1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға эвакуацияланған халықтар мен өндіріс орындары



бет124/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

80.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға эвакуацияланған халықтар мен өндіріс орындары.

1941-45 жылдардағы қанды майдан… Ол Қазақстан жерінен қашық болса да бізге соншалық жақын болды. Украина, Белоруссия республикаларында, Фин-Балтық жағалауында қанды майдан жүріп жатқанда Қазақстанның әрбір облысында, қаласында, өндіріс орындары мен ауылшаруашылығында, ауылы мен қыстауында, бригада, звено, цехтарында тылдағы майдан жүріп жатты. Себебі коммунистік жүйе мен фашистік тәртіптің өзара текетірес соғысы басталған күннен бастап Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның Орталық Комитеті, Қорғаныс комитеті алдын-ала жасалған жоспар жасап, Қазақстанды бірден майдан арсеналына айналдырып жіберді. Өйткені, олар Қазақстанның жерінің кеңдігін, табиғи ресурстары мол екенін ескерді. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен БК(б)П Орталық Комитетінің 1941 жылғы 16 тамыздағы қаулысы бойынша республиканың барлық шаруашылығы, өндіріс, құрылыс орындары мен экономикасы соғыс мүддесіне бағындырылды. Қазақстанға эвакуацияланған кәсіпорындар мен жаңа өнеркәсіп объектілерінің пайдалануға берілуіне орай жүк тоғысатын жаңа тораптар мен темір жол линиялары пайда болды. Өндіргіш күштерді орналастырумен жүк тасқынының өзгеруіне орай  жолдардың өткізу қабілетін арттыру жөніндегі жұмыс жүргізілді, екінші жолдар, қосымша разъездер, станция жолдары, жөндеу-өндірістік базалары салынды. Республика теміржол транспортының материалдық-техникалық базасы анағұрлым нығайды. Өндіріс орындарының және адамдардың басым көп бөлігі Уралға, Сібірге қарай, ал 1941 жылы бір бөлігі Волга бойына көшірілді. Волга бойына көшірілгендер келесі 1942 жылы немістер өз шабуылдарын осы бағытта жүргізгенде қайтадан эвакуациялануға мәжбүр болды. Қазақстанға 1941–1942 жылдары 300-ден астам завод көшірілді, олардың 142-сі ірі өндіріс орындары болды. Бұл заводтардың көбісі кейін Қазақстан жеріндегі ірі өндіріс орындарының негізін қалады. 1941–1942 жылдары Кеңес армиясы шегініп жатқанда Қазақстанға 532,5 мың адам КСРО-ның батыс аймақтарынан көшіріліп әкелінді. Бұған қоса көшіп келген заводтар мен фабрикалардың 50 мың маман-жұмысшылары мен инженер-техникалық қызметкерлері келді. Бұлардан бөлек Қазақстанға 970 мың адам күштеп көшірілгенін ескерсек, соғыстың алғашқы жылдары Қазақстандағы демографиялық жағдайдың қиын болғанын көруге болады. Ұлы Отан соғысына дейінгі жүргізілген соңғы 1939 жылғы санақ мәліметтері бойынша Қазақстанда 6 151 102 адам тұрған. Олардың 120 395 адамы Ұлы Отан соғысына дейін күштеп қоныс аударылғандар болды. Бұл кезде Қызылорда облысында 328 067 тұрғын болса олардың 94 593 қала және 233 474 ауыл тұрғыны болған. 1941 жылдың 8 шілдесінде Қызылорда облысында қарамағына 1300 адам сиятын 10 жатақхана берілген эвакуациялық пункт құрылды. Эвакуациялық пункт ұжымына келгендерді қабылдап, санитарлық тазалаудан өткізіп, жұмысқа тұрғанша жатақханамен қамтамасыз ету жұмысы тапсырылды. 1941 жылдың 23 шілдесінде эвакуацияланғандар туралы мәлімет беретін анықтама бюросы ашылды және эвакуацияланғандардың көп болуына байланысты облыстағы эвакуацияланғандарды тіркеп, орналастырып жұмысқа тұрғызу жұмысымен айналысатын облыстық кеңестің атқару комитеті жанынан эвакуацияланған халықты қабылдау бөлім құрылды.Эвакуациаланғандардың көбісі жолға көп жағдайда дайындықсыз шыққандықтан олардың ішінде Қызылорда облысына келгенде аштыққа душар болғандар көп болды. Солар үшін бір мезетте 600 адам тамақтанатын асханалар ашылды. Бұл жерде эвакуациаланғандар жұмысқа орналасып қоныстарын ауыстырғанша тамақтанып тұрды. 1941 жылдың шілде айынан бастап Қазақстанға эвакуацияланғандар келе бастады. 1941 жылғы 5 тамыздағы эвакуациялық бөлімнің мәліметі бойынша облысқа 1273 адам келген.

Эвакуацияланғандар саны 1942 жылдың басына дейін өсіп отырды. Қызылорда облысы бойынша эвакуациялық бөлімі мәліметі бойынша 1942 жылдың 7, ақпанына дейін Қызылордаға келіп қоныстанған эвакуацияланғандар саны 30062 адамды құраған [7,8 п.]. Қызылорда облысы халқының саны бас аяғы 7 айдың ішінде 10 пайызға көбейген. Мұншама адамды орналастыру, тамақ тауып беру, жұмыспен қамтамасыз ету үлкен қиындықтар туғызды. Эвакуацияланғандардың 58 пайызы еңбекке қабілетті жаста болса, ер азаматтар үшін 16 жастан 59 жасқа дейін, әйелдер үшін 16 жастан 54 жасқа дейін, 42 пайызы еңбекке қабілетті жасқа дейінгілер я зейнеткерлер болды.


 Эвакуацияланғандардың ұлты Эвакуацияланған адамдар саны:

  • Еврейлер 14521

  • Орыстар 9198

  • Украиндар 4613

  • Белорустар 850

  • Татарлар 261

  • Поляктар 189

  • Эстондар 159

  • Литвалықтар 114

  • Басқа халықтар 157



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   139




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет