1.Қазақстан тарих толқынында


Егемен Қазақстан - қазақ халқының ғасырлық мемлекеттілігінің тарихи мұрагері



бет3/56
Дата09.05.2020
өлшемі118,06 Kb.
#66752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Модернизация шпор

3.Егемен Қазақстан - қазақ халқының ғасырлық мемлекеттілігінің тарихи мұрагері.3,5 ғасырдан аса тарихы болған Қазақ хандығы, біріншіден, б.з.д. І мыңжылдықтың басынан — б.э. ІІ мыңжылдығының ортасына дейін Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттердің заңды жалғасы, мұрагері болса, екіншіден, ХV ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың І ширегі аралығындағы қазақ халқының ұлттық сипатта қалыптасқан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Қазақ хандығын Орталық Азиядағы түңғыш ұлттық мемлекет деп ерекше атап.Қазақ хандығының тарихындағы аса маңызды және күрделі әрі аса қызықты тақырыптардың біріне хандықтың құрылуы тақырыбы жатады. Тақырыптыңмаңыздылығынаоның тарих төріне қазақ халқының ұлттық мемлекет ретінде шығуы, ал күрделілігіне — оның құрылуы, тек ішкі саяси факторлардың ғана емес, сонымен бірге сыртқы саяси факторлардың, этникалық дамулардың, рухани дамулардың нәтижесі болуы жатады. Тақырыптың тағы бір маңызды жағы — хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы 2,5 мыңжылдай уақытқа созылған этноүрдіс өзінің мәресіне жетіп, ұлттық сипатқа ие болады да, қазақ халқының қалыптасуының аяқталуымен бір кезеңде жүзеге асады. «Қазақ" атауы осы кезеңде этникалық мәнге ие болып, ол этностың мемлекеттілігі атауына да беріледі. Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен жүзеге асқан бұл маңызды оқиғаны орта ғасырлық Қазақстан тарихында Түрік қағанатының, Қыпшақ хандығының құрылуымен салыстыруға болады. VІ ғасыр ортасында Түрік қағанатының құрылуы — Қазақстан тарихындағы ХІ-ХІІІ ғасырдың басы аралығын — Қыпшақ дәуірі деп аталатын тарихи дәуірге жатқызады. Ал Қазақ хандығының құрылуымен XV ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан территориясында жаңа тарихи дәуір басталады. Ол — Қазақ хандығы дәуірі. XV — XVІІІ ғасырлар аралығын қамтыған Қазақ хандығы дәуірі Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Осы дәуірде ұлттық сана өсіп, халықтың өзіндік, өзіне тән ерекшеліктері айқындалады. Халқымыздың тарихи санасында өшпестей із қалдырған атақты хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, бектер мен әмірлер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен абыздар осы тарихи дәуірде өмір сүрді., Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, ол — этникалық дамуларды халықтық деңгейге жеткізді, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуына ықпалын тигізді, «қазақ" атты нақты этнонимді, «Қазақстан» атты жаңа этносаяси терминді дүниеге алып келді, Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің басталуына негіз салды деп санаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет