1 заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың ТҮсінігі және тәртібі



бет6/7
Дата25.05.2022
өлшемі104,6 Kb.
#145035
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мұқан Алтын
новый Сценарий арнаулы мектептің үздік педагогі-23ж
ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, апелляциялық инстанция — тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот. Әрі бұл жөнінде сот өз шешімін шығаруға міндетті. Қабылданған шешімнің жариялануы тараптардың іске байланысты дауларын, өзіндік пікірлерін тоқтатып, олардың шығарылған шешімге бағынуын міндеттейді. Сөйтіп, сот та өзінің өкілеттігін тоқтатады. Ал, тараптардың шешімге қатысты бұдан кейінгі дауласуы басқа «жазықтыққа» ауысады; тараптардың шағымдарын келесі сатыдағы соттың судьялары мен лауазымды тұлғалары қарайды, әрі мәселенің қаншалықты шешілетіндігі солардың еркіне байланысты. Тек, прокурордың наразылығы ғана ешбір бұлтарыссыз келесі сатыдағы соттың есігін аша алады.


Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқату жөніндегі қаулы — бұл соттың қаралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау құқық бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, қылмыстық іс жүргізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялық сот өндірісіне жүктеліп отыр.
Жоғарыда атап өткеніміздей, ҚР ҚПК-ге сәйкес апелляциялық саты істі мәні бойынша қарай алмайды, есесіне мұндай міндетті бірінші сатыдағы сот атқарады. Яғни, апелляциялық сотқа бақылау инстанциясының міндеті жүктеледі. Ол апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын аныктаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жузеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе каулысының заңдылығы меи негізділігін толық көлемінде тексереді. Басқаша сөзбен айтқанда, аппеляциялық сатыдағы өндірісте сот төменгі тұрған соттың үкімін толық қарауға, қылмыстық істі қайтадан зерттеуге міндетті емес. Заң бойынша ол шағымдалған бөлігінде ғана материалдарды зерттеумен (фактілік жағын) және наразылық білдірілген бөлігіндегі тұлғаларға ғана қатысты зерттеумен шектелуі мүмкін. Толық тексеруге іс бойынша өндіріс барысында заңдылықтың сакталуы ғана жатады. Алайда, аппеляциялық сатыдағы қарау шектерін жеткілікті түрде анықтау, қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға соттың өкілеттіктерін шектеуді білдірмейді. Егер сотпен сотталушының құқықтары мен бостандықтарының заңсыз шектелгені және заңсыз үкім шығарылғаны анықталса, аппеляциялық сот шағымның немесе наразылықтың шегінен шығып және өзінің өкілеттіктерін үкімді өзгертуге немесе жоюға қатысты жүзеге асыруға құқылы.
Істі тексеру барысында апелляциялық сатыдағы сот тиісінше мынадай шешімдерді (соның ішінде түбегейлі шешімдерді) қабылдауға құқылы: бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жою; іс бойынша сот өндірісін тоқтату; бұрынғы шешімді сотгалушының жағдайын жаксарту немесе нашарлату жағына қарай өзгерту. Апелляциялық сот істі адамның негізсіз сотталғанын анықтаған жағдайда, бірінші сатыдағы соттың беделі қаншалық түсетіндігіне қарамастан, істі міндетті түрде тоқтатуы тиіс. Бұл жерде апелляциялық сатыдағы сот, айыптау үкімі сотта жан-жакты зерттеліп, сарапталған дәлелдемелердің негізінде ғана шығарылады деген қағиданы басшылыққа алады. Ал, осы талаптарды орындамау, шын мәнінде, заңға қайшы келетін, негізсіз үкімнің қабылдануына әкеліп соғады.
Зерттелгендерді қорытындылай келе мынаны анықтауға болады. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, апелляциялық өндіріс сот және тараптар шағымдануға (наразылық білдіруге) заңда белгіленген әркеттер жасау, істің материалдарын зерттеу, шешімді қайта қарау, негізді және әділ шешім шығару сияқты қылмыстық іс жүргізу кызметінің бірнеше сатысынан тұрады.
Бірінші саты, бірінші сатылы соттың шешіміне шағымдану, наразылық білдіруден тұрады. Екінші саты, апелляциялық өндірістің құрылымынан тұрады. Яғни, соттың шағымды, наразылықты қабылдауынан, заңда көрсетілген әрекеттер жасауынан тұрады. Үшінші саты шағымның, наразылықтың мәні бойынша істі қарау және ол бойынша шешім шығару. Апелляциялық өндірістің бұл сатыдағы басты бағыты берілген шағымды, наразылықты толық, жан-жақты қарау, келтірілген дәлелдемелерді зерттеу, тараптардың пікірлерін тыңдау және солардың негізінде негізді, әділ, объективті шешім шығару болып табылады.
Заңшығарушы бірінші инстанциялы соттың үкімімен мүдделері қозғалған барлық субъектілерге ол шешімді еркін шағымдану құқығын береді. Бұл құқықты жүзеге асыру барлығына, қорғау және айыптау тарабына да теңдей берілген. Сот өндірісінің барлық субъектілерінің өзінің позициясын негіздеуге қосымша фактілік мәліметгерді, құжаттарды және материалдарды беру мүмкіндігі бар. Шағым беру немесе наразылық келтіру қарсы тарапқа құқықтық шектеулер туындатпайды және қылмыстық іс жүргізудің қағидаларына, тұлғаның құқықтарына және бостандықтарына қайшы келмейді. Жалпы алғанда бірінші инстанциялы соттың үкімдеріне және шешімдеріне шағымдану, наразылық білдірудің мазмұны мен нысаны қылмыстық сот өндірісінің мақсаттары мен міндеттерін шешуде тиімді және қылмыстық істерді ізгілікті.әділ шешудің мәні бойынша қосымша кепілдіктер туғызады.
Жоғарыда айтылғандарды зерттеп және талдау жасай отырып, мынадай қортындылар шығаруға болды:
- Аппеляциялық өндіріс - басты мақсаттары бірінші инстанциялы соттың үкімдері мен қаулыларына келіп шағымдар мен наразылықтарды қарау, сот қателерін және күшіндегі заң нормаларының бүзылуын аныктау, жою, зандылықты қалпына келтіру, сондай-ақ азаматты, қоғамды және мемлекетті қылмыстық іс бойынша өндірістің қатысушыларының құқыққа қайшы әрекеттерінен сақтау болып табылатын қылмыстық іс жүргізудін жеке сатысы.
- шағымдану бостандығы - сотталушы, ақталушы, сотталушының және
ақталушының қорғаушысы, олардың заңды өкілдері, жәбірленуші және оның
өкілдері, сондай-ақ азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың
өкілдері азаматтық талапқа қатысты бөлігінде заңды күшіне енбеген сот
үкіміне шектеусіз заңмен белгіленген мерзімде аппеляциялық шағым беруге
құқылы;
- істің фактілік және заңдық жағы да аппеляциялық өндірістің пәні
болып табылады;
- аппеляциялық сатыда істі қарау аппеляциялық шағымның немесе
наразылықтың шегімен шектелген;
- аппеляциялық өндіріс барысында істі жаңадан қарау болмайды, соттың
жаңа дәлелдемелер жинау мүмкіндігі шектелген;
- аппеляциялық саты алғашқы үкімді жақсы жағына да, ауырлататын
жағына да өзгертуі мүмкін;
- аппеляциялық сатының шешімдері жоғарғы тұрған инстанцияға
шағымдалуы (наразылық білдірілуі) мүмкін;
- апелляциялық өндіріс туралы отандық құқықтық әдебиеттерді
(әсіресе казақ тіліндегі) жетілдіру.
Заңшығарушы бірінші инстанциялы соттың үкімімен мүдделері қозғалған барлық субъектілерге ол шешімді еркін шағымдану құқығын береді. Бұл құқықты жүзеге асыру барлығына, қорғау және айыптау тарабына да теңдей берілген. Сот өндірісінің барлық субъектілерінің өзінің позициясын негіздеуге қосымша фактілік мәліметгерді, құжаттарды және материалдарды беру мүмкіндігі бар. Шағым беру немесе наразылық келтіру қарсы тарапқа құқықтық шектеулер туындатпайды және қылмыстық іс жүргізудің қағидаларына, тұлғаның құқықтарына және бостандықтарына қайшы келмейді. Жалпы алғанда бірінші инстанциялы соттың үкімдеріне және шешімдеріне шағымдану, наразылық білдірудің мазмұны мен нысаны қылмыстық сот өндірісінің мақсаттары мен міндеттерін шешуде тиімді және қылмыстық істерді ізгілікті.әділ шешудің мәні бойынша қосымша кепілдіктер туғызады.
Жоғарыда айтылғандарды зерттеп және талдау жасай отырып, мынадай қортындылар шығаруға болды:
- Аппеляциялық өндіріс - басты мақсаттары бірінші инстанциялы соттың үкімдері мен қаулыларына келіп шағымдар мен наразылықтарды қарау, сот қателерін және күшіндегі заң нормаларының бүзылуын аныктау, жою, зандылықты қалпына келтіру, сондай-ақ азаматты, қоғамды және мемлекетті қылмыстық іс бойынша өндірістің қатысушыларының құқыққа қайшы әрекеттерінен сақтау болып табылатын қылмыстық іс жүргізудін жеке сатысы.
шағымдану бостандығы - сотталушы, ақталушы, сотталушының және
ақталушының қорғаушысы, олардың заңды өкілдері, жәбірленуші және оның
өкілдері, сондай-ақ азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың
өкілдері азаматтық талапқа қатысты бөлігінде заңды күшіне енбеген сот
үкіміне шектеусіз заңмен белгіленген мерзімде аппеляциялық шағым беруге
құқылы;
істің фактілік және заңдық жағы да аппеляциялық өндірістің пәні
болып табылады;
аппеляциялық сатыда істі қарау аппеляциялық шағымның немесе
наразылықтың шегімен шектелген;
аппеляциялық өндіріс барысында істі жаңадан қарау болмайды, соттың
жаңа дәлелдемелер жинау мүмкіндігі шектелген;
аппеляциялық саты алғашқы үкімді жақсы жағына да, ауырлататын
жағына да өзгертуі мүмкін;
- аппеляциялық сатының шешімдері жоғарғы тұрған инстанцияға
шағымдалуы (наразылық білдірілуі) мүмкін;
апелляциялық өндіріс туралы отандық құқықтық әдебиеттерді
(әсіресе казақ тіліндегі) жетілдіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет