1 Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру


Жүргізуші: Таныстыру кезеңі бойынша әділқазылардан бағалауын сұраймыз. Жүргізуші



бет2/5
Дата01.06.2020
өлшемі27,72 Kb.
#71998
1   2   3   4   5
Байланысты:
Білгір студент декабрь
1541707557
Жүргізуші: Таныстыру кезеңі бойынша әділқазылардан бағалауын сұраймыз.

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда, - дей келе бірінші кезеңіміз
«Бәйгені» бастайық. Бұл кезеңде студенттер қойылған сұрақтарға жылдам жауап беріп балл жинауға тырысуы керек. Әрбір дұрыс жауап берілген сұрақтарға 1 ұпай беріледі. Сіздерге сәттілік тілеймін!




  1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)

  2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)

  3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)

  4. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)

  5. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

  6. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)

  7. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)

  8. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)

  9. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)

  10. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)

  11. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)

  12. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

  13. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....

  14. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)

  15. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)

  16. Қазақстан Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991ж)

  17. Абайдың шын есімі (Ибраһим )

  18. Тіл туралы заң қашан қабылданды . (1989 ж 22 қыркүйек)

  19. Хобда , Нева суларын сүйіп өскен қазақтың батыр қызы (А. Молдағұлова)

  20. Атақты қазақ суретшісі кім?(Әбілхан Қастеев)

  21. Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған палуан ?

  22. ( Қажымұқан Мұнайтпасов)

  23. Абай жолы романының авторы (М .Әуезов)

  24. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай басталады (Кел , балалар оқылық.......)

  25. Күй атасы кім? (Құрманғазы)

  26. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?(Тоқтар Әубәкіров)

  27. Теңге қашан айналымға енді? (1993ж)

  28. Қазақтың атақты шешен билерін ата (Қазыбек, Төле, Айтеке би)

  29. Қазақстанның бұрынғы астаналарын атап бер (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

  30. Әнұранның авторларын атап бер (Ж.Нәжімеденов,Н. Назарбаев)

  31. Қазақ хандығы қашан құрылды? (ХV ғасырда – 1465-1466 жылдары)

  32. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)

  33. Абылай ханның өмір сүрген жылдары? (1711-1781 жылдар)

  34. ҚР –ның астаналары болған қалаларды ата. (Орынбор, Қызылорда-Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола)

  35. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

  36. ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов)

  37. Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы? (экономика)

  38. Жақында өткен Елбасы жолдауының тақырыбы қандай ? (Нұрлы жол – болашаққа бастар жол)

  39. «EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай? (Болашақ қуаты, энергиясы)

  40. Қазақ хандығын құрған хандар? (Жәнібек пен Керей)

  41. Шыңғыс ханның заңдар жинағы? («Яса»- «Жасақ»)

  42. Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-17814 жылдар)

  43. Қазақтың беделді билерін ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

  44. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова)

  45. ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)

  46. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)

  47. «Қазақстан — 2050» бағдарламасының мазмұны? (Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)

  48. Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары қай жылы өтті, бойтұмары қандай болды? (2011 жылы 30 қаңтар — 7 ақпан, қар барысы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет