1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ.Қазіргі кездегі (2000-2022 жж.) абайтануға қатысты зерттеулер: Т.Жұртбай, Т.Шапай, А.Омаров



бет14/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
20-СҰРАҚ.Қазіргі кездегі (2000-2022 жж.) абайтануға қатысты зерттеулер: Т.Жұртбай, Т.Шапай, А.Омаров
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Абай мұраларын зерттеп жүрген ғалымдар арасынан Тұрсын Жұртбай, Асан Омаров, Тұрсынжан Шапайларды ерекше атап өтемін.Қазіргі абайтануды талдауда елеулі үлес қосқан абайтанушылардың бірі Асан Омаров болды. Асан Омаров қазіргі абайтануға қатысты зерттеуде «Бүгінгі абайтану» деп аталатын монографиялық еңбегімен қазіргі абайтануға өз үлесін қосты. Бұл еңбегінде бүгінгі абайтану ғылымы алдында тұрған нақты мәселелерді көрсетті. Олар мыналар: 1.Ақынның ойшылдық мұрасын жаңаша көзқараспен терең зерттеу, зерделеу. 2.Зерттеу нәтижелерін халық игілігіне-рухын сауықтыруға, рухани-мәдени дәстүрлерін жандандыруға пайдалану. 3.Хәкім Абай ашқан жаңалықтарды әлемге паш ету, таныту. Бұл монографиялық жинақ екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде түрлі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған, көпшілік жылы шыраймен қабылдаған зерттеу мақалалар топталған болса, «Абайдың өмірі» деген екінші бөлім кемеңгердің кемелдену, ойшьш ғүлама болып қалыптасу жолын бүгінгі уақыт түғырынан саралауға арналды. Абайды тану мәселесі ұлтымыздың рухани өміріндегі толастамайтын мәдени саясттың мүддесі және күре тамырлы бағыты болғандықтан да Тұрсын Жұртбайдың "Күйесің, жүрек... сүйесің" кітабының маңызы зор. Ғалым аталған кітабында: "Абай шындық үшін ешкімді де аямайтын өте қатал сыншы. Тәңірім ондай азаптың бетін аулақ қылсын сізден. Тек іздегеніңізді таппасаңыз, мұратыңызға жетпесеңіз, жалғаннан жалықсаңыз, мәңгіліктің де, бақилықтың да баянсыздығына көзіңіз жетіп, көңіліңіз сенсе ғана іштегі шеріңіз еріп, ойыңызға өт құйылса ғана Абайдың "іші толған у мен дерт" жан дүниесін түсіну сапарына аттаныңыз. Ол Сіздің өзіңіздің таным сапарыңыз болады. Абай арқылы өзіңізді танысаңыз – мұратқа жеткеніңіз”, - дейді Ал белгілі сыншы Тұрсынжан Шапайұлы Абайдың шығармашылыққа не үшін кеш келгенін былай түсіндіреді: Абай қырықта болатын… Шығармашылықта "ерте ашылатын, кеш ашылатын индивидуумдар болады" дейді XX ғасырдың ұлы ақындарының бірі, әйгілі әдебиет теоретигі, сыншысы Т. С. Элиот. Жалпы, ол кісі айтпаса да белгілі жай. Сирек те болса, кездесетін шындық. Уитмен отыз жетісінде "кенет" ұлы ақын болып оянады. Шығармалары сопылық поэзияның шыңы болып есептелетін Жалаладдин Румидің қалғып жатқан ұлы дарыны қырықтан аса бере дүр сілкінеді... Абай ақындық өнерге мән бермей немесе "дайындықпен" жүріп қалды дегенге сенбеймін. Рас, пісіп-жетілу деген де бар шығар, бірақ, анығында, табиғи гений, кезі келгенше, күні туғанша көзін таппай тұмса жататын құпия қуатқа ұқсайды. Бұйрықты күні өзі ашылады, я бір түрткі оятады. Қырықтағы Абайдың Өлеңге келуі – өзінің құдіретті тегеурінінен қаперсіз, тынық жатқан телегейдің оқыс теңселіп кеткеніндей, қорданың астында бұғып жатып қоздаған шоқтың алапты айқара лап қойған алапат өртіндей орасан құбылыс... Ғажайып таулар, керемет көлдер – бір кездері жер бетінде болған ұлы апаттардың салдары. Гений де сондай бір pyx сілкінісі. Қазақ санасынын жана рельефін жасаған Абайдың шығармашылық қажыры да осы бейнелі" (Тұрсынжан Шапай "Кемеңгер").


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет