1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы



бет8/58
Дата19.03.2022
өлшемі191,96 Kb.
#136380
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Байланысты:
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)
жылдық жоспар, ТАРИХ
31. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
31. Соғыс аяқталған соң қатаң бір орталыққа бағындырылған экономиканың тиімділігі бұрыңғыдан да тұрақты идеологиялық сипатқа ие болды. Жеңіске жетудегі таңдаған даму моделінің дұрыстығына сенген сталиндік партиялық-мемлекеттік насихат әміршіл-әкімшілік жүйенің мызғымастығын бұқара санасына үстемелей енгізе түсті. 1946 жылы ауыл шаруашылығында орын алған табиғат апаты әрі соғыс зардабы салдарынан тереңдей түсті. Ғаламат қуаңшылық, 1891 мен 1921 жылғыдан да асып түсіп, сол жылдың көктемі мен жазында Молдавия, Украина, Орталық қаратопырақты облыстарды, Төменгі Поволжье, Примор өлкесін және кең-байтақ еліміздің басқа да өңірін қамтыды. Күйіп кеткен егістің жалпы ауданы 4,3 млн гектарды құрады. Жүз мыңдаған гектар жердің егісі тұқымға кеткен егіннің есесін де толтыра алмады. Қазақстанда орта есеппен 1 га-дан 4 ц. астық алынып, астық салынбаған аудандардағы шығындар Қазақстан астығы арқасында толықтырылды. Осы жылғы жиналған астықтың 56 % мемлекетке тапсырылған. Ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтардан арылу мақсатында 1946 жылдың желтоқсанында КСРО Министерлер Кеңесі КСРО-ның шығыс аудандарында егін егетін жер көлемін ұлғайту жөнінде қаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде егін егетін жер көлемін 10 млн. га көбейту көзделді. 1950 жылы 1946 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы егістік көлемі 1 млн. 173 000 га. артады. Осы шаралардың нәтижесінен кейін Қазақстанда жиналған астық көлемі біршама көтерілді. Бірақ та егістік көлемі көбейгенімен егін егу сапасы төмен күйінде қала берді. Осының салдарынан 1953 жылы жоспарланған 8 млрд. пұт орнына 5,6 млрд. пұт қана астық жиналды.
Республиканың мал шаруашылығы да ауыр жағдайда болды. 1951 жылдың өзінде ірі қара саны 4,5 млн. (1928 жылы 6,5 млн болған); жылқы 1,5 млн. (3,5 млн), түйе 127 мың (1 млн.) болды. Тез өсетін қой саны ғана 1928 жылғы санына жақындады: 1951 жылы 18036 мың қой болды (1928 жылы 18566 мың). Ауыл шаруашылығындағы қиын жағдайға қарамастан, республикадан жаудан азат етілген республикаларға көмек ретінде ақысыз 17,5 мың ірі қара, 22 мың жылқы, 350 мың қой және арнайы жеңілдетілген бағамен 500 мың мал жіберілді.
Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбек ақысы өте төмен болды. Өйткені, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы өте төмен еді. Мысалы, астық бағасы өз құнының сегізден бір бөлігін ғана жапты. 1946 жылы мемлекет 1 колхозға 143 000 сом ақша жұмсаса, 1950 жылы 170 000 сом ақша жұмсалған. Сондықтан колхозшының айлық еңбекақысы 40 сом болды, немесе тек 60 % колхозшының бір күндік жұмысына 1 кг астық тиесілі болса, қалғандарінікі бұдан да төмен болған. Шаруаның колхоздан алған жалақысына күн көруі мүмкін болмағандықтан, оның негізгі күн көріс көзі - өзінің ауласындағы жер болды. Осыған байланысты республика ауыл шаруашылығы халықтың азық-түлікке, өндірістің шикізатқа сұранысын қанағаттандыра алмады. Республика ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығарудың 2 жолы болды. Бірінші жолы - өндірістік қатынастарды қайта қарау, нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағыттан бас тарту, жерді жеке меншікке беру, нарықтық қатынасқа көшу, осы арқылы ауыл еңбеккерлерінің өз еңбегінің нәтижесіне ынтасын арттыру. Екінші жолы - ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті жолы, яғни осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағытты сақтай отырып, оны жеделдету жолы.
​Әміршіл-әкімшілік экономика жағдайында азық-түлік тапшылығынан шығу жолы мүлде тарыла түсті. Түптеп келгенде барлық таңдау екі тетікпен: халықты нормаға отырғызу және экстенсивтендірумен шектелді.1946 жылы желтоқсанда КСРО Министрлер Кеңесі «Егіс алабын кеңейту және дәнді дақыл, әсіресе КСРО шығыс аудандарында жаздық бидай өнімін арттыру туралы» қаулы қабылдады. Онда көрсетілген нұсқауға сәйкес 1947 жылы егістік алқабы мөлшерін 10 млн гектарға ұлғайту жоспарланды. 1947-1949 жылдары астық себілетін алқап Қазақстан, Сібір, Оңтүстік Оралда 6,5 млн гектарға ұлғайтылуы тиіс болды. Астық өндіруді экстенсивтендіру бағдарламасы аясында 1950 жылы Қазақстандағы егіс алқабы 1946 жылмен салыстырғанда 1 млн 173 мың гектарға өсті. Тек осы фактор есебінен астық дақылы ішкі өнімін біршама ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Төртінші бесжылдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді.
1947 жылға дейін Сталин халық шаруашылығының даму бағытына байланысты дәйекті шешім қабылдамады. Ұлы Отан соғысының аяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс мемлекеттері арасында орын алған алшақтық Сталиннің соғыстың алдыңғы жылдары қалыптасқан экономикалық жүйені қалауына әсер етті. Ендігі жерде кеңестік басшылар социалистік экономиканы нығайту негізі ретінде бірнеше бағыттарды белгіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет