1 зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет3/5
Дата03.02.2022
өлшемі101,96 Kb.
#130604
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 зертханалық жұмыс

Жұмыстың орындалу реті

Ең алдымен қозғалтқыштардың жалпы қолданылуы, атап айтқанда олардың тракторлар мен автомобильдерге арналған типтерін ұғып алу.

Іштей жану қозғалтқыштарының автотракторлық типінің жұмыс істеу принципімен оның бір цилиндрлі моделінен бастап танысқан жөн.

Алдымен модельдің негізгі бөлшектері мен олардың қолданылуы және өзара әсерін, кривошип – шатунды механизмнің қолданылуын оқып үйрену керек. Кривошип – шатунды механизмнің қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер тобына қандай бөлшектер жататынын білу. Кейін бір цилиндрлі двигательдің моделі және оның схемасының көмегімен негізгі ұғымдар мен анықтамаларды оқу керек. Қолданылған термин-сөздерді есте сақтап қалу өте маңызды. Осы материалдарды түсініп алғаннан кейін, 4-тактілі карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштарды оқып үйрену біршама оңайға түседі. Студент түрлі көрсеткіштерге салыстырмалы баға берумен қатар, карбюраторлы және дизельді двигательдердің, олардың жұмыс істеу үрдістерріндегі басты айырмашылықтарды білуге тиіс.

Автотрактор жасау саласында 4, 6 және көп цилиндрлі қозғалтқыштар кеңінен тараған. Осыған негіз таба білу керек. Көп цилиндрлі қозғалтқыштардың цилиндрлерінің жұмыс істеу тәртібі, құрылысы және жұмыс істеу принципі.

Жұмыс орнында Д – 144, Д – 240 және А – 41 қозғалтқыштарының кривошип – шатунды механизмінің өзгешеліктері оқып үйреніледі. Көрсетілген механизмдердің негізгі бөлшектерін, олардың негізгі элементтерін, жұмыс істеу жағдайын, материалын, механикалық және термиялық өңделуін конструкциясындағы және басқаша да ерекшеліктерін білу өте маңызды. Бұл механизмдер V – тәрізді двигательдерде – СМД – 60, ЯМЗ – 240Б өзгеше қызығушылық туғызады.



Алған мағлұматтарды пысықтау үшін схемалар сызылады. Осы жұмыстағы тапсырмаларға орай кестелер толтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет