижелері қандай?

1)Микроэволюция – бір түрге жататын популяциялар ішінде жүретін әрі сол популяциялардың гендік қорының өзгеруіне және жаңа түрлердің пайда болуына алып келетін эволюциялық процестердің жиынтығы. Микроэволюция терминін ғылымға енгізген Ресей ғалымы Н.В. Тимофеев-Ресовский (1938 жылы). Микроэволюция мутациялық өзгергіштіктің негізінде табиғи сұрыпталудың нәтижесінде жүзеге асады. Микроэволюция негізінде эволюциялық факторлардың (мутация, миграция, оқшаулану, тіршілік үшін күрес, сұрыпталу, т.б.) әсерімен популяциядағы генотиптік құрамның өзгеруі нәтижесінде сол популяцияда жаңа түр пайда болады. Микроэволюция процесінің жүзеге асуына популяция санының ауытқуы, олардың арасындағы генетикалық ақпараттардың алмасуы, оқшаулану және гендердің ығысуы (дрейфі) әсер етеді. Микроэволюция тұтастай алғандағы биологиялық түрдің бүкіл гендік қорының өзгеруіне немесе кейбір популяцияның оқшаулануы кезінде ата-аналарынан өзгеше жаңа бір түрдің пайда болуына алып келеді. Микроэволюциялық зерттеулер нәтижелі болу үшін популяцияның генетик. құрылымы және оның динамикасы қарастырылады. Дарвин құрған түрлердің шығу тегі туралы теорияның негізінде мынадай принципиалды маңызды жағдайлар жатыр:


1.Түрдің филогениялық өзгеруі әрқашан орта жағдайлардың өзгерісіне байланысты туады.
2.Жаңа түрдің түзілуі түр ішіндегі жаңа формалардың қалыптасуынан басталады. Дарвин бұларды түршелер деп атады.
3.Табиғи сұрыптау нәтижесінде жаңа органикалық формалар өзгерген жағдайларға бейімделіп отырады.
4.Жаңа түрлердің пайда болуы — ұзақ тарихи процесс.
5.Филогенездің негізгі бағыты дивергенция болып табылады,алайда конвергенциялық формалар да пайда болуы мүмкін.
6.Жануарлар мен өсімдіктердің әрбір тобы әрқашан бар негізден (шығу тегі монофилиялы) шығады. Дарвиннің түрлердің шығу тегі туралы теория құрғанынажүз жылдан артық уақыт өтті. Бұл осы уақыттың ішінде органикалық дүниені танудың күшті құралына айналды. Биологиялық пәндердің бүкіл даму жолы бұл теорияның негізгі жағдайларының дүрыстығын дәлелдеді. Жаңа ашылған фактылар бұлтеорияны байытып және әрі қарай дамытып келеді. Бүл жөніндедивергенция процесінің бастапқы және ақырғы фазаларын айқындайтын жаңа зерттеулердің ерекше маңызыбар.Қазіргі кездегі популяциялық экология микроэволюциялық процестің мәнісін түсіндіруде көп жаңалықтар ендіріп отыр. Микроэволюция дегеніміз -популяциялардың ішікіде жүретін және түрдін, әртүрлі дәрежедегі түр ішіндегі топтарға бөлінуіне себеп болатынэволюциялық процесс. Басқаша айтқанда, микроэволюция популяция дәрежесінде жүретін процесс.

2) Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар. Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды. Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады. Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 – 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы; Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпіршөбі, т.б. Тек республика аумағында ғана кездесетін жануарлардың Эндемик түрлеріне – Түркістан шаяны, Балқаш алабұғасы, Жетісу бақатісі, Қарабалық, Іле жорға торғайы, Көкқұс, Арал қаязы, Шу сүйрік қанаты,Тарғақ, Жұпар, Қаратау арқары, Жалман, т.б. жатады. Эндемик түрлердің көпшілігі сирек кездесетіндіктен, әрі ғылыми тұрғыдан толық зерттелмегендіктен Қазақстанның “Қызыл кітабына” (1981, 1996, 2006) енгізілген. Мұндай Эндемик түрлер қатаң қорғауды қажет етеді



3) Түрше - өсімдікдер мен жануарлардың таксономиялық категориясы. Бұл түрдің географиялық жағынан жекелеген популяциялардың жиынтығы. Олардың көпшілік осы түрге жататын басқа популяциялардың даралықтардан бір немесе бірнеше белгілер бойынша ерекшеленеді.
Географиялық түр түзілу – популяцияда географиялық изоляция әсерімен жаңа түрлердің жасалуы, олардың кеңеюі немесе бөлшектенуі арқылы.
Экологиялық түр түзілу – белгілі бір түрдің ареалы ішінде популяция дараларының жаңа тіршілік ортасын игеруі арқылы түзілген жаңа түрлер.Көбею мерзіміне байланысты.
Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке,бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады. Популяция туралы түсінік әрбір түр белгілі бір аумақта - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір-бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы. «Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды. «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады. Бір популяцияға жататын азғалар бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда тұраралық қарым-қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік түруші қарым қатынастары - бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар. Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті - олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуан түрлілігіне, құрылымдық - Функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады. Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: ағза-популяция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера Функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады. Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың Филогенетикалық байланысын: ағза-популяция-түр-тұыстұқымдас-отряд-класс-патшалық көрсететін генетикалық- эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық бірлігі.
4) Микроэволюция дегенiміз -популяциялардың iшiнде жүретiн, түрдiң әртүрлi дәрежеде түр iшiндегi топтарға бөлiнуiне себеп болатын, нәтижесінде түр түзілу жүретін эволюциялық қайтымсыз әрекет. Басқаша айтқанда микроэволюция - популяция дәрежесiнде жүретiн әрекет. Эволюциялық дамудың негізгі элементтері популяциядан басталады. Микроэволюция нәтижесінде жаңа түрлер пайда болады. Түрдің пайда болуы микроэволюциялық әрекеттің шегі болып табылады. Микроэволюция бір-біріне қарама-қарсы екі әрекеттен тұрады. Бір жағынан популяция ішінде мутациялар мен жаңа үйлесімдер-комбинациялар генетикалық алуан түрлілілік тудырса, екінші жағынан сұрыптау жүріп, бейімділігі төмен өкілдер элиминацияға ұшырап, популяция біркелкілігіне әкеліп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет