1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


«Әскери коммунизм» саясаты және Жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу



бет4/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)
3.«Әскери коммунизм» саясаты және Жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу.

Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.

«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.

Әскери коммунизм саясатының белгілері:



  • Азық-түлік салғырты

  • Жеке саудаға тыйым салу

  • Азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету

  • Өнеркәсіптерді мемлекет меншігіне көшіру

  • Еңбек міндеткерлігі

  • Басқаруды орталықтандыру

  • Бірыңғай мемлекеттік бюджет

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты кезіндегі халықтың әрекеті.

  • ¯  Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аудандарында астық дайындалды

  • ¯  Қостанай уезінен   6млн. пұт астық жиналды

  • ¯  Қарғалы шұға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады

  • ¯  Майдан апталықтары өткізіліп,  астық, киім-кешек жиналды

  • ¯  1920жылы Атыраудан  Ресейге 600 мың пұт мұнай әкетілді.

  • ¯  Семейде 500жұмысшы сенбілік ұйымдастырып , паравоздарды тегін жөндеуден өткізді

  • ¯  1919 ж.желтоқсан-Александров-Гай-Ембі темір жол желісі салынды

  • ¯  Петропавл-Көкшетау темір жол желісі салынды

Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.

Өнеркәсіптегі өзгерістер:

Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.


  1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.

Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.

  1. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.

  2. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.

Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.

Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:



  • Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)

  • Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.

  • Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.

  • 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.

  • Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.

  • Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.

  • Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.

  • Жерді жалға беруге рұқсат берілді.

  • Несие берілетін болды.

  • «Қосшы Одағы» құрылды.

  • 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.

Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет