111. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қызметі



Дата12.04.2022
өлшемі24,3 Kb.
#138929
Байланысты:
Қ. Тарих. С. Аяжан. 111-122 сұрақтар


111. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қызметі..
Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады.
ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты.
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.
2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.
Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.

112. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шараларының мәні. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.


Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.

113. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Қазақстандық конфессияаралық келісімнің символына айналған діни лидерлер съезінің беделі жыл санап артып келеді. Оған дәлел, үстіміздегі жылғы съезге әлемдік аренада өзіндік орны бар БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Финляндия Президенті Саули Ниинисте сияқты тұлғалардың арнайы келіп қатысуы.


«Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» тақырыбында өткізілген V съездің нәтижесінде қабылданған декларацияда қамтылған уағдаластықтардың бүгінгі таңдағы жаһандану үрдісінде орын алып жатқан түйіткілі көп мәселелерді шешуде өзіндік ықпалы мол болатынына сеніміміз кәміл.
Аталған декларацияда діни лидерлердің саяси қайраткерлермен, халықаралық ұйымдармен және азаматтық қоғаммен тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жанжалдарды болдырмау және реттеу мақсатындағы диалогына жәрдем етуі - шындығында, бұл үлкен жанашырлықтың белгісі, адамзат болашағына алаңдаудың көрінісі болып табылады. ККонференцияның басты мақсаты - қазақ ұлтының тарихында ислам дінінен басқа діннің болмағандығын, сан ғасырлар бойы осы дінді ұстанып келген ата-бабамыз әртүрлі діндер мен діни ағымдарға бөлінбей, өзге дін өкілдерімен өзара түсіністікте өмір сүре білгендігін бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына сіңіру болып табылды.онференцияның басты мақсаты - қазақ ұлтының тарихында ислам дінінен басқа діннің болмағандығын, сан ғасырлар бойы осы дінді ұстанып келген ата-бабамыз әртүрлі діндер мен діни ағымдарға бөлінбей, өзге дін өкілдерімен өзара түсіністікте өмір сүре білгендігін бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына сіңіру болып табылды. Конференцияның басты мақсаты - қазақ ұлтының тарихында ислам дінінен басқа діннің болмағандығын, сан ғасырлар бойы осы дінді ұстанып келген ата-бабамыз әртүрлі діндер мен діни ағымдарға бөлінбей, өзге дін өкілдерімен өзара түсіністікте өмір сүре білгендігін бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына сіңіру болып табылды.

114. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбаты (2014ж.). Біріншіден, Жезқазған жерінде үлкен тарихи оқиға болды деп санаймын. Бұл – Жезқазған өңірінен ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мыс кенін табуымен және Жезқазған қаласының орнығуымен сабақтас нәрсе. Қазір арада 50-60 жыл өтті, қаншама кен шығарылды, мыс алынды. Жер қойнауындағы байлықтың таусылатын кезі болады. Жезқазғанның төңірегіндегі мыс кені де таусылып, қаланың жағдайы нашарлай бастады. Бұл – табиғи жайт. Кеңес Одағы тұсында әрбір кен орны, әрбір электр стансасы төңірегіне ауыл салынатын еді ғой. Ал енді мына жердегі жұмыс ауқымы біткеннен кейін халық не істерін білмей қалды. Жезқазғанның теміржол тұйығында тұрғаны бәрімізді әр уақытта қинайтын еді. Екіншіден, Кеңес Одағы кезінде барлық теміржол Ресейге қарай салынды. Ал көлденең жүретін, елді бір-бірімен қатыстыратын жол салынған жоқ. Ол Кеңес Одағының да, Ресейдің де ешқандай жоспарына кірмеді. Қазақстанды ешкім ойламады. Енді, міне, еліміздің экономикасы ілгерілеп, 500 миллиард теңге ақша бөлінетін жағдайға жеткеннен кейін осындай 1200 шақырымдық теміржол салынып отыр. Бұл – айта салғанға өте оңай. Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда пайдаланатын игілігіміз. Жаңа тікұшақпен ұшып келе жатқанда өзің көрдің, тақыр даланың торғай қонатын бұтасы жоқ. Сол тақыр далада ел тұрмайды. Себебі, оған жұмыс та жоқ, шаруашылық та жоқ. Ал теміржол төрт облыстың бірнеше ауданына тіршілік нәрін береді. Теміржолдың бойынан жұмыс табылады. Жұмыс болғаннан кейін кенттер бой көтереді. Халық қоңданады, даламызды ел жайлайды. Экономикалық жағы өз алдына бір мәселе. Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген.


115.Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида. Тарихи даму сатыларында еліміздің аймағында Қазақ хандығына дейінгі кезеңде-ақ, өзіндік ерекшеліктері қалыптасқан 20–ға жуық мемлекеттік құрылымдар болған. Яғни, қазақ ұлты мен оның мемлекеттілігінің кеңістік те, этникалық та негіздері өзара сабақтасқан бірнеше кезеңдерді қамтыды. XV ғасырдың басында Маңғыт биі Едігенің тұсында Алтын Орда біршама қайта күшейгенімен, 1419 жылы Едігенің қайтыс болуымен, Бату ұлысы мүлде құлдырады. Алтын Орданың орнында Мәскеу княздығы, Қырым, Қазан, Ноғай, Астрахань, Өзбек ұлысы секілді кіші хандықтар пайда болды. Ақ Орда мен Көк Орда (көшпелі өзбектер) Алтын Орданы ұйыстырушы ұлыстар болғандықтан, бұл ұлыстарды қағанаттан бөлініп тәуелсіздікке қол жеткізді дегеннен гөрі, империялық қуатынан айырылып қалды деп қорытынды жасаған әлдеқайда дұрыс секілді.XV ғасырдың басында Маңғыт биі Едігенің тұсында Алтын Орда біршама қайта күшейгенімен, 1419 жылы Едігенің қайтыс болуымен, Бату ұлысы мүлде құлдырады. Алтын Орданың орнында Мәскеу княздығы, Қырым, Қазан, Ноғай, Астрахань, Өзбек ұлысы секілді кіші хандықтар пайда болды.Өйткені, Алтын Орда империясын Жошының екі ұлы Бату мен Орда Ежен ұрпақтары құрған болатын. Жошы ұрпақтарының өзара алауыздығынан империя әлсірегеннен соң, бұрын Алтын Ордаға тәуелді болып келген Орыс князьдықтары және т.б. иеліктер дербестікке қол жеткізді. Осыдан соң империя құрушы Орда Ежен мен Шайбан ұрпақтары өз ұлыстарының атынан саяси қозғалыстар жасай бастады. Нәтижесінде Дешті-Қыпшақта 1428 жылы Әбілхайыр хан көшпелі Өзбек мемлекетінің негізін салып, қырық жыл бойы билік құрды. ХІІІ-ХV ғғ. Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттіліктің ұлттық мазмұндық белгілері қалыптаса бастаған орта ғасырлық кезеңі болды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында «Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр. Оны өздерінен бұрын өткендер немесе тарихи бабалар емес, қазіргі түркі халқы құрды» - деп жазады. Қазақ хандығының қалыптасуы, ең алдымен Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің және саяси дамулардың заңды қорытындысы болып саналадыҚазақстан мемлекеті тәуелсіздігі мен егемендігін алған жылдардан бастап, Президенттің «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыра беруіміз керек» - деген салиқалы саясатымен дәстүрлі мемлекеттілікті қайта жаңғырту мәселесі артып келеді. Ғасырлар бойы отаршылдық саясаттың салдарынан ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып барып, тоқыраған Қазақстан мемлекеті қайта жаңарып, Президенттің Мәңгі Ел құру туралы идеясын басшылыққа алып, қазіргі заман көш бастаушылары қатарында. «Тәуелсіздік тағдырдың қазақтарға тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс» деген Елбасының пайымын баршамыз мән беріп, маңызын терең түсінуге тиіспіз. Жер бетіндегі әрбір ұлт үшін тәуелсіз ел болу - ұлы арман. Дүние жүзінде 6 мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар болса, солардың ішінде 200-дейі ғана тәуелсіз мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Тарих сабақтарын ұдайы, ұрпақтан ұрпаққа игере беру керек екеніне менің сенімім кәміл», – деп тұжырымдады

116. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәні. Көне түркі ескерткіштері


Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге
қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан
пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар.
Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына
жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған
қырықтан астам ұлт болса, солардың барлығын бір ғана атаумен түркілер деп
атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған. Түркі этнонимі қытай
жылнамаларында 542 жылдан белгілі. Ал түркілердің мемлекеттік дәрежеге
көтерілуі 552 жылдан басталады. Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара
теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VІ ғасырдың
жартысындағы Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Түрік
қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың ішінде
қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. тайпалар болды. Көне түркілердің зерттелу деңгейі.Көне түркілердің жазу деңгейлері
Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі
туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды Руна жазулары, яғни
скандинавия тілдерінен алғанда құпия, сыры ашылмаған таңбалар деп
атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор
тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.
117. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігі.

Еуразия мен Қазақстан жеріндегі көшпелі қоғамның даму эволюциясы туралы білесіңдер. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара тиімді байланыстардың жергілікті этностық негізде жүргендігі туралы танып білдіңдер.


Көшпелілердің тарихына арналған еңбектер XVIII ғасырдан бастап пайда болды. Оның көпшілігінде көшпелілердің саяси-әлеуметтік мәселелері қарастырылып, көшпелілер ешқашан таптық, қоғамға жетпеген, оларда мемлекет болмаған делінді. Ал мемлекеттің алғашқы нышандары бар деп есептеген зерттеушілер оны өте беделді тайпа көсемдерінің релімен байланыстырды.
Осындай мағынадағы еңбектер XIX—XX ғасырларда да жарық көрді. Дегенмен шетелдерде жарияланған еңбектердің көпшілігінде көшпелілерде мемлекет болғандығы мойындалды. Олар бірақ көшпелілердегі мемлекеттіктің және империялардың пайда болуын тек жаулап алушылықпен байланыстырды. Олардың ойынша, көшпелілердегі мемлекеттер сол қоғамның өз ішінде қалыптасқан өндірістік заңдылықтар арқылы емес, көшпелілердің отырықшы халықтарды жаулап алуы, солардан үйрену арқылы пайда болған дейді.
Көшпелілер өркениетінің құрамдас белігі болып табылатын қазақ мемлекетінің пайда болуы мен дамуының тарихы тереңде жатыр. Негізін Керей мен Жәнібек салған Қазақ хандыгы XV ғасырдың 60—70-жылдары құрылды. "Сонда Қазақстан аумағында оған дейін мемлекет болмаған ба?" деген заңды сұрақ туады. Жалпы, бұған дейінгі Қазақстан тарихнамасында XV ғасырдың екінші жартысынан XIX ғасырға дейін өмір сүрген Қазақ хандығы да мемлекет ретінде саналған жоқ. Тек "қыргыз- қайсақтардың үш ордасы" деп есептелді. Көшпелі қоғам рулық-тайпалық. бірлестіктерден ғана тұрады. Сондықтан "көшпелілер отырықшы-егінші елдер мен халықтарды жаулап алмайынша, өз мемлекетін құра алмайды" делінді. Бұл ұлыдержавалық көзқарас патша үкіметінің ресми өкілдері ғана емес, буржуазиялық тарихнама өкілдері тарапынан да қолдау тапты. Отарлық саясат патша үкіметінің "мәдениет пен өркениет" миссиялары туралы сөздерімен бүркемеленді. Патша шенеуніктері: "Қазақтар — жартылай жабайы, көшпелі халық", — десе, буржуазиялық тарихшылар: "Қазақтар — жартылай алғашқы қауымдық сатыда тұрған халық, оларда рулық құрылыс үстемдік етеді", — деген қорытынды жасады.
118. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы
Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады.
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы

119. Қазақстан Республикасында үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығы

•Дəл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын
қабылдадық.
Бұл 1997 жыл – кеңестік кезеңнен кейінгі бей-берекеттік түбегейлі еңсерілмеген,
дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны жəне басқа да кейбір нарықтарды сансыратқан
кезең болатын. Бізге де аса қиын соқты.
Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай,
шамшырақ сияқты біздің жолымызға сəуле шашып, алға басуға жігерлендірді.
1997 жыл естеріңізде ме?
Парламентте мен сөз сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу болды.
Көпшілік: «Бұл не – насихат па? Әлде аспаннан түскен нəрсе ме?» деп сауал қойып
жатты.
Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін.
Дегенмен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой.
Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды.
Жаңа елдің іргесін қалау керек болды.
Ол міндетті шешу үшін біз үш бірдей жаңғырту жүргізуге тиіс едік: мемлекеттің іргесін
қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, əлеуметтік мемлекеттің негіздерін
қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік жолымызды айқындауға тиіс едік.
Бұл жол "Қазақстан-2030" Стратегиясында белгіленген болатын. Бұл құжат
стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған, көзқарасымыздағы маңызды
серпіліс болды.
Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат – жетістіктің желкені». Орынды мақсаттар
ғана табысқа жеткізеді.
Бүгін дұрыс таңдау жасағанымыз туралы айту мен үшін үлкен абырой. 2008-2009
жылдардағы жаһандық дағдарыс осыны айғақтады.
Қазақстан оған төтеп берді. Дағдарыс жетістіктерімізді сетінете алған жоқ, бізді қуатты
ете түсті.
Біз таңдаған ел дамуының саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне сыртқы саяси үлгісі
өз тиімділігін дəлелдеді.

120. «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіндегі негізгі қағидаларын: соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамалары. Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.


ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр.
Соғыс вирусы алдағы жасанды интеллект төңірегіндегі жаңалықтарға кесел жұқтыруға дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдей еніп кеткен. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық қатынастарда жанжалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр. Әскери қақтығыстардың географиясы өткен екі әлемдік соғыстың – Еуропаның шығысындағы, Африканың солтүстігіндегі, Таяу Шығыстағы соғыстың іс-қимылдарының тарихи шегін қамтуда.
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Олардың терроршылардың қолына түсуі – уақыт өте келе әбден болуы мүмкін нәрсе.
Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы – осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр.

121. Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы (2017 жыл, 22-25 маусым). Д


Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.
1.ші Құрылтайы- 1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
2).ҚҰРЫЛТАЙЫ-2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты
3).ҚҰРЫЛТАЙ-2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.

122. 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінің қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі. 2017 жылдың 12 сәуірінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді. Бұл жаңғыруға қазақстандық қоғам қолдау көрсетті, аз ғана уақыт аралығында жалпы елімізде ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды.


Елбасының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы–бүгінде қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтитын, ұзақ және қысқамерзімді перспективадағы жан-жақты даму векторларын айқындайтын, ұлттық деңгейдегі және қазақстандық қоғам дамуының өзіндік идеалогиялық платформасына айналған мегажоба. Себебі, заманауи қазақстандық мәдениет, озық білім, ғылым және басқа да түрлі бағыттарды жетілдіруде, жалпы жаңа қазақстандық патриотизмді дамытуда едәуір серпіліс берген бірегей бағдарлама.
ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудың басты бағыттарын – бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы десек, күллі әлем өзгеріп жатқанда қоғамдық сананы жаңғыртудың ерекше маңызға және өзектілікке ие болуы заңды құбылыс. Жаһандық үрдістер айрықша жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды белсенді қолдануды талап етуде, сондай-ақ қалыпты өмір ағысы мен салтын өзгертуде, ұлттық құндылықтар заманауи элементтермен ассимиляцияға түсуде. Осы кезде ұлттығымызды сақтауда, алып мемлекеттердің көлеңкесінде қалып, жұтылмауда әрбір қазақстандық тұтас қоғамның прогресі үшін өзінің өмірлік стратегиясын бейімдеуге дайын болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет