1 тақырып. Инвестициялық қызмет және инвестицияның экономикалық мәні


тақырып. Инвестициялық жобаларды несиелеу



бет11/12
Дата07.02.2022
өлшемі186,07 Kb.
#96540
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
529699910741 лекциялар Кәсіпорынның инвестициялық қызметі

13 тақырып. Инвестициялық жобаларды несиелеу.
Дәріс мақсаты Инвестициялық жобаларды несиелеу әдістемесінің бағыттарымен таныстыру.
Тақырыпқа негізгі сұрақтар:
1.Жобалық несиелеудің экономикалық мəні.
2.Қазіргі əлемдік тəжірибеде жобалық несиелеудің негізгі түлері.
3.Жобалық несиелеудің ерекшелігі.
Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин. Олай болып келу себебі, кешегі бір орталықтан жоспарлау жүйесінде, 1991 жылға дейін оның орнына “капитал жұмсалымы” деген сөзі жиі қолданылды. Енді осы екі сөздің арысында қандай айырмашылық болуы мүмкін, соған мəн берейік. Инвестиция ұғымы капитал жұмсауға қарағанда кең мағыналы. Жоспарлы экономика тұсында “капитал жұмсалымы” деп негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалынатын, соның ішінде оларды жөндеу шығындарын қамтитын барлық шығындарды түсінген. Ал инвестиция ұғымына келсек, қазіргі экономикалық əдебиеттерде, соның ішінде сөздіктерде оған əртүрлі ұғымдар берілген. Осы ұғымдарға тоқталайық. Б.А. Райзберг, Л.Ш. Лозовский жəне Е.Б. Стародубцеваның жазған экономикалық сөздігінде1 : “Инвестиция - пайда табу мақсатында өэ елінде немесе шет елде əр түрлі саланың кəсіпорындарына, кəсіпкерлік жобаларға, экономикалық-əлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді ” – делінген. Лапусты М.Г. жəне П.С. Никольскийдің жалпы редакцияны басқарумен дайындалған сөздікте: “Инвестиция – табыс алу жəне əлеумкттік теңділікке қол жеткізу мақсатында кəсіпкерлік объектісіне жəне басқада құндылықтар түрлеріне жұмсалынған ақшалай қаражаттар, мақсатты банк салымдар, пайлар, акциялар жəне өзге де бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, несиелер, басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар, жəне интелектуалдық құндылықтар” - деп түсіндіріледі. Шет елдік инвестицияға байланысты заңда2 инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кəсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік жəне интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде : - жылжитын жəне жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз стауға арналған тауарлардан басқалары; - акциялар жəне коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары; - облигациялар жəне басқа да борыштық міндеттемелер; - инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер; 1 Райзберг Б.А., Лозовский Л.Ш., Е.Б. Стародубцева “Современный экономический словарь – 3-е изд. доп. С.145/Москва ИНФР-М.2000.” 2 “Шет ел инвестициялары туралы” ҚР заңы 27.12.1994 2 - интелектуалдық қызметтің нəтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркəсіп үлгісі, технологиялық процестер, нау-хау3 , нормативтік-техникалық, сəулеттік, констукторлық жəне технологиялық жобалық құжаттар; - лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кəсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ”. Б.А. Колтынюктің еңбегінде4 : “Инвестициялау – бұл көптеген экономикалық игіліктерді өндіру үшін капитал (ресурс) қорын жасау немесе толықтыру. Қаржы жəне экономика тұрғысынан қарағанда инвестициялау – бастапқы жұмсалынатын капиталдан асатын мөлшерде алдағы уақыттарда таза пайда алу мақсатында экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімде жұмсау” – деп сипаттама береді. И.В.Сергеев, И.И.Веретникованың еңбегінде инвестиция деп – пайда немесе басқа да тиімділікке қол жеткізу мақсатында жаңа кəсіпорындар құру, жұмыс істеп отырған кəсіпорындарды кеңейту, кəсіпорындарды қайта құру жəне техникалық жағынан қайта қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар жəне басқа да бағалы қағаздар мен активтерді сатып алуға бағытталған мемлекеттің, заңды жəне жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары, мүліктік жəне интелектуалдық құндылықтарды түсіндіреді5 . Инвестицияның мазмұнын сызба түрінде беруге болады: Пайда табу және әлеуметтік тиімділікке жету Жұмсалымдар (шығындар) Ресурстар (құндылықтар) 1.2. Инвестицияның түрлері жəне типтері Іс-жүзінде инвестицияларды мынадай түрлері белгілі: Мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік бюджет есебінен жəне басқа да мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық жəне əлеуметтік дамуға бағытталған инвестициялар; Жеке инвестициялар, корпоративтік кəсіпорындар мен ұйымдардың меншікті жəне тартылған қаражаттары, сондай-ақ азаматтардың жинақтары есебінен жүзеге асатын инвестициялар; Шет елдік инвестициялар, пайда табу мақсатында кəсіпкерлік жəне басқа да қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шет елдік инвесторлардың (мемлекеттің, банктердің компаниялардың, кəсіпкерлердің) барлық мүліктік жəне интелектуалдық құндылықтары; Инвестиция туралы заңға6 сəйкес “шет ел инвестициясы – Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық қорына қатынасу нысанында, сондай-ақ оларға займдар (несиелер) беру жəне Қазақстан Республикасының “Лизинг туралы” заңымен көзделген шартпенен лизинг заттарын беру жолымен жүзеге асырылатын инвестицияларды білдіреді. Қазақстан Республикасы аумағында шет ел инвесторлары заңмен тиым салынбаған кез келген объектіге жұмсалынады. Инвестициялау объектілеріне мыналар жатады: - халық шарушылығының барлық салаларындағы жаңадан құрылатын жəне жаңартылатын негізгі қорлар мен айналым құралдары; - мақсатты ақшалай салымдар; - ғылыми-техникалық өнімдер; - интелектуалдық құндылықтарға қатысты құқықтар; - мүліктік құқықтар. Шет ел инвестициясы мынадай жолдармен жүзеге асады: - заңды жəне жеке тұлғалармен бірігіп құрылатын кəсіпорындарға үлес қосу; - шет ел инвесторларына толық тиеслі кəсіпорындар, сондай-ақ шет елдік заңды тұлғалардың филиалдарын құру; - кəсіпорындар, ғимараттар, құрылғылар, кəсіпорындарға қатысу үлесін, пай, акциялар, облигациялар жəне өзге де бағалы қағаздарды сатып алу; - жерді жəне басқа да табиғи ресурстарды пайдалану құқығын сатып алу; - займдар мен несиелер беру; - мүліктер мен мүліктік құқықтар беру”. Өндірістік инвестициялар, жұмыс жасап отырған кəсіпорындарды кеңейтуге, қайта құруға жəне техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа құрлысқа капитал жұсмаумен байланысты инвестицялар. Интелектуалдық инвестициялар, интелектуалдық жəне рухани өнімдерді жасауға жұмсалатын инвестициялар. Бақыланатын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар. Бақыланбайтын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан төмен бөлігін иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар. Инвестицияның төмендегідей типтері болады: 1) Портфельдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципальдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына жəне басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары. 6 “Шет ел инвестициялары туралы” ҚР заңы
Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алады жəне өтімді резервтерін қалыптастырады. Портфельдік иневстицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер, инвестициялық компаниялар жəне фирмалар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында портфельдік иневстициялардың құрылымында корпоративтік бағалы қағаздарға қарағанда мемлекеттің бағалы қағаздарына жұмсалымдардың үлесі біршама жоғары. Оның себебін мемлекеттің бағалы қағаздарына салынған қаражаттың сенімділігін, яғни тəуекелге ұшырамайтынан көруге болады. Ал корпоративтік бағалы қағаздар қаншалықты табысы жоғ Нақты капитал (капитал жасайтын) инвестициялар – материалдық өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кəсіпорындарды қайта құру жəне техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кəсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кəсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды. 3) Материалдық емес активтерге салынған инвестициялар – кəсіпорынға, жобаларға жəне қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке жəне басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар.
Жобалық несиелеудің тағы да бір ерекшелігі, мұнда ірі компанияның меншікті капиталынан жоғары мөлшерде капитал тартуға мүмкіндік туындайды. Ал ұсақ компаниялар үшін капиталдан жоғары мөлшерде несие алуға мүмкіндік шектелген.
Жобалық несиелеуде жобаны іске асырудан туындайтын тәуекелдің жартысын жобаның басқа да қатысушыларына бөлуге мүмкіндік бар. Ал қарапайым несиелеуде мұндай тәуекелдің барлығы бір қатысушының басында болады.
Жобаның құрылтайшылары мұндай несиелеу барысында алған несие бойынша қарызды өзінің балансында көрсетпейді, ол тек қана арнайы компанияның балансында есепке алынады. Нәтижесінде мұндай несие құрылтайшының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал етпейді.
Сонымен, жобалық несиелеудің басқа несие нысандарынан айырмашылығы мынадай:
пайыз бен негізгі қарызды қайтару негізіне жобаны іске асырудан түсетін табыстар жатады;
жоба бойынша тәуекел оған қатысушы тұлғалар арасында бөлінеді;
заемдық капиталдың бірнеше көзін бірдей пайдалану мүмкіндігі бар;
жобаны қаржыландыруға байланысты заемдық қаражаттар арнайы құрылған компанияға беріледі;
жобалық несиелеу құны өте жоғары.
Жоғарыда аталып отырған жобалық несиелеудің өзіне тән ерекшеліктері оған қатысушыларда жобаны инвестициялау алдындағы сатыға көңіл бөлуді, яғни инвестициялық жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін іскерлік-жоспардың сапалы дайындалуына мән беруді талап етеді. Бұл өз кезегінде жобалық несилеуді жүзеге асыруға және жобаға қатысуға байланысты шешім қабылдауға мүмкіндік жасайды.
Жобалық несиелеудің өзіне тән объектісіне инвестициялық жоба жатады. Инвестициялық жобаға түсінік бермес бұрын жоба сөзінің мәніне тоқталайық.
Жоба - бұл белгілі бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің (мақсаттың) болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді.
Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй немесе құрылыс объектісін салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары, кәсіпорынды қайта құру, жаңа ұйым құру, жаңа техника және технологиялар жасау, кинофильмдер шығару, аймақты дамыту және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет