1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


-1938 жж. Қазақстандағы «Үлкен террор» және оның салдарлары



бет20/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)
15.1937-1938 жж. Қазақстандағы «Үлкен террор» және оның салдарлары.

Репрессия саясатының кең ауқымдылығын түсіну үшін “Үлкен террор” кезіндегі 1937 жылғы ақпан-наурыз пленумында келтірілген баяндамаға назар аудару керек. Онда “басқа державалардың ішінде КСРО жалғыз социализм құрылысындағы мемлекет, шетелдік мемлекеттер, оның ішінде Финляндия, Балтық елдері, Польша, Румыния, Түркия, Жапония елдері Франция және Ұлыбритания елдерінің көмегімен КСРО-дағы социализм құрылысына тосқауыл болуы үшін шпиондар мен диверсант әскерлерін КСРО-ға енгізеді” деген оймен контексте “басқа әлеммен қарым-қатынас жасағандарға, қуғындау ісі жүргізілді” делінген. Сондықтан “басқа әлеммен” байланыста болған шпиондарды қудалау науқанының басталуы ғажап емес. Оның саяси мәнінде мынаны айтуға болады. Алашорда зиялылары қазақ елін отарлық езгіден азат ету, қазақ қоғамын орта ғасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтікэкономикалық және мәдени даму жолына шығаруды мақсат етіп қойды. Олар біртұтас халықтық мүддені көздеді. Кеңестік кезеңдегі “ұлтшылдар” атанған ұлттық бағыттың заңды жалғастырушылары болды. Бұл үрдіс келе-келе әміршіл-әкімшіл жүйенің туындауымен үзіліп, тәуелсіздігімізді жариялауға, дербестік ұмтылыс жасау тұрмақ, емеурін білдіруге де болмайтын, төрешіл де тегеурінді мемлекет ішінде “кіші іні” ретінде өмір сүруге алып келді. [1]. Бұл жағдай Қазақстанның өзін-өзі билеуіне бөгет қойды, ғасыр басындағы ұлт зиялыларының ізгі арманы ХХ ғасырдың аяқ кезінде Одақтық мемлекеттің күйреуі нәтижесінде ғана ақиқатқа айналды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпына, салт-санасына, тұрмыс-тіршілігіне, ең бастысы тілі мен дініне соққы болып тиді. Бір халықтың маңдайына біткен жұлдыздарын елім, жұртым деген арыстарын содырлы саясаттың сойылымен соғып, есеңгіретіп отыруын не деуге болады? Оны тек қана өздерін дәріптеп, өзгені көзге ілмеген шовинизм сырқатыКеңес өкіметінің Қазақстанда жүргізген кеңестендіру, тап ретінде байларды жою, жаппай отырықшылықтандыру мен ұжымдастыру саясаты сол кездегі аласапыран тұста жергілікті халықты күйзелтіп, бей-берекетін шығарды. Аса жауапты және күрделі мәселені шешуге ұлттық зиялылардың ұстанған бағыты, ұлттық мүддені қорғауға бағытталған табиғи әрекеттері “ұлтшылдық” есебінде бағаланды. ХХ ғасырдың 20-30-жылдардағы репрессиялау науқанында назар аударарлық жағдай – сол кезеңдегі қаулы-қарарларды мерзімді баспасөз беттерінде әр түрлі “шылдықтар”. Ф.Голощекин қазақ зиялыларына “сәдуақасовшылдық,” “қожановшылдық,” “рысқұловшылдық,” “сейфуллиншілдік” тағы басқа “шылдықтар” атын туғызды, оның ұлттық билік басындағы бетке шығарларын қуғындау үшін ойлап тапқан амалы екеніне көзіміз жетіп отыр. Сондай-ақ, осы тұстағы баспасөз бетіндегі көптеген авторлардың мақалаларындағы пайымдаулары нақтылы құжаттар емес, олардың ойдан шығарған жасанды тұжырымдары “Ф.Голощекин және оның төңірегіне топтасқан партия белсенділерінің “шылдықтарды” ойлап тауып, жікшілдік ауруын жасанды түрде қоздырудағы мақсаты: ұлт зиялыларының, жалпы ұлттың позициясын әлсірету әрекеті болатын [2]. ХХ ғасырдың басындағы Алашорда зиялылары, Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі коммунистік партия қатарында болып, “ұлтшыл,” “оңшыл” атанған ұлттық зиялылар қазақ халқы мүддесі, ізгілік пен әділеттіліктен өзгені мақсат етіп қойған жоқ. Оған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Т.Рысқұлов іспеттес біртуар дарындардың шығармалары білім мен танымның асыл қазынасы болып табылатыны дәлел ның сырынан іздеу керек. Сол жылдары адамдар бойындағы тек қана адамзатқа ғана лайықты сапақасиеттерді азайту қуғын-сүргін саясатымен қатар жүрді. Жазылған “домалақ арыздар” сол кезеңнің ақиқатын қазіргі күні көрсеткендей. Қудалау, нақақтан жала жабу қоғамдық өмірдің барлық саласынан көрініс табатын, тіпті үйреншікті деп атауға болатын құбылысқа айналды. Қылмыстық өмірден алу себебін тексерудің орнына “зиянкестер” саны көбейтілді. Ал адамдарды тұлғалық қасиетінен айырып “меншігіне қол сұғуға” итермелеген мемлекеттің өзі болатын. Ақ-қарасын айырмай жалпылама айып тағу жоғарыдан жасалғандықтан өрескел заңсыздықтар өмірден орын алып, сансыз “пайымдаулар” дәлел ретінде қылмыстық істерге тіркеле бастады. Ал ұрып қорқыту, моральдық-психологиялық қысым жасау да репрессияға ұшырағандар санын көбейтті. Түрмелерде жатқан әйелдерге мән берілмей, олардың аты-жөндері де дұрыс сұралмаған. Қазақ қоғамының дәстүрлі дамуын күйретуге бағытталған қуғын-сүргін саясатына ер азаматтармен бірге әйел-аналар да азды-көпті дәрежеде қудаланды. Мәселе олардың санында емес. Қуғын көрген бір тағдыр, бір адамның жан азабы оның төңірегіндегілерге, отбасы мүшелері мен туматуыстарына қаншама қайғы-қасірет әкелді. Оның бәрі сөзбен айтып жеткізетін оңай нәрсе емес. Себебі, ол адам тағдыры. Біздерге сталиндік саяси қуғынсүргінге ұшырағандар есебі сол кезеңнің қылмысын ашып, оның ауқымы мен ақиқатын тануға көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен құндылықтар легі ұлттың ұйтқысы, ұлттық рухтың кепілі. Сондықтан да отбасының шырқын бұзу саясаты ұлттың рухын төмендетіп, ел бірлігіне нұқсан келтіретіндігін кім де болса мойындайтыны анық. Кеңестік тоталитарлық мемлекет құлағанымен оның кейбір қалдықтарының әлі күнге дейін сақталуы заңды құбылыс. Себебі, жүйені өзгерткенмен, оның адам санасына сіңіп, бойында қалыптасқан элементтерін, әсіресе құлдық психологияны жою үшін біраз уақыт керек. Әсіресе, әлі күнге арамызда кездесетін құлдық психологиядан арылуымыз керек Әрине заңсыздықтар, әділетсіздіктер мен басынушылық мәңгі тұра бермейді. 1950-ші жылдардағы түбегейлі өзгеріс мемлекеттің бұл ісіне араласпай қойған жоқ. Ақырындап жазықсыз жазаланғандарға тағылған айыптарды қайта қарау процесстері мен ақтау процесстері басталды. Лагерьлердегі адамдарды босату және атылғандарды ақтау істері қолға алынды. Иә, қалай десек те, қасірет көлемі аз емес және КСРО құрамындағы Қазақстан сияқты отар елге ол үлкен соққы болып тиді. Бір жағынан орталықтағыдай партияны “тазалау”, экономика саласындағы кемшіліктерді “халық жауларынан” іздеу саясаты қолданылса, екінші жағынан ҚазССР РСФСР-дің құрамындағы мемлекет ретінде отарлау саясатының жалғасын көрді. Бұл жылдары сталиндік қуғын-сүргін қоғамның көп бөлігін тіптен, барлық әлеуметтік топты қамтыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   139




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет