1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


 Рекреациялық географияның туристік қызметпен байланысы



Pdf көрінісі
бет14/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

 
5.2 Рекреациялық географияның туристік қызметпен байланысы 
Рекреациялық географияның туристік қызметпен өзара байланысы 
рекреациялық қызметтің жеке субъектісі мен географиялық кеңістіктегі 
рекреациялық жүйелерді ұйымдастыру үрдісі арқылы көрініс табады. XX 
ғасырдың 80 жылдарының ортасына дейін рекреациялық географияда 
*
Мироненко Н. С., Твердохлебов И. Т. Рекреационная география / М.: Изд-во Московского ун-та, 1981. 


«рекреация» және «рекреациялық іс-әрекеттер» ұғымдары, тіршілік 
ортасынан тыс сауықтыру және демалыс үрдісіне бағытталған жаппай 
туристік қызметтің бір формасы ретінде, яғни, мамандандырылған аумақтар 
шеңберінде қарастырылды. Осылайша, рекреациялық қызмет үрдісі тар 
мағынада қарастырылып, және тек қана тұрғылықты халықтан тыс 
адамдардың демалысына назар аударылды. 
Қазіргі уақытта туризм адамның рекреациялық қызметінің құрамдас 
бөлігі және рекреацияға негізделген туризмнің әртүрлі түрлері бар. Осы 
тұрғыдан алғанда, рекреациялық география рекреацияны демалыс пен 
демалыстың кеңістіктік қозғалысымен байланысты жеке адамның әлеуметтік 
және рухани өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Ресейлік және 
отандық ғалымдар: «... рекреацияның ұзақтығын қысқа мерзімді (тұрақты 
тұрғылықты жерге түнеуге оралғанда) және ұзақ мерзімді (тұрақты 
тұрғылықты жерінен тыс түнегенде) деп қарастырады.
 
5.3. Аймақтың туристік және рекреациялық әлеуетін бағалаудың 
географиялық әдістері 
А.М. Берлянт өзінің еңбектерінде алғашқылардың бірі болып, 
классикалық карталар мен олардың рекреациялық географияда қолдану 
ерекшеліктерін сипаттап көрсеткен
*
. Дегенмен, бұл әдістің ең толық 
сипаттамасы Д.В Николаенко еңбектерінде қарастырылған, ол рекреациялық 
географияда картографиялық білімнің екі деңгейін атап көрсетеді: 
1.
Карталарды оқи алу және рекреациялық географияға қызығушылық 
тудыратын түрлі құбылыстарды көрсететін картографияның мүмкіндіктерін 
білу; 
2.
Географияның теориясы мен практикасы саласында жүйелі 
дайындықты жүзеге асыру барысында қалыптасатын рекреациялық 
география мақсатында карталарды дұрыс құрастыра білу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет