1.Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі мәдени үдерістер



бет3/4
Дата21.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#104605
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ 10

Кино өнері

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда «Катарис» киностудиясы пайда болды (директоры Максим Смағұлов): 1990 жылы түсірілген бес фильмнің үшеуі осы киностудияла жасалды. Алайда сол кезде Қазақстанда киноға қатысты заңдық база болмағандықтан, меценаттар құйған ақшаға жоғары салық салынды, нәтижесінде Смағұловтың ізін кешкен көптеген жеке киностудиялар жабылып қалды.

«Қазақфильм» мемлекеттік киностудиясы бұл кезеңде тарихи тақырыптағы фильмдерге көп көңіл бөлді: «Отырар опаты», «Әбілқайыр хан», «Абай», «Жас Жамбыл» сынды тарихи фильмдер шықты. Алайда елдегі кинопрокат жүйесінің дұрыс жолға қойылмауына байланысты қазақстандық көрермендер бұл фильмдерді тамашалай алмады. Ал кино сыншылары «Қазақфильмді» негізгі жұмыстың фестивальдік киноға бағыттап жатыр деп сынады. Абай Қарпықов, Бақыт Килібаев, Александр Баранов сынды режиссерлер Ресейге, ал Серік Апрымов АҚШ көшіп кетті.

1998 жылы қазақстандық кино дамуында айтарлықтай өзгерістер болды. 1999 жылдан бастап «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен жыл сайын «Жаңаша қараймыз» атты жастар киносының фестивалі өтіп бастады. Бұл фестивальде Алматы театр және кино институтының студенттері мен түлектерінің жұмыстары көрсетіді. 2000-жылдары республикада кинотеатрлар құрылысы басталып, 2005 жылдан бастап олар ашыла бастады: 2009 жылы елде 129 кинозал болса, 2010 жылдың аяғында олардың саны 196-ға жетті. 2005 жылы отандық кино тарихында өзіндік ерекше орынға ие болған Көшпенділер фильмі жарық көрді. 2007 жылы шыққан «Рэкетир» фильмі үлкен аудитория жинап, халық ықыласына ие болды. Қазіргі таңда Қазақстан кинематографы жылына 12-15 фильмнен түсіруде.

Қазақстандық кино тарихында тұңғыш рет «Кореядағы қазақтардағы бизнес» фильмі бір миллиард теңгенің кассасын жинады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет