1. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні


 Стандартты емес өлшеу  құралдарын метрологиялық аттестаттаудан



Pdf көрінісі
бет16/25
Дата01.05.2020
өлшемі391,88 Kb.
#65275
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
Диана

15. Стандартты емес өлшеу  құралдарын метрологиялық аттестаттаудан 

өткізу 

  

1.                  Стандартты 



емес 

өлшеу 


құралдарын 

метрологиялық 

аттестаттаудан өткізу 

2.                  Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау сатылары 

  

Мемлекеттік сынақтан 



өткізілмейтін 

өлшем 


құралдары 

метрологиялық аттестаттаудан  өтеді.  Олар:  өлшем  құралдарының  жалғыз 

даналары,  өте  сирек  түрлері,  сериялы  өндіріске  арналмаған  түрлері, 

шетелден сатып 

алынған 

бірнеше 


данасы. 

Мұндай 


құралдар, 

олардың техникалық    және    метрологиялық    сипаттамалары    стандарттау

ға жатпайды.  Сондықтан  мұндай  өлшем  құралдарын  стандартталмаған деп 

атайды.  Оларды  әсіресе  ғылыми-зерттеу  институттарында  көптеп жасап 

қолданады. Өлшемнің бірегейлігі мен сенімділігі осы құралдарға байланысты 

болған жағдайда оларды сөзсіз аттестаттау қажет. 

Өлшем  құралдарын  метрологиялық  аттестаттауға  мемлекеттік  басқару 

органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке 

және заңды тұлғалар (бұдан әрі - өтінушілер) ұсынады. 

Өлшем  құралдарын  метрологиялық  аттестаттауды  мемлекеттік  ғылыми 

метрологиялық орталық (бұдан әрі - МҒМО) іске асырады. 

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау мынадай сатылардан тұрады: 




- метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын техникалық құжаттарды қарау

- өлшем құралдарын эксперименттік зерттеу

- өлшем құралдарының салыстырып тексеру әдістемелерін байқау

- өлшем құралдарының метрологиялық аттестатау нәтижелерін рәсімдеу. 

Қажет  болған  жағдайда  эксперименттік  деректер  бірнеше  сатыларда 

жүргізілуі мүмкін. 

Қажет болған жағдайда өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау басқа 

заңды тұлғалардың базасында олардың  мамандарымен жүргізілуі мүмкін. 

Метрологиялық  аттестаттау  нәтижелерін  тану  Қазақстан  Республикасы 

қатысушы  болып  табылатын  халықаралық  келісімдерге  (шарттарға)  және 

олардың  дамуына  нормативтік  құжаттарға  сәйкс  іске  асырылады.  өлшем 

құралдарының нәтижелерін тану жөніндегі шешімді техникалық реттеу және 

метрология  жөніндегі  уәкілетті  орган  (бұдан  әрі  –  уәкілетті  орган) 

қабылдайды.  

Метрологиялық  аттестаттаудан  өткен  өлшем  құралдары  пайдалану 

процесінде  және  өлшем  құралдарын  метрологиялық  аттестаттау  туралы 

сертификатта  көрсетілген  салыстырып  тексеру  әдістемесіне  сәйкес 

жөндеуден  кейін салыстырып тексеруге жатады.  

Өлшем  құралдарын  метрологиялық  аттестаттау  жөніндегі  жұмыстар  немесе 

оның жеке сатылары кетісім-шарт негізінде іске асырылады. 

Метрологиялық  аттестаттаудың  оң  нәтижелері  бойынша  эталаондар,  өлшем 

құралдары,  салыстырып  тексеру  әдістемелері  Қазақстан  Республикасының 

өлшем  бірлігін  қамтамасыз  ету  мемлекеттік  жүйесі  тізілімінің  сәйкес 

тарауларында тіркеледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет