1-тапсырма Бастауыш математикалық білім беру мазмұны және оны оқытуды ұйымдастыру



бет6/8
Дата13.10.2022
өлшемі1,88 Mb.
#152907
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Матем 2
Напалеон жорығы (копия), Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, Ратанова Ш Тапқыр ақпаратшылар, E649FA7B-39EB-4264-9A53-AA8FC5D84274, тәжірибелік сабақ, Белгібай Аружан Соөж-7, 14-Дәріс, Art Mind Map, Бұлшықет биомеханикасы

100 көлеміндегі сандар.


«Жүздік» тақырыбында оқушылар:

  • жаңа санау бірлігі – ондықпен және санау жүйесінің ең маңызды ұғымы – разряд ұғымымен танысады;

  • ауызша және жазбаша нөмірлеудің негізін құрайтын екі таңбалы сандардың жасалу, оқылу, жазылу принциптері, сондай – ақ оларды салыстыру қарастырылады.

  • Бұл тақырыпты оқытудың негізгі нәтижесі ретінде: 100-ге дейін санауды, сандарды оқуды, жазуды және толық ондықтармен санауды үйренуді; разряд, разрядтық сандардың қосындысы: бір таңбалы, екі таңбалы сан; бірлік, ондық терминдерін игеруді атауға болады. Мұнда алдымен 10 көлеміндегі сандарды қайталай отырып, жекелеген бірліктерден ондық құралып, толық ондықтармен санайды, яғни 10 бірлік – ондық.

1000 көлеміндегі сандар.

  • Бұл таұырыпты оқытуда барлық оқушылар: 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды, натурал сандар қатарындағы орнын анықтауды білетін болады. 1000 көлеміндегі сандар нумерациясымен таныстыру әдістемесінің реттілігі 100 және 999 көлеміндегі сандарды қайталау, толық ондық сандардың нумерациясын қайталау, 21-ден 99-ға дейінгі сандар нумерациясын оқу (ауызша, екінші жазбаша түрде). Толық ондықтармен танысу сабақтарында толық ондықтардың атауы, жазылуы түсміндіріледі. Толық ондықтармен санауды, есептеуді үйренгеннен кейін 21-ден 99-ға дейінгі сандар нумерациясымен жұмыс басталады. 29+1=2 онд. 9_бірл.+1_онд.=2 бірл. 10 онд.=3 бірл. 30-1=2 онд.10 бірл.-1 бірл. = 2 онд. 9 бірл. = 29 99+1=9 онд. 9бірл -+1_ бірл -= 9 онд.- 10бірл.= 10 онд. = 100 100-1 = 10 онд.-1 бірл.=9 онд.10 бірл.-1 бірл.=9 онд. 9 бірл.=99 . 1000 көлеміндегі сандармен танысуда жаңа есептеу бірлігі жүздікпен танысады, бірлікпен, ондықпен санағандай жүздіктермен санауды үйренеді, мың көлеміндегі сандардың ондық құрамымен танысады. 1000 көлеміндегі сандар нумерациясымен таныстыруда балалардың 1000 санының шынайы бейнесін, құрамын елестете алмауынан көптеген қиындықтар туындайды. Санауға үйрену барысында жаңа сандарды құрауда, кері санауға үйренуіде есте сақтаудың әлсіздігінен қиындықтарға кездеседі. Сандардың разрядтық құрамын ажыратуда сандардың орындарын ауыстыру мысалы 205 санын 25 деп жазу немесе оқу сияқты қателіктер жібереді. 10 жүздіктің 1000-ды құрайтынын үйретуде көп қиындықтар кездеседі. 1000 көлеміндегі сандар нумерациясымен таныстыру жұмысына кірісерде, нумерацияны оқыту жүйесін нақты анықтап, қажетті көрнекіліктер мен нұсқаулардың дәлдігіне таңдау жасап, оқушылармен жүргізілетін практикалаық жұмыстардың мазмұны мен түзет жұмыстарының мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін анықтауымыз керек. 1000 көлеміндегі сандар нумерациясына үйрету жұмысының реттілігі былайша құрылады:

  • Толық жүздіктерді алу. Толық жүздіктерді жазу. Толық жүздіктермен тура және кері санау.

  • Жүздіктерден, ондықтардан, бірліктерден тұратын толық үш таңбалы сандарды алу. Үш таңбалы сандарды толық жазуға үйрену.

  • Жүздіктер мен ондықтардан (560), жүздіктер мен бірліктерден (506) тұратын үш таңбалы сандарды алу. Нольдің сан ортасында, сан соңында келетін жағдайларын жазу.

  • 1-ден 1000-ға дейін бірліктермен санау. 1-ден 1000-ға дейінгі сандарды жазу.

  • Разрядтық бірліктермен санау (1, 10, 100), сан топтарымен санау (2, 5, 20, 50, 200, 250, 500).

  • 1-ден 1000-ға дейінгі сандар қатарын бекіту.

  • Амалдарды орындауды үйрену кезіндегі сандар нумерациясын бекіту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет