1. Отбасын педагогикалық психологиялық сүйемелдеу курсының негізгі ұғымы


- деңгей 29) Жас отбасылардың әлеуметтік проблемалары



бет32/37
Дата06.02.2023
өлшемі99,96 Kb.
#167642
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
пед псих эссе
5-сынып Әдебиет ЖББ, Силлабус 1 уровень 2 семестр Русский язык (1), eft
2- деңгей
29) Жас отбасылардың әлеуметтік проблемалары
Қазіргі қоғамдағы басты мәселенің бір бөлігіне айналған ол- жас отбасылардың арасындағы өзара келіспеушіліктер,мұның өзі бір дағдарыс. Яғни, жауапкершілікті сезінбей, отбасын құруға асыға бастайды. Нәтижесінде, бір-бірінен кемшілік іздеп, тіпті ортада бала болсада екі тарапқа кетуге шешім қабылдайды. Бұл жағдай балаға зиян тигізері анық, жас отбасы ескермей , аңдамай істеген қателіктерінен балада , өздеріне зардап тартады. Білімдері мен дағдылары ұштаспай, отбасы боламыз деп, от басып қалатындарыда қаншама. Кезіккен адамының бейнесін өзінің арманына ыңғайлап жасап алған соң, сол бейнеден өзі ғана ләззат алып жүре береді. Әдетте, мұндай жағдай ,ғашықтық сезім бір жылға ғана созылады. Осы бір жыл ішінде үй болып, бала көтермесе сезімдері уақыт өте суып кетері анық. Өйткені, таңдау көп. Жастық шақта махаббатты ұлы мұрат деп түсіну, ұлттық әдебиеттен тысқары жастардың басым көпшілігін азаматтық некеге ұрындырады. Ақыр соңында, отбасылық құндылықты сезінбей, өзара мәселерге әкеліп соқтырады. Тек бұл ғана емес, көп жағдайда материалық жағдайдың нашарлап кетуі секілді сәттерде екі тарапта сабырсыздықпен түрлі проблемалар туғызады. Айтқым келетіні, ең алдымен отбасы болуға , ішінара туындайтын мәселелерді алдын ала болжап қарастыру арқылы тәжірибе жинау, сондай-ақ отбаслық ілімдерін дамытып, жауапкершілік алу. Осы жағдайда барып, жас отбасылардың шыңдалу процесі жүреді.
2-
30) Отбасылық тәрбие жағдайында бала зиятының дамуы
Отбасы баланың өсіп жетілуінің басты ошағы. Қоршаған әлем мен ортаны то-лыққанды зерттей алатын, қабілетін бойына сіңдіре алатында осы- отбасындағы берілген тәрбие."Қасқырды қанша бақсаңда, орманға қалап ұлиды" демекші, баланы жастайынан отбасында алған тәрбиесі өмір бойы бойына сіңіп, бекиді. Демек балаға тек көру, білуді ғана емес, ойлау өрісін кеңейтетін,зиятын ашатын тәрбиелік жұмыс жүргізу.
Кейде отбасында тәрбие екі тарапқа бөлініп кетуі мүмкін, сол кезде баланың даму жағдайына айтарлықтай ауыртпалық әкеледі, ата-аналардың аса маңызды деп танымаған нәрсесі отбасылық тәрбиемен ұштаспай жатады. Бала тәрбиелеу үшін , оның алғышарттарын білу қажет. Ал ол дегеніміз, жеке тұлға ретінде өзін дамыту және бірнеше кеңестерді есте сақтау. Осы тұрғыда, ата-ана ескеруі тиіс кеңес: 1. Балаға айналадағы заттардың қызықты мәліметтерін айту арқылы ой белсенділігін дамытыңыз. 2. Балаңызды өз керектілігін, қажетті дүниесін, нәрсесін орындатуға тырысыңыз. 3. Отбасында бала тәрбиесіне аса көңіл бөліп, талап қоя біліңіз. 5. Баланың өз қалауымен әрекет етуіне мүмкіндік беріп, қолдау көрсетіңіз . 6. Балаңызға құштарлықпен, жылы шыраймен қараңыз. Бала бақытты және сүйіспеншілікке толы ортада өссе, ол осынау әлемнен махаббат көре алады.
Яғни, осы белгілерді отбасылық тәрбиеде есепке алып, дағдыланудың маңызы зор. Осылай әрбір отбасы , тәрбиесіндегі балаға бейғам қарамай тұлғалық қабілеттерін ашуға тырысса, ізгі ұрпақ болып өсуі , тіптен керемет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет