1920 жылдар қазақ әдебиеттануы және компаративистика. Әдеби мұраны зерттеудегі соны қадамдар



Дата13.10.2023
өлшемі19,23 Kb.
#185325
Байланысты:
1920 жылдар қазақ әдебиеттануы және компаративистика


1920 жылдар қазақ әдебиеттануы және компаративистика.

  1. Әдеби мұраны зерттеудегі соны қадамдар.

Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі қиын-қыстау жолындағы талқыдан өткен, әдеби-тарихи, әдеби-теориялық, сыншылдық-эстетикалық ой-пікірді өркендетуде білімі мен біліктілігі, ғылыми сауаттылығы мен табандылығы жоғары әдебиетші, сыншы ғалымдар шоғыры пайда болды. Олар өздерінің туып, қалыптасу кезеңін толық аяқтап, 1970 жылдан бастап даму кезеңіне қадам басқан Қазақ әдебиеттану ғылымының алдына заман тартқан күрделі де көкейтесті мәселелерді шешуге жұмыла кірісті. 1970 – 80 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстары маркстік-лениндік әдіснама ықпалында болса да ұлттық әдебиетті тарихи, теор. тұрғыдан тексеру жұмыстарында табысты қадамдар жасала бастады. Әдебиеттің тарихи бағыттары мен жекелеген жанр түрлерінің қазақ әдебиетінде өсіп-өркендеу жолдары моногр. тұрғыда жан-жақты сөз болып, теориялық мәнде нақтылы ғыл. тұжырымдар жасалынды. Әдебиет жанрлары, тегі мен түрлері: поэзия, проза, драматургия, роман, повесть, әңгіме, трагедия, комедия, юмор мен сатира арнайы зерттеу нысанасына айналды. 1990 жылдан бастап, тәуелсіздік пен еркіндік жағдайында кеңестік кезеңде кеткен қателіктер мен “ақтаңдақтар” қайта қарастырылып, жаңаша бажайлау жұмыстары жүргізілді. 21 ғасырларға қарай Қазақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетінің өткеніне шынайы баға бере алатын, бүгінгісіне әлемдік әдебиеттанумен салыстыра отырып, саралай алатын ғылым саласына айналды. Қысқаша айтқанда, Қазақ әдебиеттану ғылымы өзі пайда болғанға дейінгі тарихи алғышарттар кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта, негізінен мынадай нәтижелерге қол жеткізді: бүкіл түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеруден басталған сыншылдық-эстет., әдеби-тарихилық, әдеби-теориялық сипаттағы ізденістер ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір дәрежесіне дейін көтерілді; әдеби мұраның өте мол қоры жинақталды; қазақ фольклортану ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті, оның жазба әдебиетпен байланысы жан-жақты зерттеліп, түйінді тұжырымдар жасалды; қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі әдебиет тарихының көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығарм. мұрасы ғыл. тексеріліп, моногр. тұрғыда тұтас және толық қарастырылды.

2.«Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлердің анықталған саны 3 мыңнан асады. Демек біздің Алашты тану, Алашты зерттеу мәселесінде қаншалықты деңгейде жұтаң екенімізді осыдан шамалауға болады. Кейбір азаматтар «Алаш тақырыбы зерттелді, монографиялар аз емес» деп қарсы уәж айтуы мүмкін. Әйтсе де салыстырмалы түрде зерттеу әлі де болса аз екенін мойындауымыз керек. Мысалы, біз Алаш арыстарының сөзі мен мұрасын жинақтай алмасақ, баспасөзде не айтып, не қойғанын түгендеп хаттамасақ, онда біз Алашты қалай танимыз? Яғни, қайраткердің айналымда жүрген бірді-екілі мақаласымен немесе көпке таныс екі ауыз сөзімен оның болмысын анықтауға бола ма? Кейбір зерттеушілер өздеріне керекті дәйектерді ғана көшіріп алып, тұлға туралы сол үзінді пікірмен тұжырым жасайды. Бірақ ол сөз қандай контексте, не мәселе турасында және қандай жағдайда айтылды деген шарттарды ескере бермейді. Осының салдарынан Алаштану кейбір жағдайда әлі де болса көңіл көншітетіндей деңгейде емес. Бұл олқылықтың орнын толтыруға кемін бүтіндейін деп өзім 8 жылымды сарп етіп, 3 томнан тұратын Абдолла Байтасұлының еңбегін жинақтадым. Әртүрлі ескі басылымдардан тірнектеп жиылған бұл еңбекті біз жыл бұрын мемлекеттің «әлеуметтік маңызы бар әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасына ұсындық. Алайда қайраткердің мерейтойы болса да Байтасұлының бай мұрасы елеусіз қалды. Жанын елі үшін пида еткен, ұлттық мақсат жолында азап пен айдау көрген Алаштың арда азаматының үш томдығы жарық көрмеді. Бірақ біз бұл еңбектің бірінші томын кәсіпкер азаматтардың демеуімен жарыққа шығардық. Енді әлі де екі том еңбек өз сәтін күтіп қолжазба күйінде тұр. Сондай-ақ біздің алдағы екі жылдық жоспарымызда Иса Тоқтыбайұлы, Кәрім Жәленұлы, Мәннан Тұрғанбайұлы қатарлы Алаш қайраткерлерінің шығармалар жинағын шығару міндеті тұр. Бұл арыстардың да еңбегі жинақталып, беттелген күйі тұр. Оны да қолдаса мемлекет қаражатымен, болмаса жеке азаматтардың демеуімен шығарамыз. Сонымен бірге «Жүз оқулық» жобасы да алдағы сүйіншілі жаңалығымыздың бірі», – дейді жас ғалым Ұшқын Сәйдірахман.


3. Қазақ әдебиетінде бастапқы, негізгі орында тұрған поэзия жанры шамамен 1920 жылдардан бастап жетекшілік орнын прозаға бере бастады. Бейімбет Майлиннің, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мұхтар Әуезовтың, Сәкен Сейфулиннің, Қошке Кемеңгерұлының, Смағұл Сәдуақасұлының әңгімелері, повестері, романдары ендігі жерде қазақ сөз өнерінде прозалық жанрға кең жол ашылғандығын айғақтады. Прозаның осы даму қарқынын 1930-40 жылдары дүниеге келген Мұхтар Әуезовтың, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтың романдары айғақтай түсті.

1920 жылдардағы прозалық еңбектерді біз, негізінен алғанда, реализм туындылары деп жүргенімізбен олардың бірқатары натуралистік еңбектер болатын. Әдеби дамудың логикасы бойынша әсіре сезімшілдікке, жоғары пафосқа құрылған сентименталистік, романтикалық, символистік шығармалардан соң аралық ағым ретінде натуралистік шығармалар тумақ. Мұхтар Әуезовтың «Қыр суреттері», «Кешкі дөң басында», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», Жүсіпбек Аймауытовтың «Тұмарбай мен қатыны», «Боранды болжаған әулие», «Қара бақсы», «Жидебайдың баяндамасы», «Жапырақтар», «Кеп қолағашта...», «Көк өгіз», «Нағима», Қошке Кемеңгерұлының «Отаршылдық ұсқындары», «Қазақ әйелдері», Смағұл Сәдуақасұлының «Өркен», «Салмақбай, Мақамбет» әңгімелерінде, сондай-ақ, Жүсіпбек Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесі мен «Қартқожа» романында, Сәкен Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестерінде натуралистік қабат қалың. Өмір шындығын мейлінше тура, дәл суреттеу, кейіпкерлердің ішкі әлемінен гөрі тысқы әрекеттерін көрсетуге бейім тұру, сатиралық бояудың қалыңдығы – натурализм әдебиетіне тән. Бұл жоғарыда аталған шығармаларды реалистік тұғырдан түсіру емес, қайта сол шығармалардың шынайы болмысын көрсету. Ол шығармалар натуралистік болғаннан бағалары кеміп қалмайды. Бұл артықшылық та емес, кемшілік те емес, ерекшелік. Натурализм әдебиеті кез келген халықтың сөз өнерінде болған, сөйтіп, әдеби дамудың белгілі бір кезеңінде өзінің тарихи-әдеби миссиясын атқарған, тіпті ол көркем реализмнің тууына да жол ашқан, әрбірден соң өмірді нағыз реалистік тұрғыдан бейнелеуге келгенде, көркем реализм сияқты ірі де іргелі бейнелеу тәсілін дайындаған. Оның француз әдебиетіндегі көрнекті үлгісі – әйгілі Эмиль Золя романдары, орыс әдебиетіндегі жарқын мысалы – Николай Гоголь шығармалары. Қазақ әдебиетіндегі натуралистік ағым жөнінде арнайы пікір айтылатын уақыт келер, сол заманда 1920-30 жылдары қазақ прозасы натурализм жолынан өткендігі толық әрі шынайы түрде айтыларына сеніміміз мол.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет