1. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың түрлері



Дата07.02.2022
өлшемі12,56 Kb.
#88240
Байланысты:
Әлеуметтік мед. 20.10


1. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың түрлері.

Уақытша еңбекке жарамсыздық (УЕЖ) - жарақатпен немесе аурумен белгіленген жағдай әсерінен мамандығына байланысты жұмысты қалыпты-өндірістік ортада белгілі уақыт аралығында орындай алмауына әкелетін функцияларының бұзылуымен сипатталатын ағза жағдайы.

Уақытша еңбекке жарамсыздық түрлері:
• Толық еңбекке жарамсыздық - белгілі уақыт аралығында кез-келген жұмысты орындай алмау, және арнайы режим мен емді қажет ету.
• Жартылай еңбекке жарамсыздық-өз жұмысын орындай алмаса да, басқа жеңіл жұмысқа қабілеттілігінің сақталуы.

2. Уақытша еңбекке жарамсыздықты анықтау кезеңдері.



Медициналық мекемелерде клиникалық-сараптамалық жұмысты ұйымдастыру жүйесі бес сараптамалық деңгейден тұрады.
• 1 деңгей: Емдеуші дәрігер - уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптаманы жүзеге асырушы;
• 2 деңгей: Бөлімше меңгерушісі - емдеу-диагностикалық процесті және уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бойынша емдеуші дәрігерлердің функцияларын орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады;
• 3 деңгей: Дәрігерлік консультациялық комиссия - емдеуші дәрігердің және бөлімше меңгерушісінің ұсынысы бойынша шешім қабылдайды және қорытынды береді;
• 4 деңгей: Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары - дәрігерлердің еңбекке уақытша жарамсыздықты диагностикалау, емдеу, оңалту және сараптау жөніндегі функцияларды орындауына бақылауды жүзеге асырады
• 5 деңгей: Бас дәрігер - мекемелерде еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптауға жауапты болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет