1. Таубекеш Баян Нұрғалиқызы,2курс,екі шет тілі



Дата26.02.2023
өлшемі14,2 Kb.
#170226
түріСабақ
Байланысты:
Бомайтын бір нәрсе (копия)


1. Таубекеш Баян Нұрғалиқызы,2курс,екі шет тілі
2.Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы “18мектеп-лицейі”.
Мұғалімнің аты-жөні:Мукушева Арайлым Серикжанқызы
3. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым. Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым.
4. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен тыңдадым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым.Ағылшын пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым және мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым, осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым.
5. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым.
6. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым.
7. Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.
8. Сынып жетекші ата-аналармен жұмысты ең алдымен жиналыстан бастайды.Ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.Оның мақсаты мен міндеттерімен, соған орай өзінің әрекет ету бағдарламасы мен тәсілін, тәрбие жоспарымен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстармен таныстырады.Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.Мектеп тәжірибесінде сынып жетекші ата-аналарды балалармен бірге әрекеттке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады.Саяхат, таза ауаға серуен, спорттық жарыстар,жаңа жыл шыршасы, күзгі бал мерекесі,наурыз мейрамдары,оқушылардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру т.б.
9.Орта сынып оқушыларымен жұмыс оңай емес бірақ мен барлығымен жақсы араласуға тырыстым.Сынып оқушыларымен топтық жұмыс істегенде қиындықтар туындады балаларды бір жерге жинап басқару және өзіме қарату қиындық туғызды.Орта сынып оқушыларының жастары бір ерекше кез себебі олардың басынан әртүрлі жағдайлар өтеді және осы жағдайда олармен қарым-қатынас орнату қиын болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет