12-дәріс. Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты. Ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды»


Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі40,29 Kb.
#123790
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
12 семинар
Тапсырма, 1569256168-TZhB-Geometriya-9-synyp, 1569256168-TZhB-Geometriya-9-synyp
3. Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы. Қазақстан - аса бай тарихты және ата-бабалардың мәдени мұрасын иеленуші. Барлық уақыттарда да адамзат үшін өзінің тарихын біліп, зерттеу өзекті мәселе болған. 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы ресми түрде аталып өтті. Бұл күнді атап өту салыстырмалы жас егемен еліміздің өміріндегі айтулы оқиға болды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде Президент: «...Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең... Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр» деп атап көрсеткен еді. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ этносы - Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы «Қазақ хандығы» деп аталды. Қазақ халқының мемлекеті ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін жетті. Өкінішке орай, Қазақ хандығы ұлттық сипаттағы мемлекет болса да, орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарға негізделген мемлекет еді. Мұндай мемлекеттер жаңа заманға сай қоғамдық қатынастарды жетілдіре алмады.
2014 жылы 11 қарашада Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы кең көлемде атап өтілетіндігін мәлімдеді. Ал, 2014 жылы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы» № 1448 қаулысы қабылданды. Онда «Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу - «батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін» жас ұрпақты мемлекетімізді құрметтеуде, отансүйгіштікке баулуда, «мемлекет» және «мен» деген ұғымды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз» деп атап өтілді.
2015 жылы 11-12 қыркүйек аралығында Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді. Салтанатты жиынға Әзірбайжан Республикасының Президенті И. Әлиев, Қырғызстан Республикасының Президенті А. Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері И. Йылмаз, және т.б. қатысты. Сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Қытай, Иран, Түркия, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдерден мыңнан аса қонақтар келді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Кеңес Одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алды. Сондықтан, жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үстіне Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады…Ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған осындай сұрқай саясаттың небәрі ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы дәл осындай болатын» дей келе, «Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды», - деді.
Ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, мемлекеттер пайда болды, бірақ олар өздерінің атауын көбінде билеуші әулеттердің есімімен байланысты атаса, Қазақ хандығы отанымыздың негізін қалап отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды. Бұл дерек - Қазақ халқының ежелгі заманнан елдік санасы ерте оянып, бірегей дара кескін-келбеті сомдалып, тарих толқынында ұранды ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, толысып қалыптасқандығын көрсетеді.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіне сүйеніп, Елбасы 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде болған тарихи оқиғалар жөнінде: «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айрылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұланғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады» деп атап көрсетті. «Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды.
Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді» деп тарихымыздың кезеңдеріне тоқталды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аталатын мемлекетіміз - ХV ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы. Кешегі Алаш зиялыларының өз өмірін арнаған асыл армандарының орындалғандығының көрінісі. «Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол - қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік - біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз.
Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын! Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз - солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз». Айта кетер жайт, Президент Н. Назарбаев Ұлытау сұхбатында: «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ» деген еді. Салтанатты жиында сол сөзінің жалғасы ретінде: «Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады» - деп түйіндеді Елбасы.
Аталған мерейтойды тойлау аясында, 2015 жылғы қазанның 9-ында Н.Назарбаев Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументінің ашылуы салтанатында қатысып, сонымен қатар, «Көне Тараз» мұражайында болды. Салтанат барысында Елбасы монументке гүл шоғын қойып, құттықтау сөз айтты. Ол қала халқын Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, Астанада басталып, Таразда жалғасқан мерекелік іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
«Тәуелсіздік жылдары ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен біздің ертедегі өткеніміз жайында мағлұматтарды зерттеп, жинау үшін экспедициялар ұйымдастырылды. Біздің тарихымыз сақтар мен ғұндардан, түріктерден бастау алып, Қазақ хандығының туы көтерілген Шу өзені жағалауларына хандарымыз Керей мен Жәнібектің қоныс аударуына ұласты. Біз осы мерекені тарихымыздың ерте кезеңдерден басталатынына күллі әлемге паш ету үшін, бұл жайында өсіп келе жатқан ұрпақтарымызға айту үшін өткізіп жатырмыз», - деді Президент өз сөзінде.
Қазақ хандығының 550 жылдығы - ол терең мағына алған, еліміз үшін аса маңызды оқиға. Оның аталып өтуі мемлекеттік сананың қайта оралуының тарихи сабақтастығын білдіреді және жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының елеулі тірегіне айналды. Ал бұл - біздің Мәңгілік Еліміздің бар екенін паш ететін көрсеткіш. Қазақ халқының қалыптасып, қазақ хандығының құрылғанына бес жарым ғасыр толып отыр, ал қазақ халқының ғасырларға кететін тарихы және ұлы қазақ хандарының саяси тарихы қазақстандық мемлекеттілік пен отаншылдықтың нығаюына септігін тигізетін болады.
Бүгінгі таңда ұлт тарихын ұлықтаудың теориялық-әдістемелік мәселелері, отандық деректану, тарихнама және зерттеу әдістері бойынша жүйелі жазылған қомақты еңбектердің тапшылығы тарих ғылымындағы кешенді ізденістерді зерделеуге бастайтын күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, аталған мәселелердің түйінін тарқату мақсатында Астана қаласында Ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Аталған жиынды ҚР Мемлекеттік хатшы М.М. Тәжиннің Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті проблемаларына арналды. Бұл жиылыс Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Мемлекеттік хатшы М.М. Тажиннің: «...Соңғы жылдары Елбасы Н.Ә. Назарбаев қалыптасқан мемлекетіміздің тарихын бүгіннен бастап қағазға түсіру, оны жүйелеп, зерделеу міндетін алға шығарды. Сол арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсаты көзделді. Еліміздің тарихи санасын қалыптастыру, ең алдымен күнделікті маңызды оқиғаларды хатқа тізіп, елдікті насихаттаудан басталады. Сондықтан бізге түсінікті тілде жазылған ұлттық тарих керек...» – деуінің өзінде үлкен мән бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет