1. Тірі ағзаларды халық емшілігінде тиімділігін анықтау


Халық емшілігінде пайдаланылатын хайуанаттар мен жәндіктер



бет10/19
Дата20.04.2020
өлшемі0,81 Mb.
#63072
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктер
pdf1537978379, sro(20170512-17855) (1), бала даму картасы 2021, 21858P (1)
Халық емшілігінде пайдаланылатын хайуанаттар мен жәндіктер.


Қой - төрт түлік малдың бірі. Қазақтың халық емшілері қойдың әрбір ішкі және сыртқы мүшелерің сырқаттарды емдеуге кең көлемде пайдаланып келеді. Бағлан қозы, тоқты, есек, құнан қой, дөнен қой, ту қойлардың ішкі, сыртқы мүшелерін және кері саулықтың сорпасын дәрі үшін пайдаланады. Қойдың өті, сорпасы сіңімді, қан толтырып, семіртеді. Денеге жылу береді, жеуге жағымды. Қара кесек етінің құрамында 68% су, 17,3% белок, 13,6% май және кальций, фосфор, темір бар.

Ем болатын аурулары



  1. Ауыр науқастан кейінгі арықтағанда, дене әлсіздігіне, босанғаннан кейін әйелдердің денсаулығын қалпына келтіруге таптырмайтын ем. Мұны сорпалану деп атайды. Дені сау жас қойды сойғаннан кейін, науқас адамның қуатына қарай аз-аздан көбейте отырып етті сорпасымен бір рет ішкізіп, жегізеді. Егер науқас адамнын асқазанына байланған қара жел болса, қайнатқан етке жемжеміл дәрісін немесе сорпасына қара бұрыш салып ішкізсе, байланған желді айдайды. Осылай бір немесе екі малдың еті таусылғанша күтінсе, денсаулық біртіндеп қалпына келеді.

2.Жаңа сойылған қойдың етін жұқалап тіліп алып,
соғылып, ісініп жараланған жерге таңса, ісікті қайтарады, іріңдеудің алдын алады. Ішінен іріңдеп шықпаған
жараларға (шиқан,сыздауық) таңса, жараның аузы
ашылады.

3. Қойдың етін күйдіріп, көмірін сірке суына езіп, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытты қайтарады, сыздап ауырғанды басады.



4. Сыныққа, мешел балаларға еттен сылынып алынған сүйектерді балтамен шауьш, ұзағырақ қайнатып, сорпасынан күніне бір-екі реттен ұзақ уақыт ішкізсе, ауру тез жазылуға себепші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет