1. Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы «Әдебиет теориясы» Міндетті компонент пәні Кредит саны мен оқу мерзімі


-тақырып.   Әдебиет   теориясының   ғылым   ретінде   қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата10.12.2021
өлшемі97,02 Kb.
#78971
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
175815
2-тақырып.   Әдебиет   теориясының   ғылым   ретінде   қалыптасуы.

Әдебиет   теориясының   методологиясы.   Халықшылдық     эстетиканың

тағылым,   талаптары.   Әдебиеттану   ғылымындағы   методологиялық

мектептер.

Классицизм   эстетикасының   көне   дәуір   және   қайта   өрлеу   кезеңінің

эстетикасымен байланысы. Көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсыну. Үш

бірлік туралы ереже. Әдемілік ұғымына уақыттан тыс мағына арту. Дидро

мен Лессинг арқылы әдеби-көркем сынның өріс алуы. XVIII ғасыр - әдебиет

теориясының   негзі   қалану   кезеңі.   Лессингтің   Гамбург   драматургиясының,

лаокоон   немесе   бейнелеу   өнері   мен   поэзияның   шекжиегі   атты   еңбектері.

И.Г.Гердердің   ағартушылық   эстетикасындағы   идеяның   басымдығына

наразылық.   И.Кант.   Табиғат   әлемі   мен   адамзаттық   әлемі.   Мәдениеттің   ең

жоғары көрінісі – эстетикалық көрініс. Романтиктер – ағартушылық идеяны

жалғастырушылар.   Шығармашылық   қызметтегі   жекелік   фактордың   орны.

Лиризм. Г.В.Гегель   -эстетикалық ойдың алыбы, ғылымдағы диалектикалық

ойлау   принциптерін   қалыптастырушы.   Абсолюттік   идея   теориясы.

Абсолюттік   рух.   Эстетикалық   қызметпен   айналысудың   себептері.

Шығармашылықтың ескіні қиратпай-ақ, жаңаны тудыруы. Антикалық өнерді

ардақтау. Дүниеге тарихи көзқарас. Көркем шығарманы қарастырудың тарихи

және логикалық тәсілдерінің бірлігі. Артур Шопенгауэр. Өмір философиясы.

Интеллектінің ерікке бағыныштылығы. Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу.

Суреткердің   қабылдау   әсеріне   билігі.   Объективті   сулулықтың   субъектімен

сабақтастығы.   Музыканың   ерекшелігі.   Серен   Кьеркегор.   Қорқыныш

философиясы.   Құдайға   баратын   жол   іздеу.   Субъективтіліктің   ақиқаттығы.

Экзистенция. Ф.Ницше. Әлем және құдіретке еріктілік. Мәдениет тілі. Өмір

формаларын сақтауға тырыса отырып, өзгерту. В.Дильтей. Герменевтикалық

зерттеудің бастауы. О.Шпенглер. Мәдениеттердің шектеулі ғұмыры. Мәдени

полицентризм туралы.



Уақытқа   диалектикалық   көзқарас.   Марксшілдік,   маркстік-лениндік   деп

аталған   әдебиеттану   мен   өнертану   қағидаларын,   басым   пафосына   қарап,

шартты түрде халықшылдық эстетика деп таңбалау. Маркстік, материалистік

дүниетанымның адамзат дамуында елеулі роль атқарғанын біржақты жоққа

шығармай,   тарихи   факт   ретінде   түсіну.   А.Герцен,   В.Белинский,

Н.Чернышевский,   Н.Добролюбов,   Д.Писарев.   Орыс   революционер-

демократтарының ғылыми-сын мұрасы. В.Плеханов: әсемдіктің   объективті

мәнін ашу. Оның адам тіршілігімен тамырластығы. Өнердің шығу тегін, даму

жолын қоғамдық сананың өсу жолымен тығыз қарастыру. А.В. Луначарский.

«Жылжымалы   эстетика»   туралы.   Формалистік,   тұрпайы   социологиялық

бағдарлармен арадағы тартыс.

XIX   ғасырдың   екінші   жартысында   Батыс   Еуропа   капиталистік   қарым-

қатынастардың   өрістеуі.   Философиядағы   позитивизм   бағыты.

Әдебиеттанудағы   ірге   тасын   ағайынды   Якоб   Гримм   мен   Вильгелм   Гримм

қалаған мифологиялық мектеп. XX ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы.

Швейцар   психолгы   К.Н.Юнгтің   адам   психикасындағы   архетип   жайлы

идеясы.   Ж.Лакан.   Адам   психикасындағы   реалды,   қиялдағы   символдық

қабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі –

Ипполит   Тэн.   Тарихи-мәдени   мектеп.   Француз   тарихшысы   әрі   өнер

зерттеушісі   Ипполит   Тэн.   Әдебиет   пен   өнер   мәселелерін   жаратылыстану

ғылымдарындағы   салқынқандылық   бағдармен   сараптауды   ұсыну.   Теодор

Бенфэй. Салыстырмалы-тарихи (компаративизм) мектеп. Шығыс пен Батыс

арасындағы   сюжет   алмасу   теориясы.   А.Н.Веселовскийдің   көшпелі   сюжет

ілімі. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби

дәстүрдің   маңызы.   В.Жирмунский,   Н.Конрад.   Қазіргі   салыстырмалы

әдебиеттану.   Клод   Пишуа   мен   Андре   Мишель   Руссо   (Салыстырмалы

әдебиеттану   принциптерін,   1972),   Д.Дюришин   (Әдебиетті   салыстырмалы

зерттеудің теориясы, 1979) т.б. Психологиялық мектеп және А.Потебня. Сана

мен   тілдің   байланысы.   Тіл   мен   әдебиет.   Адамның   рухани   өмірі.   Көркем

туындыны қабылдау процесі. Анри Бергсон,   Бенедетто Кроче есімдерімен

тығыз   байланысты   ағым-интуитивизм.     Әр   заттың   дара   қасиетін   интуция

арқылы ғана ашу. XX ғасырдағы дүние жүзі эстетикасына психиатр-дәрігер

Зигмунд   Фрейд   енгізген   жаңалық.   «Психоанализге   кірспе»,   «Тотем   мен

табу»,   «Мен»   және   «Ол»   еңбектері,   сондай-ақ   Ф.Достаевский

шығармашылығына   қатысты   мақалалардағы   тұтас   толымды   өзгеше   батыл

тұғырнама.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет