1. Тренингті ұйымдастыру принциптері


Тренингтің негізгі қағидалары



бет3/5
Дата24.02.2023
өлшемі46,87 Kb.
#170014
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тренингті ұйымдастыру принциптері
сабыржанова айзада ядро теор кіріспе, 628551.pptx, лекция Қаз қаз зам тарихы.2, Қазақстанның қазіргі заман тарихы емтихан тест 2, эссе, Ботаника тест сұрақтары (1), ботан лаб2с (5), №3 лекция, Несіпбек Айтов — Уикипедия, Сөзжасам, м-гия оқытусиллабус, Жердің дамуына космостық процестердің әсері.Балауса
Тренингтің негізгі қағидалары. Тренингтің оқыту дәстүрлердің түрлерінен негізгі ерекшелігі – психолог маңызы зор қағидаларды қолдану керек. Әдебиеттерді оқу, лекция, семинар, сияқты оқытудың дәстүрлі әдістерінен мұндай сабақтардың сапалық ерекшелігі тренингті өткізу кезінде олардың бірте-бірте жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.
Көптеген авторлар тренинг топ пен тұлғаға деген психологиялық ықпалдың жалғыз бағыты емес деп ойлайды. Сонымен қатар, Л.С. Выготскийдің жалпы психологиялық теориясының базасы негізінде, А.Р.Лурия, Н.Н.Леонтьев және олардың ізбасарлары психологиялық білім берудің базалық детерминанты ретінде топтың дамуына бұрын да болған дәстүрлі психологиялық тәсілдердің негізінде әлеуметтік маңызды пәндік қызмет пайда болады. Топтың дамуына қолданылатын бұл қағидаларды өзінің топтық белсенділіктің стартометриялық тұжырымдамасында А.В.Петорвский ұсынған болатын. Өзара әлеуметтік маңызды пәндік қызметтің басты мақсаты әлеуметтік-психологиялық қайта құрумен жүзеге асырылады, ал топтық дамуға ықпал сыртқы тәжірибелік іс-әрекеттің өзгеруінің арқасында іске асады.
Топтың дамуына психологтиялық ықпалдың түрі ретінде тренингтің ерекшелігі – топтағы қарым-қатынас үрдісінің сапалық өзгеруі, топтық қалыптасу нәтижесі болатын механизм алғы шарттардың бірі болып табылады. А.И.Донцовтың пікірі бойынша, топтың дамуындағы болатын қарым-қатынастың мұндай түйінді маңызды болуы екі себептің арқасында, олар: қарым-қатынас өзара бірлескен пәндік қызметтің дамуы және жүзеге асырудың ішкі қажетті шарты арқасында дамыған топтар пайда болады, ал қарым-қатынас үрдісі маңызды алғы шарттардың бірі, сонымен қатар, тұтастай психологиялық білім беру ретінде топтың өмір сүруі мен да-
муы түрлерінің тәсілдері болып табылады .
Л.А.Петровская психологиялық білім беруді «…туынды және қосымша қасиеттердің пайда болуы, нәтижесінде өздеріне деген қосымша деңгейдің өтпелі көпсатылы күрделі жүйесі арқылы олардың іс-әрекеттерін белсендіру саласына және өз жеке бастарына ықпал етеді» деп түсіндіреді. Оның пікірі бойынша, мұндай психологиялық ықпалды олар көрсетілген нақты тәжірибеде қарқынды таратылуы қызметтік іс-әрекеттің қосымша деңгейіне сәйкес әдістер пәндік қызметтің жүзеге асу жолына қарағанда, әлдеқайда маңызды бақыланады. Соңғы жағдайда психологиялық өзгарістер өз табиғатына сай психологиялық емес факторлардың нәтижесі ретінде пайда болады. Оның көз-қарасы бойынша, базасы субъективті қағидалар болатын терең өнімді қарым-қатынас тренингттің жұмысы өтетін негізгі ортаны құрайды, сонымен қатар, бұл топтың өз қатысушыларына деген ықпалдың негізгі тәсілі және лайықты жаңа білімдер, іскерлік пен көрсетілген қарым-қатынас түрінің саласында тәжірибе түрінде мұндай ықпалдың негізгі нәтижесі болып табылады. Басқа да өте маңызды жағдай, бұл тренинг қатысушысының белсенді ұстанымы – қарым-қатынастың көрсетілген сипатынан туындайды. Бұл тұлғаның түрлі өзіндік өзгеруі, оның дамуы тек өзара қызметтің арқасында болуы мүмкін – «…мұндай іс-әрекет, адам сырттан айтылған міндет пен қызметті енжар орындаушысы емес, керісінше, белсенді субъектісі болады» (Н.М.Коряк, В.И.Шаляпин). Бұл қағиданы пайдалану тренингте топтың қатысушыларына психологтың тікелей ықпалы арқылы емес, қарым-қатынастағы құзыреттің дамуын іске асыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар, өзара коммуникативті іс-әрекетті ұйымдастыруда өзін-өзі қалыптастыру тәсілдері үшін жағдай жасаумен байланысты . Осыған орай, тікелей қатысушының белсенді жұмысы нәтижесі ретінде тиімді треннигке сәйкес болатын түрлі жаңалықтар, сонымен қатар, түзету — өзара түзетуге, диагностика — өзара диагностикаға айналады. Тренингтің негізгі ойы, «…топты ерекше көлемді айнаға немесе, дәлірек айтқанда, осы топтың өміріндегі өзіндік белгілі бір жағдайлар үрдісінде әрбір қатысушы өзін көре алатын айналар жүйесіне айналдыру». Сондықтан, айтылған сөздерді персонификациялау және тек тренинг шеңберінде ғана («енді және осында») оқиғаларды талқылауға шек қоятын маңызды ережелер болады. Соңғы ерекшеліктің мәні тұлға аралық сөздік түрлерден («Әр адам…» немесе «Барлық адамдардың пікірі бойынша, …» сияқты) және дербестікке «Менің ойымша», «Мен ойлаймын» сияқты қарым-қатынастан бас тарту.
Келесі маңызды жағдайлардың бірі тұлға аралық кері байланыс. Л.А.Петровскаяның көптеген еңбектерінде жан-жақты қарастырылады, ол кері байланысты интевсивтендірудің тәсілдерін көрсетіп, оның ақпараттылығы мен тепе-теңдігінің артуын түсіндіреді. Сындарлы кері байланыстың шарты ретінде оның бейнелеуіш сипаты, ерекшелігі, қажеттілігі, алынатын және берілетін қажеттіліктерге релеванттілік, топтың щеңберінде оны жүзеге асыру, нақты өзгеріске ұшырайтын қасиеттерді қолдану сияқты іс-әрекеттер ұсынылады. Сонымен қатар, кері байланыс қажетті атмосфераны құру үшін қосымша тәсілдерді қолдану болып табылады. Осыдан басқа, кері байланыста «видеотренинг» деп аталатын әдістер бар.
Тренингте топтың «эмоционалды мүмкіндіктерге» айналдыру, оған қатысушылардың эмоционалды саласы жоғарғы деңгейде қызмет етуі: «Топпен жұмыс жасау кезінде қатты қиналу, оның әсерлі көптеген эмоционалды құрауыш бөліктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет