19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


ХХ ғ. басындағы сыртқы саясат және Ирландия мәселесі



бет6/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

ХХ ғ. басындағы сыртқы саясат және Ирландия мәселесі. Англияның саяси өмірінде отаршылдық саясаттың рөлі ерекше болды. Бүкіл Африка арқылы солтүстігі Каирдан оңтүстігі Кейптаунға сдейін ағылшын иеліктерінің тұтас тізбегін жасауға тырысып, ағылшын өкіметі екі кішкентай оңтүстік-африкалық республика – Трансвааль және Оранжеваямен жанжалдасып қалды. Алтын мен алмас кендеріне бай бұл республикалардың халқы түбі голландықтардан шыққан ақ нәсілділер – бурлар болатын.

1899 жылы бурлар шекаралас отарларға орналасқан ағылшын әскерлеріне қарсы соғыс қимылдарын ашты. Екі жарым жылға созылған ағылшын-бур соғысы басталды. Бурлар Германияның, Англияның басқа да бәсекелестерінің көмегіне сүйенді, дүниежүзінің көптеген елдерінің қоғамдық пікірлері де олардың жағында болды. Олар асқан ерлікпен соғысты, бірақ екі жақтың күштері тең емес еді. Соғыс 1902 жылы бурлардың жеңілуімен аяқталды.

Кейбір отарлардың ақ нәсілді халықтарының мүддесін ескере отырып, Англия үкіметі оларға доминиондардың – Британ империясының өз парламенттері мен үкіметтері бар, өзін-өзі басқаратын бөліктерінің құқықтарын беруге шешім қабылдады. Австралия (1900), Жаңа Зеландия (1907), 1910 жылы Оңтүстік Африка Одағына біріккен бұрынғы бур республикалары доминиондарға айналды. Доминиондар метрополиялармен бірге империялық конференцияларға қатысатын болды.

ХХ ғ. басында Ирландиядағы жағдай шиеленісе түсті. Ағылшын парламенті гомрул (өзін-өзі басқару) туралы заң жобасын қабылдамай тастағаннан кейін, ирланд буржуазиясы мен зиялы қауымының ең радикалды бөлігі гомруль емес, Ирландияны толық азат етуге қол жеткізу қажет деген қорытынды жасады. 1908 ж. олар «шинн фейн» (ирландша «Біз өзіміз») деген партия құрып, ол өзінің басты мақсаттары ұлттық ирланд үкіметін құру, Ирландия экономикасын дамыту деп жариялады.

Жанжалдың етек алып кетуін қаламаған либералдар үкіметі 1912 жылы паарламентке гомруль туралы жаңа заң жобасын ұсынды. Ол ирланд парламентін және оның алдына жауапты жергілікті билік органдарын құруды, бірақ жоғарғы үкімет билігі ағышлын наместнигінің (вице-корольдің) қолында сақталуын көздеді.

Бұл шектеулерге қарамастан гомруль жобасы консерваторлар тарапынан күшті қарсылыққа ұшырады. 1912-1914 жж. қауымдар палатасы мақұлдаған заң жобасын лордтар палатасы екі рет қабылдамай тастады.

Әсіресе Ирландияның солтүстік бөлігі Ольстерден шыққан консерваторлар гомрульге қарсы шықты. өнеркәсібі күшті дамыған ирландияның бұл бөлігінің тұрғындары ирландықтар, ағылшындар және шотландықтар болатын. Католик дініндегі ирландықтардан өзгеше, протестанттар болып есептелетін ағылшындар мен шотландықтар тұрғындардың басым көпшілігін құрады. Ертеден Англиямен одақтасуды (уния) жақтаушы протестанттардың басшылары Ольстердің Ирландия парламентінің басқаруына көшуіне жол бермейтіндігін жариялады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда либералдар үкіметі ымыраға келді. 1914 жылы қыркүйекте қауымдар палатасы гомруль туралы заң жобасын үшінші рет мақұлдады. Ол заңға айналды, бірақ Ольстер оның әрекет аясына енбеді де, заңды іс жүзіне асыру соғыс аяқталғанша кейінге қалдырылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет