1.Қазіргі өркениеттің глобалдық мəселелері



бет5/5
Дата04.01.2022
өлшемі42,64 Kb.
#108905
1   2   3   4   5
Байланысты:
философия 28,29

Постмодернизм модернизм өз кезеңін аяқтаған кезде (көптеген ғалымдардың көрсетуінше, ХХ ғасырдың ІІ жартысы) оған қарсы бағытта тарих сахнасына шыққан ағым. «Постмодернизм» ұғымы ХХ ғасырдың соңындағы мəдениеттің əр түрлі салаларында көпмағыналығымен байланыстырылады. Бұл термин де басқа терминдер сияқты өзіндік пайда болу, даму жəне қолданылу тарихына ие.

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының екінші жартысында батыс əлемі жаңа болашақ қоғамның бағыт-бағдарына назар аударды. Сондықтан да постмодернизм теорияшылары өз назарларын қазіргі заман жағдайындағы адам мен қоғам мəселесіне, əсіресе біздің күрделі қоғамның қарқынды даму динамикасының ырғағында ерекше мəнге ие болатын «интерперсоналды» түсінуге əрекет етті. Аталмыш кезеңдегі «постмодернизм» ұғымы тез өзгеретін əлемнің, сондай-ақ сол уақыттағы қоғамдық өзгерістерді іске асырған ағым болды. Постмодерннің қалыптасуы өнердегі жаңа ағымдардың пайда болуымен ғана емес, қоғамдағы əлеуметтік-саяси процестерге де байланысты еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет