1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Арал экологиялық трагедиясының салдарлары



бет93/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)
Арал экологиялық трагедиясының салдарлары.

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болатұғын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Арал апатына себеп болған факторлар:


  1. жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

  2. ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

  3. суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

  4. жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

  5. табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Теңізді құтқарудағы болжамдар.

Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Солтүстік Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Солтүстік Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:



  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

  5. Жер асты суларын пайдалану.

  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   139




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет