1-тақырып. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



Pdf көрінісі
Дата07.02.2023
өлшемі292,87 Kb.
#167758
Байланысты:
1 семинар
Мұстафа Шоқай — Уикипедия, Melt-processing-and-applications-of-largesize-bulk-superconductors2002Quarterly-Report-of-RTRI-Railway-Technical-Research-Institute-Japan, Melt-processing-and-applications-of-largesize-bulk-superconductors2002Quarterly-Report-of-RTRI-Railway-Technical-Research-Institute-Japan, Melt-processing-and-applications-of-largesize-bulk-superconductors2002Quarterly-Report-of-RTRI-Railway-Technical-Research-Institute-Japan, Лекция, кератоконус, 3 Практикалық тапсырма (2), Ажыратқыштар реферат, Ñ лмаÑ Ñ гÑ , Снимок экрана 2022—09—28 в 20.42.45, ПЦТиМУ Хамза Р. Лаб №5, СЖ№2 МСПЗ, йге тапсырма Тест с ра тары (1), 7486e3a3-372c-414b-9810-572947c51448, ТЗ по распознаванию и по джава


1-тақырып. 
 
Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы.
Қазақстан 
аумағындағы тарихқа дейінгі адамдардың мәдениеті 
1. Адамның шығу тегі, тұрмысы мен шаруашылығы туралы тұжырымдар. 
2. Антропогенез, глоттогенез, культурогенез туралы түсінік. 
3. Қазақстан аумағының археологиялық ескерткіштері. 
4. Ежелгі кезеңдегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. 
5. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер. 
 
Семинар сабағының мақсаты: 
Қазақстан аумағындағы ежелгі дәуір 
кезеңдерінің ерекшелігін көрсету. Қазақстан аумағының ландшафтық-
климаттық өзгерістер, ежелгі адамдар және олардың даму кезеңдері мен тас 
дәуірі ескертекіштерінің тарихи маңызын айқындап, осы кезеңді зерттеген 
ғалымдардың негізгі көзқарастары мен тұжырымдарына кешенді түрде баға 
беру.
 
Ежелгі кезеңдегі рухани және материалдық мәдениеттің 
ерекшеліктерін анықтап, әр кезеңдегі өнер мен діни түсініктердің дамуын, 
ескерткіштердегі антропо және зооморфтық бейнелердің, петроглифтердің 
ерекшеліктері мен ежелгі адамдардың тілі мен түрлі білімдерді меңгеруін 
зерттеу еңбектері арқылы кешенді түрде қарастыру.
 
Әдістемелік нұсқаулар:
 
Қазақстан аумағындағы ежелгі ескерткіштер мен тұрақтардан табылған 
археологиялық жәдігерлерді сипаттап, оларды зерттеген ғалымдардың 
еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар алғашқы 
адамдардың пайда болуы туралы түрлі көзқарастарды сараптап, жазбаша 
дайындалуы қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, дисскусия 
жасайды. 
Ежелгі кезеңде өмір сүрген адамдардың рухани және материалдық 
мәдениетінің ерекшеліктеріне қатысты
 
зерттеу еңбектері мен жаңа 
көзқарастарға ауызша талдау жасалынады. Өнер мен діннің қалыптасуы мен 
аймақтық ерекшелігін анықтап, ақпараттық технологияларды пайдалана 
отырып картамен жұмыс жасайды. Ежелгі тұрақтардағы табылған 
материалдық құндылықтарға сараптама жасауды үйренеді. Сонымен қатар 
Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, 
Баянжүрек петроглифтеріне байланысты кесте дайындалуы қажет. 
 
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1. Қазақстан тарихы (Қазақ елі). 1-кітап. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 458 б. 
2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – Т. 1 том. – Алматы: 
Атамұра, 1996. 
3. Таймагамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен 
негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б. 
4. История древнего Казахстана / Под ред. Байпакова К.М. - 2-е изд. - Алматы: Рауан, 
1996. - 112 с. 
5. Исмагулов О., Исмагулова А. Происхождение казахского народа. По данным 
физической антропологии. Алматы, 2017. – 196 с.


6. Харари Ю.Н. Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы. – Алматы.: (Ұлттық аударма 
бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 368 б. 
7. Кром М.М. Тарихи антропология. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық 
қоры. 2020 жыл. 
9. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. Практикум. – Алматы: Қазақ университеті., 2016.
10. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. – Алматы: Нұрпресс, 2011. 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет