1-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. 1-мәтін



бет1/2
Дата05.12.2022
өлшемі22,51 Kb.
#161215
  1   2
Байланысты:
9.1-тоқсан тжб қазақ т 2-нұсқа ША
Плазма, Гранатовый браслет

Сыныбы__________ Аты-жөні _____________________________________
2 нұсқа. «Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Мәңгілік Ел – мұратым», «Жаһандану мәселелері» бөлімдері бойынша
1-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқыңыз.

1-мәтін
Қадірлі халқым!
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Ел ордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық.
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!
2-мәтін
Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.
Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.
Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.
Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады, сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.

  1. Мәтінді оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың қолданылуына сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Мысалдар арқылы дәлелдеңіз. [16]




тапсырмалар

1-мәтін

2-мәтін

Негізгі ойы [1+1]





Стилі [1+1]









Тілдік амал-тәсілдері [2+2]







Мәтіндерден стильге тән сөздерді теріп жазыңыз. [2+2]





Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз [2+2]



1.





1.
2.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет