1. Тәжірбе базасымен, шаруашылық қызметімен, бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен танысу


Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі



бет2/6
Дата25.01.2022
өлшемі50,25 Kb.
#114381
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
PRAKTIKA OTChET (1) (копия)
Entry test Grade 2, Задание № 1, Блок древние люди и становление кочевой цивилизации, ПРОГРАММА МАГ.РУСС, 10, 9
2.Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі
Ақша қаражаттары арқылы субъектілер бір-бірімен есеп айырысуды ұйымдастырады. Мекемелер қолма-қол есеп айырысуды және банктік операциялар кезінде әр түрлі қаржылық қатынастарды ұйымдастырады. ҚР-да ақшалай қатынастарды ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Қаржы Министрлігінің заңдарымен нормативтік актілер, ережелер арқылы реттеледі.

Олардың арасына:



  • ҚР Ұлттық Банкі бекіткен кассалық операциялар жүргізу тәртібі;

  • ҚР 03.08.2010 ж. № 393 бұйрығы «Қорларды есепке алу тәртібі»

  • ҚР Қаржы Министрлігі бекіткен «Бухгалтерлік стандарттар» және т.б.

Кәсіпорынның немесе меке ақша қаражаттарының есебін жүргізгенде мына жайларды қамтамасыз ету керек:

  • Есеп беру кезеңінің ішінде ақшаларды бағалау мен есептік саясатқа сәйкес ұйымдастырылуын;

  • Қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезеңде жүзеге асқан барлық ақшалай операциялардың есепте толығымен көрініс табуын;

  • Тиісті есепті кезеңде ақшалай операцяларды есептік регистрлерге және есепке дұрыс қатыстырылуы;

  • Әрбір айдың басына синтетикалық шоттары бойынша қалдығы, аналитикалық шотының айналымының сәйкестігі сақталуы керек.

Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспары арқылы ай сайын есепшотқа ақша түседі. Мемлекеттік мекемелер шығыс операцияларын жүзеге асыруды ағымдағы қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары шегiндегi шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жүргiзедi. Есепті кезеңдегі ақшалай қаражат ағындары туралы ақпарат мемлекеттік мекеменің ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінен ағындарға бөле отырып, беріледі.

Мемлекеттік мекеменің қаржыларын, төлемдерін жасау қызметін тек қана мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас есепшісі ғана төлемдерді өткізеді. Ол үшін қазынашылық депортаментке қол қою үлгісін өткізеді.

Мемлекеттік мекеменің қолма-қол ақшаны екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (әрі қарай – банк) арқылы алу Бюджетті атқару ережелерінде анықталған тәртіппен жүргізіледі.

1080 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" шоты мынадай қосалқы шоттардан тұрады:

       1081 "Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары";

       1082 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";

       1083 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";

       1084 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";

       1085 "Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";

       1086 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар";

       1087 "Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар".

Осы шоттың қосалқы шоттарының дебетінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы, сондай-ақ ағымдағы жылдың кассалық шығындарын қалпына келтіруге енгізілген сома, ал кредитте - мақсатты тағайындау бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына сәйкес жұмсалған қаражат көрсетіледі.

Мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулардың сомасына мынадай жазба жүргізіледі:

       1081 "Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары", 1083 "Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар", 1086 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шоттарының дебеті және 6010 "Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер" шотының кредиті.

       1082 "Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 6020 "Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер" шотының кредиті;

       1084 "Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 6030 "Трансферттер бойынша кірістер" шотының кредиті;

       1085 "Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 6040 "Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер" шотының кредиті;

       1087 "Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 5012 "Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен күрделі салымдарды қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті.

Қаржыландыру жоспары – есепшоттың кіріс құжаттары болып саналады. Солар арқылы есепшотқа ақша түсіп тұрады.

Мекеме 1-С компьютерлік бағдарламасын қолданады. Төлем шоты арқылы әр түрлі төлемдер өткізеді. Мысалы: жұмыскерлер шотына еңбекақы аудару, салық төлемдерін аударады, зейнетақы жарналарын аудару, коммуналды төлемдер аудару. Әр түрлі шарттар бойынша төлемдер аударылады. (Мысалы: жиһаз сатып алу, компьютер, қағаз және т.б. яғни, күнделікті пайдаланылатын заттар).



Банк есепшоттары: 1081, 1091, 1092, 1093

Дебет бойынша бұл шоттарда кірістері есептеледі.

Кредит бойынша бұл шоттарда шығыстары есептеледі.

Мемлекеттік мекеме болғандықтан, әр төлемдер шығыстар ерекшеліктері бойынша аударылады. Олар бюджет кодексі бойынша нөмерленген. Мысалы:

111 – еңбекақы төлеу

121 - әлеуметтік салық

113 - еңбек демалысына қосымша төлемдер

122 - әлеуметтік сақтандыру

149 – әр түрлі материалдарды сатып алу

414,419,416 шоттары негізгі қорларға жататын жабдықтар сатып алу.

№2 Мемориалды ордер бойынша 1 ай бойы ақша қаражаттарының қозғалысын тіркейді және ай соңында шоттағы қалдықты есептеп шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет