1. Өндіріс түрі туралы түсінік


Өндірістің әртүрлі түрлерінің ұйымдастырушылық және техникалық экономикалық ерекшеліктері



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі49,32 Kb.
#80479
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өндірісті ұйымдас (1)
bagdarlama-biolog-kaz
2. Өндірістің әртүрлі түрлерінің ұйымдастырушылық және техникалық экономикалық ерекшеліктері
Жеке немесе ұсақ сериялық өндіріс түрінде бірліктермен немесе ұсақ партиялармен жасалынатын өнімдердің көптеген әртүрлілері өндіріледі.
Мұндағы жабдық пен аспаптық жабдықтау  әмбебап. Өндірістің автоматтандырылу деңгейі салыстырмалы түрде жоғары емес. Автоматтандырылған жабдық ұзақ күйге келтіруді талап етеді. Оны бөлшекке қайта күйге келтіру әр кез ұзақ үзілістермен байланысты. Сондықтан автоматтандырылған жабдықты өндірістің осындай түрлерінде қолдану тиімсіз.
Арнайы жабдықтың жоқтығы кейбір бөлшектердің жоғарғы жоғарғы дәлдігін қамтамассыз етуге мүмкіндік бермейді, нәтижесінде құрастырылғанда жетілдіру жұмыстарының көлемі көбейеді.
Әмбебап жабдықты кең пайдалану және арнайы станоктарды сирек қолдану жеке өндірісте жоғары маманды жұмысшылардың еңбегін пайдалануды талап етеді.
Жұмыс орындарына көлік мұнда шақыру бойынша беріледі, берілген сәтте жұмысшы  әмбебап, оған қандай аспап қажеттігін өзі таңдайды.
Технологиялық үрдістер тікелей цехтарда бөлшектелетіндіктен және анықталатындықтан, ал үлкен атаулы тізімінің орталықтанған жоспарлауы қиындайды, онда зауыт басқармасы аттарынан технологиялық және жоспарлауды басқарудың басым бөлігі жасаушы-цехтарда ауыстырылады.
Үлкен шектермен байланысты өнімнің жоғары еңбек сиымдылығы, жұмысшының жоғарғы мамандығы, материалдардың жоғары шығысы жеке өндірісте өнімнің жоғарғы өзіндік құнын белгілейді.
Жалпы және ірі сериялы өндіріс қатаң шектелген азғантай атаулар тізімінен тар мамандандырылған жұмыс орындарында ұзақ уақыт мерзімінде үздіксіз жасалынатын өнімді көп көлеммен шығарумен сипатталады.
Осындай жағдайлар жоғары деңгейде автоматтаңдырылған арнайы жабдықты кең қолдануды қамтамассыз етеді.
Жалпы өндірістің өлшемі болып, технологиялық үрдістің бағыты бойынша орналасқан, қатаң анықталған, соларға бекітілген операцияларды орындау үшін белгіленген жүмыс орындарының жиынтығы "тасқынды желі" болып саналады.Тасқынды желелердің көптеген әр түрлілері бар. Тасқын операцияларды орындау дағдыларының жылдам қорлануына, өте жоғары еңбек өнімділігіне, кей жағдайларда оның физикалық жеңілденуіне әкеп соғады. Дегенмен ол жұмысшыға қолайсыз әсер етеді, өйткені конвейердің жанындағы жұмыс бір сарынды және бір қалыпты. Толқында тағы басқа кемшіліктер бар.
Жалпы өндірісте аспап тасқынды желілерге топтама, сағат кестесі бойынша беріледі. Үздіксіз көлік басымдырақ.
Өндірістің осындай түрінде зауыт немесе цех өнімнің бір-екі атауын шығарады. Бұл конструкцияларда үйлестірілген және өзара алмасатын өлшемдердің кең қолдануына экономикалық мақсаттылық жасалады. Бұйым ауысымы жаппай өндірісте сирек жүргізіледі және тәртіп бойынша кәсіпорынның немесе цехтың қайта құрылуымен бірге жүреді. Шығару көлемінің көптігі мен конструкциясының жоғарғы түрақтылығы технологиялық үрдістердің жеке жасалуы экономикалық пайда береді. Технологиялық үрдістердің операциялары жеке ауысымдарға дейін сараланады және арнайы жабдықтың көлеміменорындалады.
Технологиялық үрдістердің мұқият жасалуы, арнайы жабдықпен жабдықталу ұзақ дайындауды талап етпейтін тармамандандырылған жұмысшы операторлардың еңбегін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жоғары мамандандырылған жұмысшы реттеушілердің еңбегі кең пайдаланылады. Қол жұмыстарының көлемі кенет кемиді, жетілдіру мен қиюластыру жұыстары шығып қалады. Жалпы өндірістегі технологиялық үрдістер бас технологтың бөлімімен жасалынады.
Өндірістің сериялы түрі  көбірек таралғаны. Бұйымдар атаулары тізімі мұнда жетерліктей көп болады бұйымдардың бөлігі конструкциялық - технологиялық белгілері бойынша тектес болып саналады. Сериялық өндірістің белгісі  бұйымдардың шығарылуының қайталануы. Бұл бұйым шығаруды көбірек немесе азырақ ырғақты ұйымдастыруды мүмкіндіндіреді. Бірдей бұйымдарды салыстырмалы көп санмен шығару бұймдар мен технологиялық үрдістерді маңызды үйлестірумен жүргізу, бұйымдардың партияларымен шығаруды қамтамассыз етеді, олардың өзіндік күні төмендейді.
Мұнда әмбебаппен қатар арнайы жабдықпен жабдықтау да қолданылады. Орта сериялы өндіріс үшін мақсатты түрде технологиялық үрдістерді толық жасау, операцияны ауысымдар түрінде көрсетумен аяқталады.
Сериялық өндірісте әрбір жұмыс жұмысшы мен жабдықтың уақытының тең бөлігін ғана қамтиды. Оның аяқаталғанынан соң ол басқа операцияны орындайды және соған сәйкес жабдықтары қайта жөндейді. Қайта жөндеу үшін үзілістердің шарасыздығы жұмыс орындарын жүктеуді төмендетеді.
Өндіріс түрі түсінігі жұмыс орнына, бөлімге, цехқа, жалпы кәсіпорынға қатысты. Бір кәсіпорында бір мезгілде бірнеше өндіріс түрлері болуы мүмкін.
Сериялықтан жекеге, сонан соң өндірістің жаппай түрін ауысқанда байқалатыны: а) жоғарғы өнімді үрдістердің қолданылу аумағының үздіксіз кеңеюі, операцияларды орындаудың автоматтандырылуының жоғарылауы;
б) технологиялық жабдық пен арнайы жабдықтың үлесі артуы;
в) өндірістің тиімділігі мен еңбек өнімділігі жоғарылауы, өндірістік қорлардың (материялдың және еңбектің) пайдалануының жақсаруы;
г) өндірстік циклдің тиімділігі мен еңбектің ұзақтығы қысқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет