1-тақырып: Менеджмент басқару туралы ғылым Дәріс жоспары



бет3/9
Дата08.02.2022
өлшемі18,88 Kb.
#119516
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 1 ББМ
2 сынып даптери
Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты объектісі – өскелең ұрпақ болып табылады. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару не тікелей (мұғалімдер, тәрбиешілер арқылы), не жанама – мемлекеттік қоғамдық ұйымдар арқылы жүргізіледі.
«Қысқаша педагогикалық сөздік-анықтамалықта» педагогикалық менеджменттің мынадай басқарушылық аспектілері көрсетіледі: болжау, бағдарламалау, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, ынталандыру, түзету, педагогикалық процесті талдау.
Л.П. Крившенко педагогикалық менеджментті – оқыту процесінің нәтижелігін арттыруға бағытталған басқару ісінің принциптері, әдістері, ұйымдық формалары мен технологиялық тәсілдерінің кешені ретінде анықтайды. Оның бастапқы өзіндік ерекшелігі менеджер жұмысының пәніне, өніміне, еңбек құралы мен нәтижесіне байланысты. Менеджер еңбегінің пәні – басқарылушы субъектінің іс-әрекеті; еңбек өнімі – оқу-тәрбие процесі туралы ақпарат, еңбек құралы – тіл, яғни сөз және сөйлеу.
М.Х.Месконның, М.Альберттің, Ф.Хедоуридің «Менеджмент негіздері» аттыеңбегінде менеджмент бірнеше мағынада қолданылады:

  • басқа адамдардың еңбегін, сеп-түрткілерін, интеллектісін пайдалану арқылымақсатқа жете білу іскерлігі;

  • әртүрлі ұйымдардағы жұмысшыларға басшылық жасау жөніндегі қызмет түрі;

  • адам білімдерінің басқаруды жүзеге асыруға көмектесетін саласы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет