1. Сабақтың тақырыбы: Өтініш Негізгі материал



бет1/2
Дата02.02.2022
өлшемі25,17 Kb.
#130442
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
f61f94427502140


1.Сабақтың тақырыбы: Өтініш

2.Негізгі материал: Еңбек ресурстарын басқару саласында әкімшлік алдында өзара байланысты міндеттер тұрады. Оларды мынадай кестемен беруге болады:

  • Стратегиялық мақсаттардың қойылысы Еңбек. Жоспарлау - Еңбек ресурстарының барлығы және қажеттілігін бағалау

  • Еңбек операцияларын талдау

  • РЕСУР-Ұйымдастыру - Біліктілігі талаптары мен қызметтік нұсқаулықтарды құрастыру

  • Кадр саясаты: қызметке тарату, ірікте

  • Басқару жұмысқа қабылдау.

  • Өтемақы арқылы негіздеу

  • Есепке алу- Жеке құрам қызметін бағалауылысы

Жоспарлау және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру мәселелері өткен бөлімдерде сөз болды. Енді келесі екі мәселеге: басқару және есепке алуға тоқталамыз.

Бос тұрған қызметке үкіметкерлерді іштен әлде сырттан іздеу мәселесінне көптеген фирмалар стартегиялық мәні бар мәселе ретінде қарайды.Өз қызметкерлерне үкіметкер ріктеудің бірнеше жолы бар. Басшылардан ұсыныс хат алу -өте жиі қолданылатын тәсіл. Кейбір фирмалар барлық қызметкерлерге қатысты толық мәліметтер жинақталған компютерлендірілген ақпарат жүйесін пайдаланады. Жалдаудың басқа әдісі –сырттан жұмысшылар шақыру. Бұл әсірсе топтап жалдауда және жоғары білікті жұмысшыларды шақырғанда маңызды. Жұмысқа тартудың негізгі тәсілі хабарландырулар тарату болып табылады. Арнайы білімі бар жұмысшыларды жалдауда тікелей иниституттармен университеттерде тарту әдісі қолданылады. Сондай-ақ еңбекпен қамтамасыз ету бюролары мен нарықтық делдалдар да бар.

Үкіметкерлерді еңбек нарығында іріктеу –фирма үшін жауапты сәт. Дегенмен бұл екі жақты процесс. Фирма үкіметкерді қабылдау әлде қабылдамау керектігін шешеді, ал үміткер –жұмыс туралы ұсынысты қабылдай ма , жоқ па соны шешеді.

Жалдау процедурасы төмендегідей кезеңдерге бөлшектенуі мүмкін:

Біліктілік талаптар, анықтамалық мәліметтер, сондай-ақ ұсынылған жұмыс туралы білімін тексеруге арналған сұрақтар берілген форманы толтыру.

Алдын ала белгіленген сұрақтар бойынша ауызша әңгімелесу қолданылады. Әңгімелесу түрлі арнайы үлгідегі тестілермен аяқталады. Бұл тестілер кеңес қызметкерлеріне арналған типтік тестілер немесе менджерлерге арналған психологиялық тестілер болуы мүмкін. Менджерлікке үміткерлер кейде олардың келешектегі шешімін айқындауға мүмкіндік беретін іскерлік ойындар арқылы тексеруден өтеді.

Ұсыныс хаттар (мінездеме) форманың толтырылуы мен алғашқы әнгімелесудің шындығын тексеруге көмектеседі; екіншіден, басқа адамдардың үміткерге қалай қарайтынын білуге мүмкіндік береді.

Үміткердің болашақтағы басшысымен арадағы жан-жақты әңгімелесуі, біріншіден, алдыңғы кезеңдердегі жеткіліксіз болған мәліметтерді толықтыруға мүмкіндік береді. Екіншіден , үміткердің қарым-қатынас жасау, ұжымға сіңіп кету мүмкіндігін тексереді.бұл кезең үміткердің болашақтағы өз жұмысы туралы сұрап алуына мүмкіндік береді.

Сынау объективті болу үшін мұндай әңгімелесуге басшыдан өзге тағы 2-3 адам қатысады.

Өтініш

Жұмысқа қабылдану кезінде үміткер өтініш жазады, бұл оның ресми тілегі, әрі штатқа тіркеу үшін негіз болып табылады.

Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы тілегі баяндалады, мамандығы, кәсібі, квалификациясы мен өзі ұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі.

Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады: қабылдаушы (кімге); авторы, автордың мекен-жайы; құжаттың түрі(өтініш); мәтіні;өтніш иесінің қолы, жазылу мерзімі.

Өтініште “кімнен” деген үлгідегі көрсеткіштер жазылмайды, сондай-ақ “Сізден өтініп сұраймын”, “алдын ала рахмет айтамын”, “соған қоса” және т.б. архаизмдер қолданылмайды. Өтініш А4 форматтағы қалыпты қағазға толтырылады.

Жұмысқа қабылдау туралы өтініш мынадай үлгіде болады:

Эко” фирмасының

Бас диракторы

Сабиров А.С. мырзаға

Ахметова Гүлнар Болатқызынан,

мекен –жайы: 418048, Алматы қ-сы,

Қастеев көшесі, 12-үй, 7-пәтер.
ӨТІНІШ

Мені тасымалдау бөліміне ЭВМ операторы қызметіне жұмысқа алуыңызды сұраймын.

қолы (анық болсын)

күні, айы, жылы


Өтінішке қажетті өзге құжаттар: өмірбаян, кадрлық есепке алу жеке қағазы немесе анкета; ұсыныс хат (мінездеме); анкета мен куәлікке қажет фотосурет; білім немесе кәсіби квалификациясы туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Төлқұжат жеке көрсетіледі. Еңбек туралы Заң Кодексі (ЕтЗК) мекемелерден заңда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салады.

Кейінгі кездері кейбір фирмалар жұмысқа алуды аталған қызметке алынатын үміткер туралы объективті мәліметтер берілген түйін (резюме) талап етуде.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет