«1 сыныпқа арналған қЫСҚаша мәтіндер жинағЫ» Тауық, тышқан және құр



бет9/17
Дата12.10.2022
өлшемі58,01 Kb.
#152735
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
мәтіндер

Қайырымдылық
Қыстың аязды күні. Бірінші сынып оқушылары, ағайынды Алдияр мен Әли жылы киініп, үйлерінен сабаққа беттеді. Олар әңгімелесіп келе жатырды. Олардың алдында аяғын жайлап басып, қолында таяғы бар қарт әже келе жатырған болатын. Кенет қарт әжейдің аяғы тайып,, құлап түсті. Мұны көрген Алдияр мен Әли сөзге келместен жүгіріп келіп, әжейді екеулеп тұрғызып, қолына таяғын ұстатты. Қарт әжей екеуіне риза болып, « Рахмет, айналайындар. Қайырымды екенсіңдер, » -деп бастарынан сипады.
Туған күн
Бүгін Аяулым үшін ерекше күн. Себебі, бүгін оның туған күні. Анасы Аяулымның туған күніне арнап үлкен торт пісірді. Тортқа әдемілеп «7» деген жазу жазды. Әкесі оған сыйлыққа ертегілер кітабын тарту етті. Туған күнге Аяулымның дос қыздары келді. Олар дастарқан басында Аяулымға тілектерін айтып, әкелген сыйлықтарын тарту етті. Туған күн көңілді өтті.
Қамқорлық
Күз мезгілі болатын. Күн бұлтты, жаңбыр жауып тұр.Түс мезгілінде оқитын Ажар мен Ақжол мектептен шығып, үйлеріне келе жатты. Олар біраз жүргеннен кейін жол бойында бүрісіп тұрған кіщкентай күшікті көздері шалып қалды.Екеуі күшікті аяп, үйлеріне алып кетпек болып келісті. Олар күшікті үйлеріне алып келіп, алдына сүт, тамақ қойды. Кішкентай күшік жылы жерде тамаққа тойып алып, бұйығып, ұйқыға кетті. Екі бала өз істеріне риза болып, бір-біріне жымыңдай қарады.
Су.
Су- табиғатта ең көп таралған, негізгі тіршілік көзі. Су барлық тірі ағзаның құрамында болады. Су болмаса адамдар өмір сүріп, өсімдіктер өсіп, жан-жануарлар тіршілік ете алмас еді. Таза суды көп ішетін адамның өңі жасарып, күш- қуаты артып отырады. Су адамның күнделікті тірлігі үшін де маңызы өте зор. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау керек.
Ақтөс
Қанаттың Ақтөс атты иті бар еді. Ол үнемі Қанаттың қасынан қалмайтын. Қанатта иті көрінбей қалса іздей бастайды. Бір күні Қанат көлге шомылуға барды. Көлдің айналасы тыныш, ешкім жоқ. Қанат суға жүгіріп түсіп кетті. Кенет Қанат дем ала алмай суға батып бара жатырды. Осы кезде қайдан келгені белгісіз, Ақтөс жүгіріп келіп, Қанатты іш киімінен сүйреп жағаға шығарды. Есін жинаған Қанат итіне рахмет айтқандай мойнынан құшақтады. Осыдан кейін Қанат итін бұрынғыдан да жақсы көретін болды.
Таныстық
Жалғас мектептен келе жатыр. Бүгін сабақта апайлары ертең сыныпқа жаңадан оқушы келетінін айтты. Кенет ол бұрылысқа жақындай бергенде бір кішкентай қыздың айқайлаған даусын естіді. Жалғас жалма-жан дауыс шыққан жерге жүгіріп жетті. Өзімен жасты қыз балаға үлкен ит шаңқылдап үріп, атылғалы тұр екен. Жалғас қорықпастан қолына тас алып, итке лақтырды. Ит шегіншектеп кетіп қалды. Қыз бала « рахмет» деп жүгіріп кетті.. Келесі күні Жалғас сабағына барды. Апайы жаңадан келген оқушыны сыныпқа әкеліп таныстырды. Жалғас кеше өзі қабаған иттен құтқарған қызды бірден таныды. Қыздың аты Әсел екен. Сабақтан соң Жалғас пен Әсел үйлеріне бірге қайтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет