1. Мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасаудың жолдарын анықтаңыз?



Дата14.12.2021
өлшемі13,64 Kb.
#100440
түріОқулық
Байланысты:
инкл 14 апта


Бақылау сұрақтары:

1. Мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасаудың жолдарын анықтаңыз?



Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады . Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап , үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн . Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып , өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын.  Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды , қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп , танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек . Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып , өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық - педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді .
2. Сабақтан тыс уақытта мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс түрлерін атаңыз?

Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. Оқу процесін ұйымдастыру арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдануды, 25 бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық (алдын ала) оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы ауытқуды түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді қарастырады. Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім беретін пән сабақтарында бекітіледі. Арнайы сыныптар бұзылыс түрлері бойынша сараланады – есту, көру, ақыл-ой дамуы, сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары, психикалық дамуының тежелуі бар, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстары. Олар контингент болған жағдайда, сонымен қатар ата-аналардың балаларын арнайы сыныптарда оқытуға ниеті болғанда ашылады. Бұл жағдайда барлық сабақтан тыс іс-шаралар (үйірмелер, факультативтер, спорттық, тәрбиелік), қалыпты сынып оқушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.


3. Жалпы білім беретін мектептердің жанынан инклюзивті сыныптарды ашудың артықшылығын артықшылығы атаңыз?

Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдіруде. Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының негізгі құралы. Инклюзивті білім беру – сау балалармен бірге жалпы білім беру мектептерде немесе арнайы құрастырған топтарда, сыныптарда дамуда мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту .Инклюзивтің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді.Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады.Бүгінгі таңда іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, елімізге мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің ұлттық бағдарламасын жасау қажет.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы мекемелерде оқытылатындықтан, олар өзге балалардан бөлектенген.Бұл мекемелерде көбінесе медициналық әдістемелер қолданылады. Қазақстанда қазір оларда бір жағынан кемістік болғанымен, екінші жағынан олардың да дені сау екендігін түсіндіріп, оларды дені сау балалармен қатар, жалпы ортаға бейімдеу керек. Тек олардың сырқаты мен өзгешеліктерін ескере отырып, жай мектептің оқу бағдарламасына кіріктірген жөн.Ол үшін мемлекеттік деңгейде стратегиялық реформа жүргізу керек. Мемлекеттік деңгейде мектептерге және мектепке дейінгі ұйымдарға жаңа стандарттар енгізіліп, жүйе өзгертілгеннен соң ғана құрал-жабдықтар, ғимараттар  бейімделеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет