1 сурет. Өңдеудің технологиялық әдістерінің жіктелуі



бет3/29
Дата23.12.2021
өлшемі2,56 Mb.
#128213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
LЛекции-1
LЛекции-1, Plant Ecology ( PDFDrive ), Вопросы для самопроверки 13 , Әдебиеттер, instraction moodle olimp, 8.Альфа-ыдырау, МР 4
2 Тақырып. Құрал жүзі мен кесіп алынатын қабаттың геометриялық және конструкциялық параметрлері. Координаталық жазықтықтар мен координаталық жазықтықтар жүйесі. Кесу құралдарын жасау технологиясында қолданылатын, қайрау тәсілдерінде, бет пен құрал жүзін тексеруде, сонымен қатар құралды пайдаланғанда анықтаған геометриялық параметрлерді, тікбұрышты үшжаққа қатынасты бағыттау тиімдірек.

Құралдың геометриялық параметрлерін (бұрыштарын) анықтауда, тікбұрышты үшжақ құрайтын бірнеше координаталық жазықтықтар мен координаталық жазықтықтар жүйесін ажыратады. Қандай координаталық жазықтықтар жүйесін қолдану керектігі кесу құралын қалай - геометриялық дене ретінде немесе еңбек құралы ретінде қарастыруға байланысты анықталады (6 сур.). Бұл жерде D - негізгі кесу қозғалысы; D - беріліс қозғалысы; P - құралдық негізгі жазықтық; P - статикалық негізгі жазықтық; P - кинематикалық негізгі жазықтық; P , P , P - құралдық, статикалық, кинематикалық кесу жазықтығы; P ,P , P - құралдық, статикалық, кинематикалық негізгі қиюшы жазықтықтары.



6 сурет. Координаталық жазықтықтар жүйесі


Құралды жасауда және параметрлерін тексеруде құралдық координаталар жүйесін қолданамыз.

Құралдық координаталар жүйесі - басы жүздің төбесінде, база ретінде алынған кесу құралының геометриялық элементтеріне қатысты бағытталғын тікбұрышты координаталар жүйесі.

Статикалық координаталар жүйесі - басы кесу жиегінің қарастырып отырған нүктесінде, негізгі кесу қозғалысының жылдамдығының бағытына қатысты бағытталған тікбұрышты координаталар жүйесі. Статикалық координаталар жүйесі кесу процесіндегі жүздің бұрышын жуықтап есептеу үшін және осы бұрыштардың құралды білдекке орнықтырған соң болатын өзгерістерін есепке алу үшін қолданылады.

Кинематикалық координаталар жүйесі - басы кесу жиегінің қарастырып отырған нүктесінде, кесудің нәтижелегіш қозғалысының жылдамдығының бағытына қатысты бағытталған тікбұрышты координаталар жүйесі.

Негізгі жазықтық (P ) - кесу жиегінің қарастырып отырған нүктесі арқылы, осы нүктедегі негізгі немесе нәтижелегіш кесу қозғалысының жылдамдығы бағытына перпендикуляр координаталық жазықтық. Құралдық координаталар жүйесінде кесудің негізгі қозғалысының бағыты: қимасы тікбұрышты жону және сүргілеу кескіштерде конструкторлық орнықтыру базасына перпендикуляр; қашау кескіштерде - базаға параллель; ості құралдар мен жонғыштарда - құралдың айналма қозғалысы траекториясына жанама; тартажонғыш пен тісқашауыш - оське параллель алынады. Негізгі жазықтықтарды құралдық (P ), статикалық (P ), кинематикалық (P ) деп ажыратамыз. Бұл негізгі жазықтықтар - сәйкес координаталар жүйелерінің негізгі жазықтықтары.

Кесу жазықтығы (P ) - қарастырылып отырған нүктеде кесу жиегіне жанама және негізгі жазықтыққа перпендикуляр координаталық жазықтық. Әрбір координата жүйесінде сәйкес негізгі қиюшы жазықтықтыр болады, атап айтқанда P , P , P .

Негізгі қиюшы жазықтық (P ) - негізгі жазықтық пен кесу жазықтығының қиылысу сызығына перпендикуляр координаталық жазықтық. Әрбір координата жүйесінде сәйкес негізгі қиюшы жазықтықтыр болады, атап айтқанда P ,P , P .

Нормальды қиюшы жазықтық (P ) - қарастырылып отырған нүктеде кесу жиегіне перпендикуляр жазықтық.

Жүздің элементтері. Барлық кесу құралдарының, өңдеуге қалдырылған әдіпті кесу процесін жүзеге асыру үшін, қосылатын бөліктері (жүз) болады. Кесу құралы дайындамадан металл қабатын кесіп алып тастау үшін, оның жүзі анықталған жазықтықтармен кескінделуі керек. Осы жазықтықтар мен геометриялық параметрлерді ең көп тараған құрал - токарлық өтім кескішті мысал ретінде қарастырайық (7 сур.).

а) кескіш элементтері б) кесілетін қабаттың бұрыштары мен параметрлері


7 сурет. Кескіш пен кесілетін қабаттың беттері мен геометриялық параметрлері
Жүздің алдыңғы беті (1) - кесу процесінде кесілетін қабат пен жоңқамен түйісетін құрал жүзінің беті. Жүздің артқы беті (3,5) - кесу процесінде дайындама бетімен түйісетін құрал жүзінің беті. Кесу жиегі (2,6) - жүздің алдыңғы және артқы беттерінің қиылысуымен жасалған құрал жүзінің жиегі. Негізгі кесу жиегі (6) - кесілетін қабаттың үлкен жағын құратын кесу жиегінің бөлігі. Көмекші кесу жиегі (2) - - кесілетін қабаттың кіші жағын құратын кесу жиегінің бөлігі. Негізгі артқы бет (5) - негізгі кесу жиегіне жабысатын құрал жүзінің артқы беті. Көмекші артқы бет (3) - көмекші кесу жиегіне жабысатын құрал жүзінің артқы беті. Жүздің төбесі (4) - негізгі және көмекші кесу жиектерінің қиылысқан жеріндегі кесу жиегінің бөлігі. Кесу жиегінің дөңгелектену радиусы (ρ) - нормальды қиюшы жазықтықпен қиылған, кесу жиегінің қисықтық радиусы.

Геометриялық параметрлер (бұрыштар). Құралдың геометриялық параметрлерін барлық координаталық жазықтықтар жүйесінде қарастырады. Біз геометриялық параметрлерді координаталық жазықтықтар жүйесіне қарамай қарастырып, анықтама береміз. Алдыңғы бұрыш ( ) - жүздің алдыңғы беті мен негізгі жазықтық арасындағы қиюшы жазықтықтағы бұрыш. Әртүрлі факторлар әсеріне қатысты алдыңғы бұрыш мәні оң, теріс және нөлге тең болады. Алдыңғы бұрыш ( ) - жүздің артқы беті мен кесу жазықтығы арасындағы қиюшы жазықтықтағы бұрыш. Өңдеу жағдайына қарай артқы бұрыш мәні көбіне 6...12° тең болады. Үшкірлену бұрышы ( ) - жүздің артқы және алдыңғы беттерінің арасындағы қиюшы жазықтықтағы бұрыш. Негізгі кесуші жиектің көлбеу бұрышы ( ) - кесу жиегі мен негізгі жазықтық ортасындағы кесу жазықтығындағы бұрыш. Алдыңғы бұрыш ( ) сияқты, кесу жиегінің көлбеу бұрышының мәні оң, теріс және нольге тең болады және жоңқаның түсу бағытын анықтайды. Пландағы бұрыш ( ) - кесу және жұмыс жазықтықтары арасындағы негізгі жазықтықтағы бұрыш. Пландағы негізгі бұрыш ( ) және пландағы көмекші бұрыш ( ) болып бөлінеді. Бұл бұрыштар, кесуші жиектердің негізгі және жұмыс жазықтықтарындағы проекциялары арасындағы бұрыштар ретінде қарастырылады. Кескіш төбесіндегі бұрыш ( ) - негізгі және көмекші кесу жиектерінің проекциялары арасындағы негізгі жазықтықтағы бұрыш.

а) түзу б) теңбүйірлі в) кері


8 сурет. Кесілетін қабат пішімдері
Кесілетін қабат параметрлері. Өңдеу кезінде құралдың кесуші жүзі дайындама бетінен нақты бір пішім мен өлшемдегі материал қабатын алып тастайды. 7 суретте токарлық өтім кескішімен өңдеудің қарапайым жағдайы кескінделген. Мұндай өңдеуде алынатын қабат, кесудің негізгі қозғалысы жылдамдығының векторына перпендикуляр жазықтықпен қақ жарылады. Дайындаманың бір айналымында кескіш I орыннан II орынға беріліс S шамасына жылжиды. Алынатын қабатты қию нәтижесінде биіктігі «a» және қалыңдығы «b» параллелограмм аламыз, осы өлшемдер алынатын қабат параметрлері болып келеді: «a» - алынатын қабаттың қалыңдығы, ал «b» - оның ені. Алынатын қабаттың қалыңдығы деп, дайындаманың бір айналымында кесу бетінің шектес қалпы арасындағы нормаль бойынша өлшенген қабат өлшемін айтамыз. Алынатын қабаттың ені деп, қабат қалыңдығына нормаль бағытында өлшенген қабат өлшемін айтамыз. «a» ені мен «b» қалыңдығын алынатын қабаттың физикалық өлшемдері деп айтамыз.

Алынатын қабаттың физикалық өлшемдері мен кесу режимдерінің элементтері (t, S) арасында геометриялық байланыс бар. Алынатын қабаттың ауданы f=a·b= S·t түрінде анықталады. Алынатын қабаттың және кесу режимдері элементтерінің арасындағы байланыс пландағы негізгі бұрыш арқылы анықталады (5 сур.).

T = b · sin және S = S · t = a · b



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет