1 сағат Тақырып. Кіріспе. Әлемнің және Қазақстанның энергоресурстармен қамтамасыз етілуі



бет1/17
Дата16.02.2022
өлшемі24,6 Kb.
#131948
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
2 лекция
Обеспечение жильем (ПиП), ОНИ каз конспекті



Дәріс 1


(1 сағат)

Тақырып. Кіріспе. Әлемнің және Қазақстанның энергоресурстармен қамтамасыз етілуі.


Дәріс сабақтың мазмұны
1. Энергия үнемділік
2. Энергия үнемділігін арттыру
3. Органикалық отындар
4. Қазақстанның энергоресурс қоры
5. Жаңартылған энергия көзінің түрлері
Энергия үнемдеу - өндіріс шығындарын және өндірілетін өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын төмендететін, бәсекеге қабілетті отандық тауарларды көбейтетін, энергетик және технолог мамандарының қызметтерінің ең негізгі, тұрақты бағыттарының бірі.
1989 ж. әлемдік энергетикалық кеңес (ӘЭК) «Болашаққа арналған энергия: осы істің бағдарламасы мен таңдау мүмкіндігі» деп аталатын халыхаралық комиссия құрды. Энергетика экономикасын тұрақта түрде дамыту мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша, 2020 жылдарға дейінгі аралықта әлемдік және аудандық энергетика шауршылығын дамыту жоспары комиссияның негізгі міндеті.
Комиссияның қорытындысы – экономика мен энергетиканы ұлттық деңгейде дамытуды қолға алу сферасына қажетті, мемлекеттік қайраткерлерге және қызмет бағыттарына берілетін, әлемдік энергетиканы дамыту бағыты мен жалпы тенденциялардан тұрды.
«Болашаққа арналған энергия: осы істің бағдарламасы мен таңдау мүмкіндігі» деп аталатын ӘЭК Комиссиясының негізгі қорытындылары келесідей бөлінеді:
а) негізгі қорытынды - өзгерістің негізгі көзі. Осы жоспарларды дамытудағы позицияларға, жүйелерге, өлшемдерге өзгерістер өте қажет. Соңғы он жылдары әлем тұрғындарының 2 есе, қалалық тұрғын үйлердің 3 есе өскенін көре отырып, энергияны бұрынғыдай қолдана беруге болмайды.
Энергия көзімен жүзеге асатын қызмет түрлері, мысалы жылумен қамтамасыз ету, жарықтандыру, тұрмыстық заттар, транспорт жылдан жылға өсуде. Бұндай өсу әсіресі, дамушы елдерде көптеп байқалады. Энергия тұрғындардығ негізгі қажеттілігін бере отырып, көптеген негізгі қызметтерді атқарады. Сонымен қатар, энергия әлеуметтік даму мен экономикалық өсудің бірден – бір көзі болып табылады. Негізгі мәселе қоршаған ортаға өз зиянын тигізбей, әлемнің дамушы елдеріне қажетті энергетикалық қызметтерді өқамтамасыз ету болып табылады және ол мүмкін борлмауы да.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет