1-тарау. Жалпы ережелер



бет1/2
Дата05.11.2023
өлшемі399,44 Kb.
#189845
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
5. Каз. язык и литература 15.08.2017
Ғылымның адам өміріндегі рөлі, 4кл 4т ЖБ1, қазақтың қайсар қыздары, Абайды оқы, 2т. ТЖБ. Қазақ әдебиеті 8 сынып


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы « » ___________
№ ____ бұйрығына 5-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 196-қосымша 
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде емес)





1-тарау.Жалпы ережелер





  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты:негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты–оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:

  1. шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағ-дыландыру;

  2. білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;

  3. туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;

  4. оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

  5. оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

  6. оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәс-түрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

4.Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» деңгейлерін (B1, B2,) негізге ала отырып, айқындалған.
5. Бағдарлама әр деңгейдің соңындағы күтілетін нәтижелер түрінде берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет