1.Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы


Бірінші дүниежүзілік соғыс және жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі



бет2/3
Дата21.02.2022
өлшемі30,73 Kb.
#132716
1   2   3
Байланысты:
современная история Казахстана
Кәсіпкерлік, 11 сын жмб БЖБ 4- тоқсан
3. Бірінші дүниежүзілік соғыс және жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі 
Бірінші дүние жүзілік соғыс.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):
Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).
Антанта (Англия, Франция, Россия).
Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.
Соғыстың себептері:
Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.
Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.
Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.
Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:
1.40899244 пут мақта
2. 38 мың шаршы аршын киіз 
3. 3 млн. пут мақта майы 
4. 229 мың пут сабын 
5. 300 мың пут ет
6. 473928 пут балық 
7. 70 мың жылқы
8. 12797 түйе алынды 
9. 14 мың киіз үй салынды 
Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.
Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы
6. Орыстандыру саясаты.
Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:
1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 
2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 
3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.
Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:
1. Жетісуда – Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков. 
2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов. 
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 
4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. 
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет