1 Түсіндірме жазба



бет1/9
Дата29.01.2022
өлшемі46,46 Kb.
#115813
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Түсіндірме жазба практикум 2
NUR-SULTAN IS THE CAPITAL OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

1 Түсіндірме жазба
«Шетел (ағылшын) тілі практикумы» пәні бойынша осы үлгілік оқу багдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына ( ҚР БжҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №72 бұйрығының 358, 359-қосымшаларына ) 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы 0111083 «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша азірленген. «Шетел (ағылшын) тілі практикумы» пәнінің негізгі мақсаты: жазбаша жане ауызша сөйлеу машығы, берілген мәтін бойынша сөйлеу және тыңдап-тыңдап түсіну, диалогтық және монологтық сөйлеу, ішінен және дауыстап оқу жане жазу дағдыларын қалыптастыру және сөздер мен фразеологиялық бірліктердің даму ерекшеліктері мен сөздің даму жолдарын үйрету, сөздіктердің түрлері туралы ақпараттар бере отырып, сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру.

«Шетел (ағылшын) тілі практикумы» пәні бойынша үлгілік бағдарламасының міндеттерінің бірі оқушыларға жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қарым-қатыната тиімді пайдалана алатын жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

«Шетел (ағылшын) тілі практикумы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: практикалық сабақтар және басқалар. Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты әңгіме, пікірсайыс, жағдайлық мәселелерді шешу, рольдік және іскерлік ойындар, ақыл-ой шабуылы, материалды рәсімдеу, шағын топтардағы жұмыс және басқа оқыту әдістері ұсынылған.

Пәнді оқыту барысында ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, проблемалық оқыту, ойын, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, модульдық, ақпараттық-коммуникациялық, ұжымдық және топтық оқыту, жобалап оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту және басқа оқыту технологияларын қолдану ұсынылады.

Танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.

Бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқытылатын тақырыптарды (бөлімдерді) кеңейту және тереңдету жағына қарай өзгертілуі мүмкін.

Үлгілік оқу бағдарламасы практикалық грамматика, практикалық фонетика, үйден оқу пәндері бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді.

Пәнді лексикология, ағылшын тілі тарихы, елтану, стилистика, теориялық грамматика, теориялық фонетика, ағылшын тілі әдебиеті пәндерімен байланыстырып оқыту ұсынылады.

Осы үлгiлiк бағдарлама «Шетел (ағылшын) тілі практикумы» пәнінен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.

Үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:

- кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер үшін оқу уақыты көлемін 25 % дейін өзгертуге;

- бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге ( пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт );

- бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;

- жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет