1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарих


Қазіргі кезеңдегі мәдени үрдістер: жетістіктер мен қиындықтар



бет21/52
Дата19.05.2020
өлшемі267,61 Kb.
#69549
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Байланысты:
Сессия Тарих №5 27.05.2020 11.00-11.50
animals lp
57. Қазіргі кезеңдегі мәдени үрдістер: жетістіктер мен қиындықтар.

Қазақстандағы заманауи мәдени үрдістер көпқырлы және әр алуан. Оны қазіргі таңда дамып келе жатқан өнердің барлық түрлері мен жанрларын қоса, мәдениеттің, ғылымның, білім берудің әр түрлі салаларын қамтитын түбегейлі өзгерістерді, инновациялар мен өзгертулердің кең шеңбері ретінде түсінуге болады. Білім беру, мәдениет және ғылым идеологиялық догмалар мен стереотиптерден босап, өзін-өзі дамытуға кең кеңістікке ие болды. Мазмұнның жаңа тәсілдері рухани өмірдегі бір ізділік пен үлгіге салушылықты жоюға мүмкіндік береді. Тарихи жағдайлар кешеніне байланысты Қазақстан көп этносты қоғам болып табылады. Сол себепті мұндай мәдени үрдіс ұлттық мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалымен байланысты құбылыстарды таңдайды. Бұл жағдайда, Қазақстанда әлеуметтік дамудың басқа ешқандай саласында көрініс таппаған ұлттық мәдениет дербес, «таза түрде» деуге боларлық түрде, басқа ұлттардың ең жақсысын сіңіре отырып көрінеді. Сонымен бір мезгілде қазақстандық қоғамдағы мәдени үрдістер елдің географиялық масштабының ұлттық мәдениетімен шектелмейді. Қазақстан аумағында орын алып отырған алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық үрдістер мен өзгерістердің арқасында, адамзаттың рухани мұрасының ең таңдаулысын бойға сіңіруге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай қалыптасты.

Егеменді Қазақстан мәдениетінің қалыптасуы көптеген қиындықтар мен қарама-қайшылықты бастан кешірді. Жолдың басталуына жоспарлы экономиканы өндіріс көлемінің құлдырауымен қатарласа жүрген нарықтық қатынастар арнасына көшіру «мәдениет, халыққа білім беру және ғылым мекемелерін материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз етуде елеулі қиындық туғызды.

Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет тек Қазақстан егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өзін-өзі дамыту үшін ауқымды кеңістікке шықты.

Қазіргі кезде осы заманғы білім беру аясында шынайы нарықтық қатынастардың орнығуы байқалады. Білім беру саласындағы қазіргі заманғы реформаларға орай Білім және ғылым министрлігі желісі бойынша оқу орындарын тіркеу, аттестаттау және сараптау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Оқу-білім барысының сапасын жақсарту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру осы іс-шаралардың мақсаты болып табылады. Жоғары оқу орындар заман талап ететін мамандықтарды ашуға көшті. Президенттің жарлықтарына орай Қазақстанда 1997 жыл – «Ұлтаралық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»; 1998 жыл – «Халықтардың бірлігі және ұлттық тарих жылы»; 1999 жыл – «Ұрпақтардың бірлігі және сабақтастығы ұлттық тарих жылы»; 2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы»; 2001 жыл – «Қазақстан Республикасы егемендігі мен тәуелсіздігінің 10 жылдығы» деп жарияланды.

Егеменді мемлекеттің қоғамдық ғылым саласындағы алғашқы қадамдары қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды және сталинизм құрбандарын ақтауға бағытталды..

1995 жылы республиканың шығармашылық зиялы қауымының бастамасымен қоғамдық ұйым – Мәдениетті қолдау ұлттық қоры құрылды. Оның құрметті төрағасы болып ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды.

Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан арман-тілегі бір көптеген түрлі ұлт өкілдерінің Отанына айналды. Бірге тұрып жатқан халықтардың тарихи қалыптасқан рухани байланысы Қазақстан Республикасында ұлттық келісімнің негізін қалады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығына сәйкес мемлекет басшысы жанындағы кеңесу-мәмілесу органы ретінде құрылды. Қазір республикада жұмыс істейтін және Қазақстан халқы Ассамблеясына біріккен ұлттық-мәдени орталықтар еліміздің ұлттық мәдениетінің дамуына жан-жақты жәрдемдесуде. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – 27 республикалық және аймақтық, 250-ден астам жергілікті ұлттық-мәдени орталықтарды біріктіретін ұлттық саясатты жүзеге асыратын бірегей қоғамдық институт. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет