1. Спорттық жарақаттардың пайда болуының негізгі себептері. Оқу-жаттықтыру сабақтарын ұйымдастырудағы кемшіліктер



Дата07.02.2022
өлшемі1,86 Mb.
#88336
түріСабақ

1.Спорттық жарақаттардың пайда болуының негізгі себептері. 2.Оқу-жаттықтыру сабақтарын ұйымдастырудағы кемшіліктер.

Орындаған:Абульхаиров Диас

Тексерген:Рахима Жаудановна


Түрлі жаттығулармен әсіресе, жарыс кезінде спортшы организіміне түсетін ауырпалық өте зор. Әр спорт түрінде жарақаттану қаупі де әр түрлі болады. Спорт түріне орай өзіне тән зақымдануы және жиірек жарақаттанатын дене бөлімдері – «осал жерлері» де болады.
Жалпы спорттық зақымдардың ішінде жиі кездесетіндері – соғып алу, бұлшық еттер мен сіңірлердің созылуы, жыртылуы, үзілуі. Бұлар жабық жарақаттарға жатады. Жабық дейтін себебі теріде жара болмайды. Ашық спорттық жарақаттардың ішінде жиі кездесетіні – терінің сыдырылуы, сызаты.
Кейде жаттығу барысында, жарыс кезінде ауыр жарақаттар да кездеседі (буынның шығып кетуі, сүйектің сынуы, мидың шайқалуы, буындардың, омыртқа жотасының зақымдануы және т.б.).
Жаттығу мен жарыс кезінде ең жиі зақымданатын дене бөлімдері бар. Олар әр спорт түрінде әр түрлі болады. Мысалы, боксшыларға бас пен беттің жарақаттары тән болса, спорттық гимнастика мен шаңғыда аяқ сүйектері, буындары, бұлшық ет пен сіңірлердің зақымданануы, ал футболшыларда тізе буындарының зақымданануы жиірек кездеседі.
Сонымен спорттық зақымдарға ортақ ерекшеліктер: спорттық жарақаттардың тоқсан пайызы жеңіл жарақаттарға жатады, ал орташа жарақаттар тоғыз пайыз шамасында болса, ауыр жарақаттар бір пайыз көлемінде кездеседі.
Спортшылар жеңіл болмашы жарақаттарға өздерінің жұмыс қабілетіне әсер етпегесін, оған онща көңіл бөлмей емделе бермейді. Сол себепті жеңіл зақымдардың біртіндеп жиналып, тірек-қозғалыс жүйесінің созылмалы ауруларына әкеліп соғуы мүмкін. Спорттық жарақаттардың себебін сыртқы және ішкі деп екі топқа бөлуге болады.
Сыртқы себептер:
1. Жаттығу әдістемесінің қателіктері. Спорттық зақымдардың бастысы (екіден үш бөлігі немесе алпыс пайыздайы) осы себептен пайда болады.
Жаттығу әдістемесінің басты қателіктері: жаттығу барысын жылдамдату, шектен тыс жүктемелер қолдану, шаршаған кезде қызметтік қабілетті бұрынғы қалпына келтіру әдістерін пайдалана білмеу, жаттығуларды орындау техникасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңызын түсіне білмеушілік, күрделі жаттығуларды орындауға дайындықтың жоқтығы немесе оларды шаршаған кезде орындау, сақтандыру шарттарын жеткіліксіз қолдану немесе мүлде қолданбау, толық бой жазбау және т.б.
Ішкі себептердің түрлері:
Шаршау, аса шаршау. Бұл жағдайда қимыл-қозғалыс үйлесімділігі, зейін салу, қорғаныс қасиеттері нашарлайды. Адам тым шаршағанда бұлшық еттерін дер кезінде босаңсыта алмайды да, қарама-қарсы қызмет атқаратын бұлшық еттер қызметінің реттілігі бұзылып, жаттығуларды орындау сапасы төмендейді. Бұл жағымсыз қүбылыстар – орталық жүйке жүйесінің қозғыштық және өзгерткіштік қасиеттері өзгеруінің салдары.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет