11 практикалық сабақтың тақырыбы: Қр президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы тарихи сабақтастық. Тапсырмалар


)«Мәңгілік ел» идеясының тарихи сабақтастығы



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі31,17 Kb.
#93747
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
каз тарихы 11
Биология 8 Hұсқаулық Ағзаның ішкі ортасы
3)«Мәңгілік ел» идеясының тарихи сабақтастығы:
«Мәңгілік Ел» ата-бабамыздың сан мындаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идеясы бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы», - деп атап өтті Елбасы.
Сонымен қатар, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік Ел» ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алынғанын алға тартты.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасы Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың негізі мектепте қалануы тиіс. Орта білім беру жүйесінде «Мәңгілік Ел» идеясы балалар мен жастарды жоғары руханилық, азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын, жаңа қазақстандық патриотизм мен бірігу сезіміне тәрбиелеуге бағытталған.
«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру аясында қоғамдық-гуманитарлық циклды пәндердің (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, Қазақстан тарихы) оқу бағдарламаларының базалық мазмұнына Мемлекет басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсанда сөйлеген «Тәуелсіздік толғауы» мәтіні енгізілді. Пәндерді оқыту окушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және патриоттық сезімдерін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде жүзеге асыруға деген ұмтылысын, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық өзіндік сана мен төзімділікті дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологиясын саналы түрде қабылдамау, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.
Әлемдік тәжірибені саралай отырып, оқыту мен тәрбиелеуді заман талабына сай жаңашылдықпен ұйымдастыру бүгінгі жаһандану заманында басты мәселе болып отырғаны белгілі. Оқушылардың функдионалдық сауаттылығын арттырудың негізгі бағыттары білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту мен педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, оқушы өміріндегі отбасының рөлін ескеруді қамтиды. Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырумен де байланысты. Негізгі мақсат - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып отыр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену процесінде ең маңызды болып табылады.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің процесуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды. Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзыреттіліктермен анықталады. Білім беру мазмұнын жаңартудың жетістігі оқушының білімді меңгеруімен, оны ой елегінен өткізіп, теориялық білімін дәлелдей алуымен, қорытынды жасауымен жүзеге асырылады. Яғни оқытудың жүйелі тәсілдеріне көшу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Бүгінгі таңда Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бүдан әрі - ББ МЖМС) әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілді.
Жаңартылған білім мазмұны аясында қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді «Мәңгілік Ел» құндылықтар жүйесі жаңа ББ МЖМС барлық білім деңгейлеріне енгізілген.
Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны аясында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы академиялық пәндер, жобалау-зерттеу және сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру, таңдау курстары арқылы мектеп мазмұнына енгізілетін болады.
Оқу бағдарламаларының мазмұны білім алушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, қазақстандық патриотизм мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыруға тырысу, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында толеранттылықты және қарым-қатынас жасау білігін дамытуға бағытталады.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер және олардың мазмұны: оқушы тұлғасының интеллектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында филологиялық, тарихи және қоғамтанулық білім беруді; бағдар бойынша базалық пәндерді тереңдетіп оқытуды; қоршаған әлемді түрлендірудегі қазақ, орыс, шетел, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, адам және құқық рөлі туралы түсініктерін қалыптастыруды; оқушылардың лингвистикалық, тарихи, көріністік ойлауын қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті оқушылардың аналитикалық, практикалық, коммуникативтік біліктері мен дағдыларын жетілдіруді; оқытуды бейіндендіруге жағдай жасауды және оқушыларды одан әрі кәсіби өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі дамытуға даярлауды қамтамасыз етеді.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет