1. Тәуелсіздік ұлттық және мемлекеттік құрылыстың факторы ретінде? Қазақстан Республикасы



бет1/12
Дата07.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#84465
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Семинар сабағы тапсырмасы 7апта
ТЕСТ ИКТ



Тақырып7.Қазақстанның ұлттық қайта құру жаңғыруы және демократиялық құқықтың мемлекеттің құрылуы
1.Тәуелсіздік ұлттық және мемлекеттік құрылыстың факторы ретінде?
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады. Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады. 
Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.
Президенттің өкілеттілігі:

  • жоғарғы бас қолбасшы болып табылады;

  • президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие;

  • парламентті таратуға құқылы;

  • референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады;

  • парламент қаьбылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;

  • парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды;

  • парламент келісімімен Ұлттық банктің төрағасын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің төрағасын қызметтеріне тағайындайды;

  • дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды;

  • үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя аладым;

  • мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;

  • халықаралық келіссөздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;

  • төтенше және әскери жағдайды енгізеді.

Президент мемлекетке опасыздық жасағаны үшін парламенттің қос палатасы отырысының шешімімен орнынан алынып тасталынады.
Қазақстан президенті қызметі 1990 жылы 24 сәуірде тағайындалды, осы кезден бері бұл қызметте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Нұрсұлтан Назарбаев отыр. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы жалпы халықтық президент сайлауы нәтижесінде президент болып сайланды, ал 1995 жылғы референдум бойынша оның президенттік өкілеттігі тағы ұзартылды. Кейін ол 1999 жылғы кезектен тыс және 2005 жылғы кезекті президенттік сайлаулар нәтижесінда тағы да президент болып сайланды.2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ант қабылдады. Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 2016 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев болып табылады. 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Асқар Ұзақбайұлы Мамин болып табылады. Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады. Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 адамнан тағайындайды. Олардың өкілеттіліктері 13 жылға созылады. Әкімшілік жағынан Қазақстан 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалаға (Астана, Алматы, Шымкент) бөлінеді. Олардың әкімдерін президент тағайындайды. Биліктің өкілетті органдары — мәслихатты облыстар мен елді мекендерде жергілікті халық сайлайды. 1991 жылға дейін елде тек жалғыз коммунистік партия болды. Ол 1991 жылы таратылған КОКП құрамына кірген болатын. Қазіргі таңда елде конституцияға сәйкес көппартиялық жүйе енгізілген. «Тәуелсіздік», «бостандық», «еркін­дік» – жалпы адам баласы мәңгілік ұмтылып келе жатқан қасиетті ұғымдар. Тәуелсіздік әрбір мемлекеттің аса қажетті атрибуты болса, азаттық пен еркіндік – сол мемлекеттің әрбір мүшесінің асқақ арманы мен өмір сүру тәсілі.
Мемлекетіміздің тәуелсіздік сипатқа ие болғанына жиырма жылдан асса да, қоғамымызда «Тәуелсіздік» ұғымына әлі тереңдеп бара алмаудың, оның Алаш жетекшілерінің түсінігіндегі құдіретті мәнін толық игермеудің салдарынан еркін сананы қалыптастыра алмай келеміз. Баяғы құлдық психологиядан арыла алмау, өзгеге жалтақтау, басқаға жөн-жосықсыз еліктеу, саяси белсенділігіміздің әлсіздігі, рухани жұтаңдық ұлттық мәселелеріміздің батыл шешуге, ұлттық рухымызды көтеруге тұсау болуда. Осы орайда халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлының осыдан алпыс жылдай бұрын айтқан «Ұлттық рух тамаша қасиеттерге ие, өз ұлтыңды тануға көмектеседі, ал бізге осы асыл қасиеттерді дамыта түсу қажет» деген өсиетін айта кетсек, артық болмас.
Қазір біразымызға ұлттық рухпен суарылған ұлтшылдық қасиет жетпей отыр. Тіпті, осы «ұлтшылдық» ұғымды ресми қолдануда көбіне кешегі кеңестік кездегі мағынасынан әрі аса алмай жүрміз. Өз ұлтын шынайы сүйгенді Алаш көсемдері ұлтшыл деп атаған еді. М.Әуезов 1923 жылы жазған Ыбырай Алтынсарин туралы мақаласында «Біздің ойымызша, Ыбырай барып тұрған ұлтшыл болғандықтан, өзінің сүйікті ана тілінде жазды» деген еді. Қазақ сөзінің мән-мағынасын Мұхаңнан артық біле қоймайтын шығармыз.
Осыларды ескере отырып, өз халқын шынайы сүйгенді Алаш жетекшілерінің тілімен «ұлтшыл» деп, өз ұлтын өзгеден артық санауды, яғни, ұлттық астамшылдықты «шовинизм» деген жөн болар еді. Әсілі, өз ұлтын сүйе алмаған өзгенің де қадір-қасиетіне жете қоймайды. Өз ұлтын биік санаған өзгенің асқарын көре алмайды.
Қазіргі жаһандану заманында рухани иммунитеті күшті, өз ұлтын жанындай жақсы көретін, ұлттық рухы мықты, бірақ өзге этностардың да қадір-қасиетін тани білетін шынайы ұлтшылдарды тәрбиелеу аса қажет болып отыр. Бұл бағытта барлық тәрбиенің негізі, темірқазығы болып саналатын отбасының рөлін айрықша көтеруіміз керек. Өйткені, қоғам отбасынан бастау алған. Қазіргі қоғамдағы келеңсіз көріністердің барлығы отбасындағы шындық. Осы бір аса маңызды әлеуметтік ортаның өзінің ежелгі дәстүрінен айрылуы көп жағдайларда ұлттық тәрбиеде жүйелілікті жоғалтуға, туған тілді тұғырынан тайдыруға, жарасымды ұлттық салт-санамызды әлсіретуге әкеліп отыр.
Тәуелсіздік пен ұлттық мемлекет – егіз ұғымдар. Бірінсіз бірі бола қоймайды. Оны бүгінгі өміріміз көрсетіп отыр. Өйткені, тәуелсіздік үшін күрестің бағдары – ұлттың мүдде-мұраты екені белгілі. Сол себепті тіліміз бен дінімізді, айналып келгенде ділімізді ұлттық бұлақтың қайнарынан қандыра отырып қана бүгінімізді байытып, келешегімізді кемелдендіріп, тәуелсіздігімізді тұғырлы ете аламыз. Сонда ғана ұлтымыздың ұпайы түгел болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет